З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019


Қажет еместіліктің берілуі



Pdf көрінісі
бет202/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

Қажет еместіліктің берілуі
348-жаттығу. Cұрақтарға болымсыз түрде жауап беріңіз.
Үлгі: - Сізге мына кітап өте қажет пе? - Жоқ қажет емес, өзімде бар. 
1.  Бүгін сізге 7 аудитория қажет пе?
2.  Саған дәрілер керек пе?
3.  Мына реакция үшін катализаторлар қажет пе?
4.  Әлияға химия оқулықтары керек пе?
5.   Дүкенге бара жатырмын, қант, нан керек пе? 
349-жаттығу. Сұрақтарға болымсыз түрде жауап беріңіз. 
Үлгі: - Сенің бүгін сабаққа баруың керек пе?
-  Жоқ, бүгін сабаққа бармаймын, қажет емес. 
1.  Сенің аптекаға баруың керек пе?
2.  Сенің кітапханадан араб - қазақ сөздігін алуың қажет пе?
3.  Тәжірибе жасауың үшін саған катализатор қажет пе? 
4.   Мұраттың ата - анасына хабарласуы керек пе?
5.   Мына құжаттарды бүгін тапсыруың керек пе?
350-жаттығу. Асты сызылған сөздерді синоним сөздермен ауыстырыңыз.
1.  Сабаққа кешігуге болмайды.
2.  Оттегісі бар пробиркаға отты жақындатуға болмайды.
3.  Пробирканы отқа қоюға болмайды.
4.  Баланы тым кеш жатқызуға болмайды.
351-жаттығу. Сол жақта берілген сөйлемдерден таңдап, ойды аяқтаңыз. 
1) Әкеме телефон шалуым керек ...
А) мен ақшамды жоғалтып алдым.
2) Менің әкеме телефон шалуыма тура келді ... Б) ... бүгін оның туған күні.
3) Әкеме телефон шалуға тиістімін ... 
В)...  бүгін  кешке  телефон  шаламын  деп 
келіскенбіз.
4) Маған әкеме телефон шалу қажет. 
Г) ... мына мәселені қалай шешерімді біл-
меймін.
352-жаттығу. Мәтінді оқыңыз.
 А) қажеттілік , тиістілік әрекетті білдіретін сөйлемдерді 
табыңыз. Б) олар қандай модальділік мағына білдіріп тұр , айтыңыз.
Пастер жаңалығы
Микробиологияның ғылым ретіндегі пайда болу тарихын оқи отырып, біз көрнекті ға-
лым Луи Пастердің есімін еске түсіруге тиістіміз.  Химияның керемет маманы (25 жасында 
екі докторлық ғылыми дәрежесіне ие болған) күтпеген жерден химиясын тастап, сол кез-
дерде ғылым деп саналмаған микробиологиямен айналысып кетеді. 
Жас ғалымға микроорганизммен бет пе - бет келуіне тура келді. Сол кездері ғылымда ми-
кроорганизмдер өздігінен пайда болады деген көзқарас болған. Осы идеяны жоққа шығару 
үшін Луи Пастер бірқатар тәжірибе жасауына тура келді. 1856 жылы Луи Пастер қызылша 
шырынының ашуын, божуын ( органикалық заттардың бөліну процесі) зерттей бастады 
ашудың себептері микроорганизм екендігін мойындауға тиіс болды. Божу, ашу дегеніміз 
оның сөзі бойынша – оттегісіз өмір деген сөз. Микробтар божуды туғызады, бірақ олар қай-
дан пайда болады?


148
Луи Пастерге  тірі ағзаның органикалық затқа байланыссыз өздігінен таралуы идеясын 
жақтаушыларға осы идеяның мүмкіншілігі жоқ екенін, дәрменсіздігін дәлелдеуге тура кел-
ді. Осы мақсатта ол тәжірибелер жасады. Оған колбаға сора құйып оны қайнату керек бол-
ды. Колбаны пробкамен жаппау керек, ауа еркін барып тұру үшін. Колбаға микробтар түскен 
жоқ, қалтарыс, иілімдерінде шөгіп қалды. Микробтардың өздігінен пайда болуы болмады. 
Луй Пастер жеңіске жетті. Оның табыстары көп жағдайда оның химик болғандығынан деп 
түсіндіреді. Ол микробиологияға математикалық есеп пен нақты тәжірибе жасау біліктілі-
гін алып келді. 
Уақыт та Пастерге көмектесті: оның ғажап талантын ХІХ ғасыр техникасы мен ғылыми 
жетістіктерінде пайдаланылды. 
https://surak.baribar.kz/367659/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет