Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет17/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   189
bilimdi akparattandyru

Білімді ақпараттандыру оқыту мен тəрбиелеудің психоло-
гиялық-педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім саласын-
да мағлұматтардың (білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын 
қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпаратты жинақтау, сақтау 
жəне тарату технологиялары мен құралдарын қолдануға бағытталған 
адамзат қызметінің ғылыми-практикалық саласын білдіреді. 
Ақпаратық технологияларды қазіргі білім жүйесінің əр түрлі са-
ласына ендіру барынша ауқымды жəне кешенді сипат алуда. 
Білімді ақпараттандырудың екі стратегиялық мақсатқа жетуді 
қамтамасыз ететіндігін еске сақтау маңызды. Біріншісі, ақпараттық 
жəне телекомуникациялық технологияларды пайдалану негізінде 
білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттырудан тұрса, ал 
екіншісі, ақпараттық қоғам талаптарына сай, ойлауы жаңа түрдегі 
мамандарды дайындаудың сапасын арттырудан тұрады. 


27
Тарихи тұрғыдан білімді ақпараттандыру екі негізгі бағытта – 
басқарылатын жəне басқарылмайтын бағытта жүзеге асырылады.
Басқарылатын білімді ақпараттандыру ұйымдастырылған 
үдеріс сипатты болып, материалдық ресурстармен сүйемелденеді. 
Оның негізін көпшілікпен мойындалып негізделген тұжырымдар 
мен программалар құрайды. 
Басқарылмайтын білімді ақпараттандыру білім жүйесінің 
қызметкерлерінің бастамасымен төменнен жүзеге асырылып, білім 
қызметінің жəне пəндік облыстардың ең көкейкесті салаларын 
қамтиды.
Білімді ақпараттандыру, білімді ақпараттандыру құралдары 
деп аталатын, арнайы жасалынған компьютерлік аппараттық жəне 
программалық құралдарды қолданусыз іс жүзінде мүмкін емес.
Білімді ақпараттандыру құралдары деп компьютерлік 
аппараттық жəне программалық жабдықтарды, сонымен қоса, 
білімді ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін пайдалынатын 
олардың мазмұндық толықтырмасын айтады.
Тек қана білімді ақпарататтандыру құралдарын пайдалану 
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды білім беру 
саласында толыққанды қолдану үшін жеткіліксіз. Іс жүзінде мұндай 
құралдар білімді ақпараттандырудың идеологиялық негізімен, со-
нымен қоса, ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін қатысулары 
қажетті əр түрлі білімдер саласы мамандарының қызметімен міндетті 
түрде толықтырылуы тиіс.
Білімді ақпараттандыру, оның іске асырылу бағытына тəуелсіз, 
бүкіл білім жүйесінің қызмет етуіне, асыра айтылды демей, сонымен 
қоса, бүкіл қоғам өміріне де бүтіндей əсер ететін адам қызметінің 
кең, көп қырлы саласы болып табылады.
Білімді ақпараттандыру дəстүрлі информатика оқу курсын, 
басқа пəндерді оқытуда қолданылатын ақпараттандыру əдістерін, 
технологиялары мен құралдарын қайта қарастыруды талап етеді. 
Информатиканың əдістері мен құралдары көмегімен болашақ ма-
ман қандай ақпараттық ресурстар, олар қай жерде бар, оларға кіру 
мүмкіндігі қалай жəне оларды өзінің кəсіби қызметінің тиімділігін 
арттыру мақсаттарына қалай пайдалануына болады деген сұрақтарға 
жауап алуды үйренуі тиіс. 
Əр мектептің, жеке алынған университеттің, колледж бен 
институт қызметін ақпараттандыру өзінше ерекше мəселе болып та-
былады.


28
Нақты оқу орнын ақпараттандыру қазіргі білім беру мекемесі 
қызметінің түгелдей барлық түрлеріндегі ақпаратты өңдеу 
тиімділігін арттыру үшін ақпараттық технологиялар құралдарын 
қолдануға бағытталған шаралар кешенінен тұрады.
Өкінішке орай, білімді ақпараттандыру ретінде көбінесе 
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды оқу 
үдерісіне ендіру түсініледі. Бұл, шын мəнінде, мамандар дайындаудың 
сапасын арттыруға айқын əсер ететін білімді ақпараттандырудың 
маңызды бағыты. Бірақ білімді ақпараттандыруды зерттей оты-
рып, оқу үдерісінің өзі негізгі бола тұра, қазіргі кезде əр түрлі 
ақпараттық технологиялардың жаппай ендірілуі жүріп жатқан білім 
беру мекемесі қызметінің жалғыз ғана саласы еместігін түсіну 
маңызды. Дербес жағдайда, білімді ақпараттандырудың ерекше 
тəсілдері мен құралдары оқыту нəтижелерін бақылау мен өлшеуді 
ақпараттандыру кезінде қажет. Осыған орай, мамандар квалифи-
кациясын анықтауға, жоғары оқу орнының студенттер котингентін 
іріктеп қалыптастыруға байланысты үдерістердің бəрінен де көп 
ақпараттандырылғанын ескерген жөн. Ғылыми жəне ғылыми-
əдістемелік зерттеулер жүргізу, іс жүзінде, əр оқу орны қызметінің 
бөлінбес бөлігі болып табылады. Ақпараттық жəне телқатынастық 
технологияларды пайдалану, олардың деңгейін тек сапалы түрде 
көтеріп қана қоймай, сонымен қатар бітірушілер кəсіпкерлігінің 
артуына да əсер ететіндігі баршаға мəлім. Ақпараттық технология-
лар мектеп оқушылары мен студенттердің сабақтан тыс қызметінің 
тиімділігін елеулі арттыруға да бейім. Педагогтар мен оқушылар 
жағынан дəстүрлі жағдайда тиісті көңіл аударыла қоймаған бұл сала 
толыққанды білімді ақпараттандыру жағдайында өте жиі алға шыға 
бастады. 
Оқу орындарының көбісі білім қызметінің əр түрлі бағыттарын 
басқаруды ұйымдастыруда көңіл қоюды талап ететін қиындықтарға 
кездесуде. Бұл, мектеп пен жоғары оқу орындарының педагогтары мен 
əкімшіліктерінің уақыты тапшылығынан, артық жүктелуінен, білім 
саласында нормалық-құқылық базаның жиі өзгеруінен, ақпаратпен 
бір орталықтан қамтамасыз етудің жоқтығынан, мамандықтар 
номенклатурасының кеңеюінен, өзінің жоспарлау-қаржы қызметін 
ендіру қажеттігінен, оқу орындарына жоғары дəрежелі мамандығы 
бар мамандарды тарту күрделілігінен жəне т.т. туындаған. 
Ақпараттық технологияларды пайдалану əкімшілік қызметтің 
жақсаруына, басқарудағы жəне ғылыми зерттеулерді қолдауға, 


29
оқу үдерісі шеңберін кеңейтуге, оқушылардың дербес қызметінің 
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл кездейсоқ емес, 
өйткені оқу үдерсін басқару процедурасы (оқу жұмыстарын орын-
дауды жоспарлау, ұйымдастыру, есепке алу, оқу үдерісінің сапа-
сы мен тиімділігін талдау) көп еңбек сіңіруді қажет етудің жоғары 
дəрежесімен, біртектес іс-əрекеттердің қайталанатындығымен, 
ақпараттың үлкен көлемімен, қате жіберу қауіпінің жоғары 
дəрежесімен ерекшеленеді. 
Білімді ақпараттандыру ақпараттық жəне телекомуникациялық 
технологиялардың білім мақсатындағы құралдарын жасау, са-
раптау мен қолданудың ғылыми негіздерін қамтиды. Бұл салада 
əлі шешілмеген мəселелер көп. Бұларға осы құралдардың оқу 
үдерісінің шынайлылығына сайлылығы, ғылыми деңгейін, 
ақпараттандыру құралдары мазмұнының мəндік жəне стилисти-
калық мəдениетін көтеру, мектеп пен жоғары оқу орнының əр 
түрлі қызмет саласында іске қосылған білімді ақпараттанды-
рудың жекелеген құралдары арасында интерфейстік, технологиялық 
жəне ақпаратық байланыстың қажеттілігі мəселелерін жатқызуға бо-
лады.
Білімді ақпараттандырудың тағы бір бағыты білімді 
ақпараттандыру технологиялары мен құралдарын жасау мен 
қолдану бойынша мамандандырылған мамандар дайындау болып 
табылады. 
Осылардан басқа білімді ақпараттандыруға тағы күндізгі 
жəне қашықтан оқытуда ақпараттандыру құралдарын пайдала-
ну əдістерін, виртуалды оқу орындары қызметтерінің ерекшілік-
терін, мектеп пен жоғары оқу орындарының ата-аналармен, 
жұртшылықпен əрекеттестігіне ақпараттық технологияларды 
қолдану мəселелерін, сол сияқты басқа да көптеген мəселелерді 
жатқызуға болады. 
Екшей келгенде, білімді ақпарттандыру бұл тағы педагогтарды 
дайындау мен қайта дайындау жүйесінің бөлігі болып табылатын 
оқу пəні екендігін де ұмытпаған абзал. Бұл пəннің алдына жеткілікті 
кең мақсаттар, оның ішінде:
1. Ақпараттық жəне қатынастық технологияларды білім сала-
сында пайдаланудың жағымды қырларымен педагогтарды 
таныстыру;
2. Білімді ақпараттандырудың ақпараттық қоғамдағы рөлі мен 
орны туралы түсінік қалыптастыру;


30
3. Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдарының түрлік 
құрамы мен оларды тиімді қолдану аясы туралы түсінік 
қалыптастыру;
4. Білім саласын ақпарат құру, өңдеу, өрнектеу, сақтау жəне тарату 
технологияларының түрлік құрамы мен оларды тиімді қолдану 
аясы туралы түсінік қалыптастыру;
5. Оқу орнындағы оқу үдерісінің талаптарына, оқыту нəтижеле-
рін бақылау мен өлшеуге, оқудан тыс, ғылыми-зерттеу жəне 
ұйымдастыру-басқару қызметтеріне сай ақпараттандырудың 
жалпы əдістерімен таныстыру;
6. Білімді ақпараттандыру құралдарына қойылатын талаптар, 
олардың сапасын бағалайтын негізгі принциптері мен əдістері 
туралы мағлұматтар қалыптастыру;
7. Педагогтарға жалпы білім беру саласында, оның ішінде, кəсіптік 
қызметтің нақты саласында да ақпараттандыру құралдарын іс 
жүзінде пайдаланудың стратегиясын үйрету; 
8. Педагогтарды ақпараттық білім ортасын қалыптастыру мен 
ендіруге қатысуының орнықты мотивациясына (қызығушы-
лығына) төселдіру; 
9. Білімді ақпараттандырудың қалыптасып келе жатқан тіліне 
үйрету;
10. Педагогтарға қазіргі дүниедегі ақпараттық технология-
лардың рөлі мен орнын оқушыларға түсіндірудің қосымша 
мүмкіндігін беру;
11. Өз кəсіптік қызметінде ақпараттық құралдарды пайдалану 
аясындағы əр түрлі педагогтардың мүмкіндіктерін теңестіру 
тұр.
Келтірілген мақсаттар көп жағынан білімді ақпараттандыруды 
оқытудың мазмұнын, демек осы кітаптың құрылымы мен негізгі 
мазмұнын да анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет