Ежелгі Мысыр фармациясы
Тарихи деректерге назар аударсақ, Ежелгі Шығыстың ең көне
өркениетіне Мысыр жатады. Халықтың тұрмыс деңгейі жоғары болғандықтан
Мысырда медицина, химия, фармация салаларында көне әлемге бейгілі
білімдер жинақталынды.
Тарихнамаға шолу жасасақ, археологиялық зерттелер бойынша Ежелгі
Мысыр тарихи дәуірі Нил өзеңі бойындағы алқапта басталды. Өзеңнің төменгі
ағымы бойындағы 5-10 км қашықтықта, өзеңнің екі жағындағы алқап жерлері
құнарлы болғандықтан, б.д.д VI мыңжылдықта алғашқы қоныс-мекендері пайда
болды, кейіннен сол жерлерде үлкен қалалар-мемлекеттер тұрғызылды.
Нақтылы елдің шекарасы - құнарлы қара жер бітіп, қызыл жер басталғанда
болатын. Осыдан елдің аты шықты - «Кемет», оның дәл мағынасы «Қара
23
(жер)».
Қазіргі
елдің
атауы
«Кемет» - «Египет» - гректер
келгеннен соң пайда болды,
«Aigyptos» грек сөзден шықты.
Көне Мысыр тарихы б.д.д IV
мыңжылдықтың аяғынан б.д. 395
ж. созылады, сол кезде Ұлы Рим
империясы
құлдырап,
ежелгі
Мысыр Византия құрамына кірді.
Ежелгі Мысыр медицинасының
тарихында үш кезеңді аталып
келді: патшалық (б.д.д IV
мыңжылдыққа дейін), грек-римдік (б.д.д 332 ж. – б.д. 395 ж.) және византиялық
(395-638 жж.), бұл кезең орта ғасырларға жалғасып кетеді.
Ерте патшалық кезеңінде: б.д.д IІІ мыңжылдықта орталықтанған Мысыр
мемлекеті құрылды. Бұл заман құл иеленушілік қатынастың дамуымен, Ұлы
пирамидалардың салынуымен, егіншілік және қолдан суару жүйесінің
қалыптасуымен сипатталады. Ежелгіегипеттік мәдениетінің діни идеологиясы
қалыптасты – құдайға табыну, патша билігі құдайға теңестірілді, абыздар
касталарының дәрежесі биікке көтерілді.
Ежелгі Египеттік мифологиясында емдеу құдайлары болған: Сохмет
(емшілерді қорғаушы), Тауэрт (әйелдерді қорғаушы). Ежелгіегипеттік
мәдениетінің ерекшелігі - о дүниеге сену, аруаққа табыну. Адамның жаны
аспанға ұшады, ал өмірлік күші мазарында қалады - деп абыздар адамның
денесін күйзелістен алып қалу үшін, оны бальзамдаған. Мумификациялау
процессі дәрігерлердің анатомиялық білімдерін ұлғайтты, олар кеуде мен ішкі
мүшелердің құрылымын білді.
Ежелгі Мысырда медицинада профилактикалық шаралар көп қолданды.
Денсаулықты нығайту шараларға тамаққа ұстамдылық, асқазанды және шекті
тазарту. Халықты кәсіби дәрігерлер емдеген, абыздар шіркеулерде емдеген.
Абыздар касталарының дамығандары соншама, фармацияның дамуына үлкен
ықпалын тигізді. Олар химиялық істі дамытты. Сол кезде алты металл белгілі
болды: темір, қорғасын, қалайы, мыс, күміс, және алтын. Абыздар алтынды алу
тәсілдерін, тұндыру, сүзу, қайта айдау, экстракциялау, фильтрлеу тәсілдерін
білген. Халық нан пісіруді, жүзімнен шарапты жасауды, сірке суды алуды, эфир
майларынан хош иісті әтірді алуды, өсімдік және жануарлар майларын бөліп
алуды білген.
Мысыр медицинасы туралы деректерді біз табылған папирустардан,
сакофагтарда жазылған жазулардан аламыз. Біздің заманымызға жеткен
Сурет.4 Эберс папирусы
24
папирустар Георг Эберстің, Эдвин Смиттің және тағы басқалардың. Георг
Эберстің папирустары (б.д.д. XVI ғ.) ең үлкен, 108 парақтан тұрады, олар 1872
жылы Фивада табылды. Папирустың аты «Дене мүшелерін емдеуге дәрілерді
дайындау кітабы», онда әр түрлі ауруларды емдеу үшін 900 жуық жазбашалар
берілген. Дәрілердің құрамына өсімдіктерден (пияз, опий, құрма, лотос, анар,
алоэ, жүзім, папирус), минералды заттардан (темір, қорғасын, сүрме, күкүрт,
сода, алебастр, балшық, селитра) және көптеген жануарлардың мүшелері
қолданды.
Мысыр дәрігерлерінің жазған рецептерінің үлгісі:
Ал: Жусанды 1/3 dena
Құрманы 1/3 dena
Ащы сыраны 1/3 dena
Нан қамырын 1/3 dena
Шарапты 1/3 dena
Есек сүтін 1/3 dena
Барлығын қайнатып, сүзі керек және төрт күн бойы қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |