Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Электрондық оқыту ұйымдары жүйелерін талдау жəне



Pdf көрінісі
бет184/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
bilimdi akparattandyru

Электрондық оқыту ұйымдары жүйелерін талдау жəне 
жіктеу
Электрондық оқыту ұйымдарының түрлі құралдарының ішінен 
келесі топтарды бөліп алуға болады:

авторлық программалық өнімдер (Authoring Packages),

контентті басқару жүйелері (Content Management Systems - 
CMS), 

оқытуды басқару жүйелері (Learning Management Systems - 
LMS),

оқыту контентін басқару жүйелері (Learning Content 
Management Systems - LCMS) 


330
Авторлық программалық өнімдер (Authoring Packages)
Авторлық өнімдер оқытушылар программалау тілдерін 
қолдану барысында кездесетін қиындықтарды жою үшін арнайы 
дайындалған. Бұл программалар əдетте оқытушыларға визуалды 
программалау ортасында өз бетімен оқу контентін құруға мүмкіндік 
береді. Кодтау сцена артында орындалады. Оқытушы тек қажетті 
ақпаратты керекті орынға орналастырумен ғана айналысады. Бұл 
ақпарат мəтін фрагменті, иллюстрация немесе бейнефрагмент 
түрінде экранға тінтуір көмегімен орталастырылады. 
Бұл өнімдердің кемшілігі оқыту үдерісін жəне барлық 
оқушылардың үлгерімін уақытымен бақылай алмау болып та-
былады. Ереже бойынша олар оқу үдерісі жайлы ақпаратты ұзақ 
уақыт сақтауға емес, оқушымен тез кері байланыс орнататын сабақ 
дайындауға арналған.
Дегенмен, мұндай программалардың көп бөлігінде бір уақытта 
оқушылар арасында байланыс орнату құралдары жоқ. Əдетте 
онда чаттарды, талқылауларды немесе екіжақты аудио алмасуды 
ұйымдастыру мүмкін емес. Интербелсенділік те əдетте шектеулі. 
Байқап отырғанымыздай, мұндай жүйелер электрондық оқыту 
ұйымдарының кейбір мəселелерін ғана шешеді. 
Контентті басқару жүйелері (CMS)
Контентті басқару жүйелері гарфикалық, дыбыстық, аудио, бей-
не, мəтіндік жəне басқа да файлдардың каталогтарын құруға жəне 
оларды басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай жүйеде оқытушыға 
немесе құрастырушыға өзіне қажеттіні тез табу үшін кілт сөздер 
арқылы іздеуге мүмкіндік беретін мəліметтер қоры бар. 
Контентті басқару жүйесі, əсіресе, біршама оқытушылар курстар-
ды дайындап жатқан жағдайларда тиімді, олар оқу материалдарының 
үзінділерін əртүрлі курстарға пайдаланып отырады. Бұл курстарды 
аз уақытта дайындауға мүмкіндік береді, мысалға, бизнесменнің 
жаңа суретін өңдегенше, оқытушы оны дайын суреттердің ішінен 
тауып алып қоюына болады. 
Мұндай жүйелер Web-сайттарды, оқыту материалдары бар 
порталдарды жасауға ыңғайлы, бірақ, толық қашықтықтан оқыту 
жүйесін ұйымдастыруға олар қолайлы емес. 
Оқытуды басқару жүйесі (LMS)
Электрондық оқытуда, басқа оқыту үдерістеріндегі сияқты 
мазмұндық бөлімімен қатар ұйымдастыру компоненті болады. Курс-


331
тардан өту үдерісін басқару элементтері дамыған электрондық 
кітапханаларда бар, бірақ e-learning үлкен жүйесін жүзеге асы-
ру үшін бұл қызмет аздық етеді.  Оқу контентін қажет уақытында 
тиісті адамдарға жеткізу жұмысын, оқу ресурстарын пайдала-
нуды қадағалауды, жеке тыңдаушылар жəне топты басқаруды, 
оқытушымен бірге жұмыс жасауды ұйымдастыруды, есеп беруді, 
т.с.с. автоматтандыру қажет болады. Бұл қызметтер e-learning-ді 
орнататын платформасы бар оқытуды басқару жүйесін LMS (ҚОЖ 
– «қашықтықтан оқыту жүйесі») жүзеге асырады, бірақ кейбір 
жағдайларда дəстүрлі оқыту үдерісін басқаруға да пайдаланыла 
алады. 
LMS жүйесі негізінде əр оқушыға оқу материалын анағұрлым 
тиімді үйренуге жеке мүмкіндік беруі, ал оқу үдерісінің менеджеріне 
оқу  бағдарламасын жасауға қажетті құралдарды алуға, оларды 
өткізуді басқаруға, оқытудың тиімділігін көрсететін есепті жасауға, 
оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыруға 
мүмкіндік беруі тиіс. Оқушылар барлық оқу контентінің жіберілу 
нүктесі болып табылатын LMS-дан оқу порталына кіруге мүмкіндік 
алады, сондай-ақ, арнайы сілтемелердің көмегімен қосымша мате-
риалдарды пайдалану арқылы өткізілген аралық алдын ала тесттердің 
негізінде сəйкес оқу тректерін таңдайды.
LMS-дің əкімшілік қызметтері бірнеше негізгі аймақтарды 
қамтиды. Оқушыларды басқаруға қолданушылардың жүйеге жəне 
оқу контентіне тіркелуін жəне кіре алуын бақылау,  оқушыларға 
жалпы курсты таныстыру жəне есеп беру үшін топқа ұйымдастыру, 
аудиториялық жəне оқытушылық ресурстарды басқару жатады. LMS 
сонымен қатар, оқу үдерісінің қосымша элементтерін (практикалық 
сабақ, зертханалық жұмыстар, тесттер, бүрге жұмыс жасау 
құралдары, ішкі материалдарға сілтемелер, т.б.) интеграциялауға 
жауап береді. 
Сондай-ақ, LMS оқу контентін бөліп беруге жəне пайдалануға 
мүмкіндік береді. Олардың қатарында іздеуге ыңғайлы каталог 
курстарды ұйымдастыру, міндетті оқуға жəне өз еркімен оқуға 
арналған курстарды бөлу, жеке оқу тректерін (мысалы, оқушы-
лардың берілген қызмет қорында)  дайындау жəне басқа да оқу 
контентін толықтай бере алатын механизмдер, оқытушымен қарым-
қатынастың синхронды жəне асинхронды режимдерін қолдау. LMS-
нің маңызды элементі оқу үдерісінде электрондық оқытуға салынған 
қаржының тиімділігі жайлы қорытынды шығаруға көмектесетін есеп 


332
беру болып табылады. LMS-да бақылау жəне белгілі бір тақырыпты 
меңгеру барысында оқушы (немесе топ – «ұжымшыл оқушы» 
моделі) қалай дамып келе жатқандығы жайлы есептер механизмі бо-
луы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет