Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


ХХ ғасырдағы Қазақстандағы дәріханалық іс



Pdf көрінісі
бет38/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Фармация тарихы

ХХ ғасырдағы Қазақстандағы дәріханалық іс 
 
Қазақстандағы  дәріхана  ісі  Кеңес  үкіметі  жылдарында  құрылды.  Ұлы 
Қазанның  жеңісінен  соң  ғана  өндірістік  кәсіпорындарда  емдік    мекемелердің 
құрылысы  жаңадан  қолға  алына  бастады.  Қазақстандағы  Кеңес  үкіметі 
орнағаннан  кейін  халыққа  медициналық  және  дәрі-дәрмекпен  қызмет  көрсету 
ісі біршама жақсара түсті.  
Төңкеріске  дейін  Қазақстан  аймағында  196  дәрігер,  393  орта  білімді 
медицина  қызметкерлері,  1800  төсегі  бар  100  шақты  аурухана  және  20  ғана 
дәріхана болды. Бұл мекемелер негізінен қалаларда, кейбір уездік орталықтарда 
орналасқан. 
Ресейде  Қазан  төңкерісінің  жеңіп  шығуы  елімізде  түбегейлі  өзгерістер 
енгізді,  соның  ішінде  медицина  саласында  да    өзгерістер  енгізді.  Елімізде 
медициналық  және  санитарлық  icтepдi  бipiктірy  мақсатымен  РСФСР-дің 
Денсаулық  сақтау  Халық  Комиссариатын  құру  жөніндегі  декретке  В.И.Ленин 
1918 жылы 1 шілдеде қол қойды. 
Денсаулық  сақтау  Халық  Комиссариатының  алдында  күрделі  мәселелер 
тұрды:  халықтың  денсаулығын  сақтау  саласында  (туберкулез,  мерез,  оба) 
аурудың жайылып кетуіне жол бермеуді көздейтін сауықтыру және санитарлық 
шараларын  кең  көлемде  жүргізуге  баса  көңіл  аударылды.  Халықты  ақысыз 
емдеу,  дәрімен  көмек  көрсетуді  қамтамасыз  етуді,  денсаулық  дәрежесін 
көтеруге  қамқорлық  жасауды  кеңес  мемлекеттік  денсаулық  сақтау  органы  өз 
міндетіне алды. 
Орталық  Ресеймен  байланыстың  үзілyi  және  елімізде  қажетті 
медикаменттің шығарылмауы, алып-сатарлықтың күшeюiнe әкеп соқтырды. Ал 
дәріхана  иелерінің  халыққа  дәрімен  көмектесу  iciн  ұйымдастыруға  ешқандай 
ынталары жоқ екенін көрсеткен.  
1919  жылғы  12  қыркүйекте  Революциялық  Комитет  денсаулық  сақтау 
бөлімін  (Кирздравотдел)  құрды.  Қырғыз  Денсаулық  сақтау  Халық 
Комиссариаты  өз  жұмысы  жөнінен  Орталық  Атқару  Комитетіне  тікелей 
бағынады. 
1920  жылдың    қазанында,  Қырғыз  Денсаулық  сақтау  Халық 
комиссариаты  құрылды.  Оның  алғашқы  халық  комиссары  дәрігер  М.С.Шамов 
болды.  
1921  жылы  Қырғыз  Денсаулық  сақтау  халықтық  комиссариатының 
жанынан,  фармацевтикалық  бөлім  ұйымдастырылды,  бұған  Семей,  Ақтөбе, 


 
86 
Торғай,  Орынбор  губерниялары  және  Лепсі  уезінің  денсаулық  сақтау 
бөлімшелерінің фармацевтикалық бөлімдері қарады. 
Фармацевтика  бөлімін  Я.К.Пикман  жолдас  басқарды.  Мамандар 
жоқшылық  кезеңінде  ұйымдастыру  жұмыстары  айрықша  қиын  жағдайларда 
істелді,  фармацевтикалық  бөлімдерді  фельдшерлер  басқарды.  Дәріханаларда 
фармацевтік  білімдері  жоқ  практиканттар  жұмыс  істеп  жүрді.  Бірқатар 
облыстар мен уездерде 1-2 фармацевтен, Қостанайда - 1, ал Торғай уезінде бip 
де фармацевт болған жоқ. 
1922  жылы  денсаулық  сақтау  органдары  экономикалық  жаңа  саясат 
жағдайында  жұмыс  icтeyгe  көше  бастады.  Медицина-санитарлық  қызмет 
көрсету ici жергілікті бюджетке берілді. 
1922  жылдың  14  наурызында  губерниялық  денсаулық  сақтау  бөлімдері 
меңгерушілерінің  Бүкілқырғыздық  екінші  құрылтайы  ашылды.  Онда 
экономикалық  жаңа  саясатқа  байланысты  денсаулық  сақтау  орындарының 
жұмысын қайта құру мәселесі қаралды. 
 Құрылтай  шешімінің  негізінде  дәpixaнaлap  1922  жылғы  1  мамырдан 
бастап ресми түрде шаруашылық есепке көше бастады. 
Шаруашылық  есепке  көшумен  байланысты  дәріханалар  саны  едәyip 
азайып кетті. 1923 жылдың 1 қазанында қaзipгi Қазақстан территориясында 17-
ақ дәpixaнa қалды. 
1925 жылы акционерлік қоғам ретінде Қазақ мемлекеттік медицина сауда 
басқармасы ұйымдастырылды, ол Ташкентте орналасты. Басқарманың төрағасы 
болып В.Т.Абдрахманов тағайындалды. Қазақстан мемлекеттік медицина сауда 
басқармасын 1926 жылы 1 наурыздан бастап Москваға көшipyгe ұйғарды. Қазақ 
дәріхана  басқармасының  бірінші  төрағасы  болып  дәрігер  Шомбалов  М.М. 
тағайыңдалды. 
1928  жылы  Қазақ  дәріхана  Басқармасы  болып  қайта  құрылды. 
Республиканың дәріхана жүйесіңде шаруашылық есеппен істейтін 63 дәріхана, 
10 дәріхана магазині болды.  
1931 жылдың аяғында дәріханалар саны екі есе дерліктей өсті, бұған Орал 
губерниялық медициналық сауда басқармасына тиісті дәріханалар да қосылды. 
Енді  127  дәріхана  жұмыс  істей  бастады,  бұлардың  68-і  колхоз-совхоздарда 
болды және 11 санитарлық-гигиеналық товарлар магазині болды. 
1933  жылы  Қазақ  дәріхана  Басқармасының  қарауында  157  дәріхана,  14 
санитарлық-гигиеналық магазин, дәріхана қоймасы және ұсақ бөлшек саудамен 
жұмыс істейтін 21 дүкен болды. 
1925 жылы Қазақ мемлекеттік медицина сауда комитеті құрылды, ал 1928 
жылдың  сәуірінде  Қазақ  мемлекеттік  медициналық  сауда  комитеті  Қазақ  Бас 
дәріханасы болып қайта құрылды. 


 
87 
   Қазақстандағы  дәріхана    ісінің  қалыптасуына  Б.А.Әбдірахманов, 
М.М.Шомбалов,  Т.Г.Жанұзақов,  Ш.А.Айманов,    И.Р.Сафрон,    М.Т.Зимин, 
И.Б.Курцер,  М.М.Гольдман,  Р.М.Водовозов,  В.А.Александров,  Ф.М.Хомнюк, 
Н.Ж.Жучков, Г.С.Горшкович, М.Л.Климинский, М.М.Лоскутов, К.М.Омекенов, 
В.А.Паникаровский,  Г.Н.Канакаев  сияқты  халыққа  дәрі-дәрмекпен  жәрдем 
жасаған көрнекті ұйымдастырушылар ықпал етті.     
1929  жылдың  желтоқсанында  үкімет  «Жұмысшылар  мен  шаруаларға 
медициналық  қызмет  көрсету  туралы»    қаулы  қабылдады.  Бұл  қаулы 
өнеркәсіптің  іргелі  салаларында  (көмір,  мұнай,  металл  және  т.б.) 
жұмысшыларға  медициналық және  дәрі  –  дәрмек  тұрғысынан  көмек  көрсетуді 
ұйымдастыруда шешуші ықпал етті. 
        1930  жылы  Қарағандыда  тұңғыш  рет  қазір  де  жұмыс  істеп  тұрған              
1 дәріхана ашылды.  
      
 1934  жылы  дәріханалардың  саны  төртеуге  дейін  ұлғайды.  Балқаш, 
Риддер  және  басқа  да  өндірістік  қалаларда 
дәріханалар ашылды. 
        Ұлы 
Отан 
соғысының 
аяғына 
тек 
Қарағандының өзінде ғана 11 дәріхана ашылды, ал 
қазір 
олардың 
саны 
жиырмадан 
асады. 
Қарағандыда 1971 жылдың қаңтарына дейін ол 114 
дәріхананың, 417 дәріхана пунктерін, соның ішінде 
бірінші  топтағы  8  дәріхана  пунктін  және  бірқатар 
дәріхана мекемелерін біріктірді. 
        Алматы  облысының  дәріхана  жүйелерін 
басқаруды  жақсарту  үшін  Қазақ  ҚСР  –  інің 
Денсаулық  сақтау  халық  комиссариаты  жұмысына 
1938  жылдың  1  маусымынан  кіріскен  Алматы  облыстық  бөлімшесін  құруды 
шешті.  Бөлімшенің  басқармасы  болып  С.  М.  Субханбердин,  ал  оның 
орынбасары болып Н. Выползов  тағайындалды. 
      
С.  М.  Субханбердин  1940  жылы  Алмасы  облысының  территориясы 
Жамбыл  және  Семей  облыстарына  бөлінді.  Облыстың  дәріханалар  тобы 
қысқарды.  Орталық  аппарат  облыстық  дәріхана  жүйесін  20  жылдан  астам 
басқарды.  
        Республика  экономикасының  үрдіс  өсуі,  халықтың  көбеюі,  емдік-
профилактикалық  және  дәріханалар  жүйесінің  айтарлықтай  деңгейде  артуы, 
сондай-ақ, Қазақстандағы әкімшілік бөлінушіліктердегі болған өзгерістер Қазақ 
бас дәріхана басқармасындағы құрылымды өзгерту  қажеттігін тудырды. 
    
Республикада  үш  өлке:  Тың,  Батыс  Қазақстан  және  Оңтүстік  Қазақстан 
өлкелері  құрылды.  Жаңадан    Тың  өлкесінің    құрылуына  байланысты    1961  
Сурет.16 С. М. 
Субханбердин 


 
88 
жылы    Тың  өлкелік  дәріхана    басқармасы  ұйымдастырылды,  ол    Целиноград, 
Солтүстік  Қазақстан,  Павлодар,  Қостанай    және  Көшетау  облыстық  дәріхана 
басқармаларына  басшылық  ететін  болды.  
       
1962  жылы  жаңа  өлкекелер  құрылуына  байланысты  Шымкент,  Жамбыл, 
Қызылорда  обылыстары  үшін  Оңтүстік    Қазақстан  өлкелік    дәріхана 
басқармасы,  Ақтөбе,  Орал,  Гурьев  облыстары  үшін    Батыс  Қазақстан  өлкелік 
дәріхана басқармасы  ұйымдастырылды. 
        Әкімшілік  жағынан    бұл  өлкелік  дәріхана    басқармалары  республиканың 
Бас  дәріхана    басқармасына    бағындырылды.  Бас  дәріхана  басқармасы 
құрылғанына дейін ешбір өзгеріс болған жоқ.  
  
Сол    уақытта  дәріхана  ісіне  басшылық ету  жұмысы  Қазақ  ССР  Дәріхана 
бас  басқармасына  қарасты  15  облыстық  (облыс  санына  қарай)  дәріхана 
басқармасы  арқылы    жүргізілді,  сонымен  қатар    Бас    басқармасы  Орталық  
дәріхана қоймасына, республикалық аналитикалық – бақылау лабораториясына 
да басшылық етті. 
Республика  дәріханалары  қойма  шаруашылығының  ауыр  жағдайын 
ескере  келіп,  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесі  1954  жылы  Алматы,  Қарағанды, 
Целиноград    және  Өскемен  қалаларында  дәріхана  қоймаларының  құрылысы 
туралы  (31.12.1954ж.)  қаулы  қабылдады.  Осы  қаулыға  сәйкес  Алматы, 
Өскемен,  Қарағанды  және  Целиноград  қалаларында  дәріхана  қоймалары 
салынды,  ал  1965  жылы    Павлодар,  Шымкент,  Петропавл  және  Семей 
қалаларында 4 қойма ғана пайдалануға берілді.  
Дәріханаларда  жұмыс  істеп  жүрген  фармацевтер  саны  45  есе  өсті. 
Рецептпен  жіберілетін  дәрілер  саны  өсті.  1959  жылы  әрбір  мың  адамға 
дәріханалардан 23 млн немесе 2 555 рецепт берілді, сөйтіп 40 жыл ішінде ол 57 
есе  артты.  Қазақстанда  1959  жылы  бір  дәріханаға  орта  есеппен  қалалық 
жерлерде 10 мың тұрғыннан, селолық жерлерде 15 мың адамнан айналды.  
        Өнеркәсіпті облыстарда: Қарағандыда (Саран, Жаңа Қарағанды, Теміртау, 
Ақсу  –  Аюлы,  Ұлытау  т.б.)  Қостанай  облысында  (Рудный,  Торғай  т.б. 
қалаларында),  Шығыс    Қазақстан  (Лениногорск,  Зыряновск  қалалары, 
Серебрянка  поселкесі,  Путинцев  руднигі)  дәріханалар  үшін  жақсы 
жабдықталған жаңа үйлер берілді. 1960-1965 жылдар  ішінде республикада 236 
жаңа  дәріхана  ашылып,  облыстарда  салынып  жатқандарының  сыртында  11 
дәріхана қоймасы қатарға қосылды. 
 
 
 
 


 
89 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет