Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет157/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Ой-толғаныс. 
1.  Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы. 
2.  Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. 
3.   Балапан  қырақ  болу  үшін  оны  самғатып  ұшыратын  ата  немесе  әке  де 
қыран болуы керек. 
4.   Баланы  5  жасқа  дейін  патшадай  күт.  10  жасқа  дейін  құлдай  жұмса,  15 
жастан асқан соң досыңдай сырлас. 
Тәрбиешілердің ата-аналармен жұмысында берілетін кеңес. 
1.  Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу. 
2.  Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай 
түсіндіру. 
3.   Оқушылардың  бойында  салауатты  өмір  салтының  дағдыларын 
қалыптастыруға  бағытталған,  салауатты  өмір  салты  мәдениетіне  тәрбиелеу. 
Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну. 
4.  Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, ем 
шара қабылдау, коррекциялық жаттығулар, таза ауада болып қимыл қозғалыс 
ойындарын ойнау. 
Ата-аналармен жұмыс. 
Тәрбиешілердің  
ата-аналармен 
ынтымақтастығы 
оқушылармен 
жүргізілетін  тәрбие  жұмысының  табысты  болуының  басты  кепілі  болып 
табылады.  Тәрбиеші  үшін  ата-аналарды  педагогикалық  үрдістің  белсенді 
мүшесі  ету  оңай  шаруа  емес.  Ол  асқан  шеберлік  пен  зор  жауапкершілікті 
қажет  етеді.  Мұндай  міндетті  шешу  үшін  тәрбиешінің  тәрбие  жұмысының 
жоспарында оқушылардың отбасын зерттеу.  
-  Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру. Ата-аналар комитетінің 
жұмысымен байланысты арттыру.  
-  Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу. 


389 
 
-  Ата-аналарды  оқушылардың  оқу-тәрбие  үрдісінің  нәтижелерімен, 
барысымен жүйелі таныстыру. 
Мұндай  маңызды  істерді  жүзеге  асыруда  тәрбиеші  тәрбие  жұмысының 
мақсатын,  міндеттерін,  мектептің  ерекшелігін,  ата-аналар  құрамын,  ата-ана 
мен  тәрбиешінің  қарым-қатынасының  негізгі  ұстанымдарын  ескеріп  есепке 
алады. 
Ситуациялық сұрақтар: 
Ата-аналар  үстел  үстіндегі  үлестірме  қағаздарды  бөліп  алып, 
сұрақтарға жауап береді. 
1. 
Балаңыздың  өнері,  қандай  да  бір  іске  қызығушылығы,  бейімділігі 
байқалса, не істер едіңіз? 
2. 
Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген 
сұрақ  қоятын  көрінеді.  Мысалы,  түн  неге  қараңғы,  күн  қайда  кетті,  ұшақ 
қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да 
осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз 
қалдырасыз ба? 
3. 
Сізге  мектептегі  мұғалімдерден  «Сіздің  балаңыз  басқа  балаларды 
ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің 
баланы  ұрды»  деген  сөз  естуге  тура  келеді  дейік.  Не  істейсіз?  Балаңызды 
қалай тәрбиелейсіз? 
4. 
Кейбір  ата-аналардың  баласының  әрбір  іс-әрекетіне  көңілі  толмай: 
«Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. 
Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? 
5. 
Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз? 
6. 
Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз? 
7. 
Балаңыз  мектептегі  бір  мұғаліммен  тіл  табыса  алмай  жүр.  Балаңызға 
қандай кеңес айтасыз? 
8. 
Сіздің  балаңыз  сыныптағы  жақсы  оқитын  оқушылардың  бірі,  алайда 
бір  күні  сынып  жетекшісі  оны  үлгерімі  нашар  оқушылармен  алып  қалды, 
сіздің іс-әрекетіңіз? 
9. 
Балаңыздың  сабағы  тәртібі  жайлы  білгіңіз  келіп,  мектепке  келіп 
тұрсыз.  Сынып  жетекшісі  сізді  қатулы  қабақ,  ашулы  күймен  қарсы  алды. 
Сіздің әрекетіңіз? 
10.  Биыл  сіздіңі  балаңыздың  сыныбында  оқитындардың  бәрінде  ұялы 
телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, 
сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз? 
11.  Сіздің  тұңғышыңызды  атасы  мен  әжесі  бауырына  басқан.  Сабағы 
қиындап  кеткен  соң,  өздерің  қадағалаңдар  деп  әкеп  тастады.  Ал,  балаңыз 
тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз? 
 
Қорыта  келе:  бала  үшін  үй  ішінен,  ата-анадан  артық  тәрбиеші  жоқ. 
Балаға  берген  тапсырмаңыздың  аяғына  дейін  орындаулына  төзімділікпен 
бақылау  керектігін  де  ұмытпаған  жөн.  Солай  баланың  бірте-бірте  еңбекке 
деген  болашағына  жол  ашылады.  Әрі  істеген  ісін  ұқыпты  да  тындырымды 


390 
 
орындауына бағыт бересіз. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші 
ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық 
жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, 
табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — 
ата-ананың басты парызы екенің ұмытпаған жөн.
 
Отбасы – ана-ата – мектеп 
үштік ұғымы біріккенде сапалы білім мен саналы тәрбие болады. 
Ой  толғанысы  ...  Егер баланы үнемі  сынап  отырса, оқуға  құлқы  болмайды 
Балаға  үнемі  күлсе,  бұйығы  болып  өседі  Баланы  қолдап  отырса  ,  білімге 
деген ынтасы артады Балаға сенім артса , ол батыл болады Бала төзімділікте 
өссе , адал болып жетіледі Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен 
қарайды Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі Бала адалдықта өссе, 
әділ болып жетіледі Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен 
махаббат табуға үйретеді. 
Ата-анаға  ұсыныс:  Оқушыда  сапалы  білім  мен  тәрбие  болу  үшін 
мектеп  және  ата-ана  тығыз  байланыста  болуы  қажет.  Бала  үшін  ата-ана  тек 
асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз 
серіктесі  болуы  қажет,  баламен  көзбе-көз  сөйлесіп  оған  әр  түрлі  жағдайда 
ақыл-кеңес беру. Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, 
бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру. Ата-ана 
баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.  
Ата-анаға  берілетін  кеңес:  Балаға  мектеп,  мұғалім  туралы  көбірек 
мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз. Балаңызды өзіне-
өзі  қызмет  етуге  дайындаңыз.  Жанұяда  бала  тәрбиесіне  бірдей  талап  қоя 
біліңіздер.  Балаға  уәде  бергеннен  кейін  орындауға  тырысыңыз,  орындауға 
мүмкіндік  болмаған  жағдайда  дұрыс  түсінік  беріңіз.  Баланың  өз  бетімен 
әрекет  жасауына  мүмкіндік  беріңіз  (бермеген  жағдайда  бала  өмір  бойы  бір 
істі  өздігінен  істей  алмайтын,  жалтақ,  өзіне  сенбейтін  болып  өседі). 
Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте 
өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет