Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда фармацияның
дамуы
1940 жылы Қазақстанда 313 дәріхана жұмыс істеді, оның ішінде
селодағы дәріхана саны 191-ге жетті. Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстанда 47 жаңа дәріхана, Ақмола және Өскемен қалаларында дәріхана
қоймалары, екі галендік бөлім реттейтін лаборатория, бір бақылау-
аналитикалық лабораториясы ашылды (Субханбердин С. М., 2004).
1942 жылы дәріхана жүйесінде 276 эвакуацияланған фармацевт жұмыс
істесе, оның көпшілігі провизор еді.
Соғыстан кейінгі жылдары (1946-1950жж.) 61 дәріхана, 752 дәріхана
пункті, 100-ден аса киоскі, екі бақылау-аналитикалық және бір галендік
фармацевтикалық лаборатория ашылды.
1943-1946 жылдары 250 фармацевт эвакуацияланды, оның 151-і тек 1944
жылдың өзінде-ақ қайтып кеткен, сөйтіп 1950 жылдың соңында республикада
172 провизор және 967 провизор көмекшісі жұмыс істеді, 1940 жылы бұл
көрсеткіш мынандай болатын: 51провизор және 589 провизор көмекшісі болды.
Бұл фармацевтикалық қызметтерде арнайы білім жоқ практиканттар
пайдалануды қысқартуға мүмкіндік берді.
Кеңес Армиясына көмек беру мақсатымен қазақстандықтар тылдағы
жұмысқа белсенді қатысты: дәрі-дәрмек препараттарды өндіру, балдақтарды
жасау т.б. 1942 жылдан бастап Қазбас дәріхана басқармасы және оның
бөлімшелері дәрігерлік бұйымдарды жинақтады. Алғашқы жылы 27 тонна
шиповник дайындалды, ал жоспар бойынша 25 тонна әзірлеу керек еді, ал
келесі 1943 жылы 44 тонна шиповник дайындалды.
Облыстық
дәріхана басқармасының өтініші бойынша жергілікті
ұйымдардың қолдауымен Шымкент химфармзауыты дәрумендік май өнімін
шығаруға келісті. Шымкент еткомбинаты гематоген дайындауға кірісті. Соғыс
жылдарында алғашқы дәрігерлік құрамының көп мөлшерде болуы назарға
алынған. Тапшы препараттар, сондай-ақ, таңу материалдары, спирт облыстық
денсаулық сақтау бөлімі арқылы бөлінетін. КСРО халық комиссарлары Кеңесі
денсаулық сақтау органдары мен дәрігерлік басқарма жұмыстарын қатаң түрде
бақылауға алған. Сонымен қатар, тәртіп бұзғандарды жауапкершілікке тартып
отырған.
Орталық дәріхана қоймасы Кеңес Армиясы әскери санитарлық
басқармасының каталогы бойынша дәріханалар комплексін дайындады. Казбас
дәріхана басқармасы Орел қаласына әр түрлі медицина тауараларын 37 мың
сомдық жиынтығын, ал Украйнаға құрал- жабдықтарының әлденеше
комплектілерін жіберді.
90
Соғысқан жауынгерлерге Оңтүстік Қазақстан облыстық дәріхана
басқармасы көп көмегін көрсетті. 1941 жылдан 1944 жылға дейін
эвакуациялық госпитальдарға 655,4 мың сомдық медикаменттер мен
медициналық тауарлар жіберілді.
Оңтүстік Қазақстандық дәріхана қызметкерлері Мырзашөлдегі Киров
суландыру жүйесінде, Келтемашат руднигіндегі теміржол торабы
құрылысында жұмыс істеді. Облыстық дәріхана басқармасы жаудан азат
етілген Воронеж қаласына көмек көрсетіп, оған 58,9 мың сомның дәрілік және
медициналық құрал-жабдықтарын жіберді.
Ақтөбе, Қызылорда, Семей, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстық
дәріхана басқармалары да денсаулық сақтау органдарына қолдарынан келген
көмектерін көрсетті.
Отан соғысы кезінде дәріхана жүйесі өсімін тоқтатқан жоқ: 47 жаңа
дәріхана, 3 дәріхана қоймасы және 58 дәріхана пункті ашылды. Дәріханалардың
ең көп ашылғаны 1941жылы болса, ең азы 1944 жылы болды.
Отан соғысы жылдарындағы дәріхана қызметкерлері өз республикасының
қосымша шикізаттық және өнеркәсіптік ресурстарын анықтап, жұртшылық пен
эвакуациялық госпитальдарды дәрілермен қамтамасыз ету мақсатында үлкен
жұмыстар
атқарды.
Өздерінің
мүмкіндіктеріне
қарай
Украйнаның,
Беларуссияның және Ресей Федерациясының бірқатар азат етілген аудандарына
медикаменттер, дәріханалық және басқа да құрал-жабдықтар жіберіп, көмек
көрсетті.
1945 жылы Қазақстанның 1945 – 50 жылдарға арналған халық
шаруашылығын қалпына келтіру және онан әрі қарай дамытудың бесжылдық
жоспарын қабылдады. Оның негізіне әрбір шаруашылық жүйесінің жасаған
жоспарлары алынды.
Қазақ ССР Денсаулық сақтау министірлігінің ұсынысы бойынша, Қазақ
Бас дәріхана басқармасы өзінің бес жылдық жоспарларының орындалуына
дәріханалардағы істі дамыту жоспарын өндеп қабылдады. Осы жоспарға
сәйкес, бес жылдың ішінде 47 дәріхана, 224 дәріханалық пункттер және басқа
да бір қатар дәріханалық кәсіпорындар ашу, ал тауар айналымының жоспарын
63 миллионнан 562 миллион сомға дейін жеткізу міндеті тұрды. Іс жүзінде 61
дәріхана, 562 дәріханалық пункт, 3 бақылау – аналитикалық және бір галендік
бөлшектеп өлшейтін лаборатория, екі дәріханалық дүкен және едәуір көлемде
киоскілер мен лотоктар ашылған болатын. 1950 жылы бесжылдықтық соңғы
жылында – тауар айналымы 135,2 миллион сом болып орындалды.
Сөйтіп, барлық күш пен мүмкіндіктерді жұмылдыруды талап еткен
соғыстан кейінгі бесжылдықта дәріхана қызметкерлері алдарына қойылған
міндеттерді ойдағыдай орындады. 1951 жылдың бірінші қаңтарына дейін Қазақ
91
Бас дәріхана басқармасы жүйесіндегі 420 дәріхана, олардың ішінде 257-сі
ауылдық жерлерде жұмыс істеді.
Достарыңызбен бөлісу: |