46
денсаулық алып келеді» - деп Парацельс
жазды. Бұл емдеу бұрынғы емдеу
практикасында қолданған төрт галендік
«ағза сөлі» принципына қарама-қарсы
принципы болды: күкірт, сынап пен тұз.
Парацельс және оның жақтаушылары
химиялық
заттармен
емдеу
әдісін
қолданған. Парацельс емдеуге сынаптан,
қорғасын, темір, мырыштан жасалған
жағармай сыртқа жағуға қолданған. Тері
жараларын
емдеуге
жағармайларға
күшәнді да қосқан.
Көп жылдар бойы Германияда,
Францияда, Италияда жұмыс жасады.
Көп елдерді аралады: Нидерланды,
Англия, Швеция, Ресей, Польша, Венгрия мен Словакия, Индия мен
Контантинопольде болған. 10 жыл ел аралап жүрді, дәрігер болып іс атқарды,
сиқырлық мен алхимияны оқып үйренді, 32 жасында Германияға қайтып келді.
Көп ұзамай ауруларды емдеп атағы шықты. 1527 жылы қала әкімшілігі оған
қалалық дәрігер лауазымын берді және дәріс оқуға құқығы болды. Дәріс оқуда
оның тәсілдері басқаша болды: ол тек ғана өз тәжірибесіне негізделді, атақты
Галеннің кітаптарын менсінбеді. Дәрістерді латын тілінде емес, неміс тілінде
оқыды. Білімді тек ғана аурудың қасында алуға болады деген ұғыммен,
оқушыларды емханаға, өсімдіктерді зерттеуге далалыққа апарған. Дәстүрлі
сабақ беру түрі әдісін бұзды, сол себептен онымен бірге жұмыс істеген
қайраткерлер арасында түсінбеушілік болғандықтан, университеттен кетуге
мәжбүр болды. Ол 1528 жылы Базель қаласына кетті.
1536 жылы Парацельстің «Үлкен хирургия» шығармасы шықты. Оның
қолынан «Ұлы астрология», «Жараны емдеуге арналған улы дәрілер» кітаптар
шықты. Көп шығармалы ол өлген соң басылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: