50
цирюрильник А. Паре жарақатталған жауынгерлерді емдеу кезінде оларға май
жетпей қалады. Қол астында ештеңе болмай, ол жараға өз жасаған жағар майды
салды, оны жұмыртқа сарысына раушан майын қосып жасады, жараның үстіне
таза таңғыш тартты. Түнімен Паре жарақатталғандар өліп кете ме деп,
уайымнан дұрыс ұйықтамады. Таңертең оның таңғалғаны: жауынгерлер жақсы
ұйықтаған, жаралары асқынбаған, іспеген. Ал сол кездегі ыссы май құйған
жаралар ісініп, науқастардың температурасы көтеріп, ауыртатын. Осы оқиғадан
соң Паре науқастарды дайындаған жағар маймен емдеген. 1544 жылы Карл V
әскерімен Франциямен соғысқанында, Амбруаз Паре француз жағынан әскери
қызметте болды. Ал сол кезде Карл V әскерінде хирург болып Везалий қызмет
атқарды. Олар бір бірінін жазған еңбектерін оқып білді, жұмыс барысында
оларды қолданды. 1559 жылы Парижге Генрих ІІ (1519-1559) турнирде қатты
жарақаттағанда екеуінде Паре мен Везалийді патшаны емдеуге шақытқан еді.
1550 жылы – «Анатомиялық нұсқау», 1561 жылы – «Жараны емдеу туралы
кітап», 1564 ж., 1572 ж. – «Үлкен хирургия аурулары» туралы еңбектері шықты.
Достарыңызбен бөлісу: