387
өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-
анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген
жолдары бар.
Отбасы-қоғамның
маңызды
буыны.көп
ұлт
мекен
еткен
мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан
келгенде кез-келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді. Қоғамда
отбасы екі қызмет атқарады,оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу-екіншісі дүниеге
келген сәбиді пәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани
жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы-баланың ең
жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты,құндылықтарын
біліп,өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағұламаттарды береді және
онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыландырады.
Бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше. Халқымыздың сан ғасырдан
бергі даналығына құлақ ассақ «Бақытыңды басқадан емес, балаңнан ізде»-
деген даналық сөз бар.Кез келген адам өзі жете алмайтын бақыт деген
құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі
де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен
атақтан, маңсап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға
қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана
сыйлай алады.Ұлықтан хақім «ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін
айтылмаса керек.Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы. Шыр етіп сәби
дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында қиын, қыр-сыры мол үлкен
қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі, бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-
ата-ана. Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік
мәні бар. Әсіресе отбасындағы,ата-ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік
мәні бар. Мәдениетті отбасындағы ерлі -зайыпты кісілердің бір-біріне
айтқан
игі ниеті, кішіпейілдігі, отбасындағы туындаған мәселелерді ақылдаса
отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.
Бала тез еліктегіш, иланғыш болғандықтан жаман қылықтарды да тез
үйренеді.Бала кішкентай кезінен әр нәрсеге әуестеніп, үлкендерге
көмектескісі келеді. Бұған кейбір ата-ана «жұмысымды бүлдіресін» деп
ұрысып жіберуі мүмкін, бұл қате түсінік. Керісінше өзің жұмыс істеп
жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне
көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін
орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Солай
баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әр істеген ісін
ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы істерін
мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса ол да ересектерді сыйлап, кез
келген тапсырманы орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку
сұрақтарына дөрекі келте жауап беру немесе әділ талап қоя
алмау ата-ананың
беделін түсіреді.
Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны
азайып, бала саны кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық
жанғырулар әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы
388
мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр
өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында
жоғалмағанымен әлсірей түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі
әлсіреп,керісінше аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойындарына
алуда. Осы заманның тағы бір ерекшелігі: толық
емес отбасылар көбейіп, ата,
әке, қайын жұрт, нағашы жұрт деген туыстық байланыс әлсіреді. Отбасы
қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі
қателіктерді түзету үлкен қиындықтармен жеңуге тура келеді. Яғни
отбасындағы жарасты сыйластық пен жылылық бала тәрбиесіне көп әсерін
тигізетінін баршамыз білеміз. «Ұяда не көрсен, ұшқанда соны істерсің»
дегендей ата-ананың өнегесін көріп бала өздері үй болғанда сол жақсы
тіршілікті жалғастыра біледі. Олар ата-анадан алған сыйластық,сөзге
тоқтау,төзімділік,қамқорлық сияқты қасиеттерді өз отбасында қолданады.
Келешек ұрпақты тәрбиелеу-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл
мәселенің шешімін табу үшін білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта
қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестіруде.
Достарыңызбен бөлісу: