22
тақтайшалар жинағында, түрлі бас аурулар сипатталған: «естен айырылу»,
«шаштың түсіп қалуы», құлақ, көз, самайдың аурулары.
Құрбандыққа шалынған малдың жүрегіне, бауырына, шегіне, бүйрегіне,
асқазанына көп көңіл бөлген. Бауырға қарап бал ашқан, тағдыры мен
болашағын жобалаған.
Құл иенушілік Месопотамияда медицина дамуы қоғамның таптық
құрамына байланысты еді. Хаммурапи заңында дәрігерге құл иесі ойдағыдай
жазылып кетсе, оған 10 сиклей мөлшерінде күміс сыйақы, ал құлға – 2 сиклей
төленсін деген. Егер ақсүйектер өкілі дұрыс ем алмаса, дәрігердін қолы немесе
саусақтары кесілсін, ал құл өлсе оның орнына басқа құл берілсе болады деген.
Дәрігерлер дұрыс емдемеген жағдайда қатал жазаланған, соның салдарынан
медициналық көмектін төлемі жоғары болған. Мысалы, сынған сүйекті
қалпына келтірсе немесе буын ауруын емдеп берсе, дәрігерге науқас 5 сиклей
төлеу қажет. Бұл төлем сомасына бірнеше адам бір жыл бойы тамақтаналады.
Ежелгі Месопотамияда дәрігерлер дәрілік өсімдіктер білгішілері болған,
жануар мен минерал текті өнімдерден (бал, балауыз, еріткен сары май, мангуст
қаны, балық майы, қошақан терісі және т.б.) емдік жақпа майлар, ішетін
ерітінділер жасаған. Дәрілер құрамы 20 компоненттен кем болмаған. Массаж
жасағанда майларды пайдаланған, ішуге - пилюлалар, ұнтақтар, ерітінділер
берген. Б.д.д. III мыңжылдықта рецепт жазылған медициналық тақтайшалары
табылған: «Тасбақаның қабыршағын ұнтап елей қажет, мұқият араластырып,
нага өсімдік өркені, тұз және қыша қосылсын; науқастың ауырған жерін күшті
сыра мен ыссы сумен жуу; сосын осы дайындамамен ауырған жерді ысқылау,
өсімдік майымен ысқылау; сонан соң майқарағай инелер ұнтағын сеуіп тастау
қажет».
Достарыңызбен бөлісу: