Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет41/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер:  
 1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. http://www. akorda.kz  
2. Бұзаубаева К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004.  
3.Есиркепов  Ж.  М.,  Зулпыхаров  Х.  Ш.  Қазақтың  ұлттық  ойындарының  з
ерттелуі  және  
тәрбиелік мәні // Молодой ученый. — 2014. — №20.1. — С. 62-65.  
4.Толегенова  А.  Б.  Жеке  тұлғаны  ұлттық  құндылықтар  арқылы  тәрбиеле
у  //  Молодой ученый. — 2015. — №7.2. — С. 64-65.  
5.Ж.З.Әділбекова «Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу».  
 
 
РУХАНИ ТӘРБИЕ - САПАЛЫ БІЛІМ БАСТАУЫ  
 
Сабиханова Асель Каирбековна 
  «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Педагогика және  
инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы 
 
Кемел  елдің  кемеңгер  тұлғаларын  даярлайтын  «Өрлеу»  біліктілікті 
арттырудың  ұлттық  орталығы  акционерлік  қоғамының  филиалы,  Қазақстан 
Республикасы  білім  беру  жүйесінің  басшы  және  ғылыми-педагогикалық 
қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыратын  республикалық  институтында  28 
мамыр  мен  8  маусым  аралығында  «Білім  беру  мазмұнын  жаңарту 
жағдайында білім беру ұйымдары директорларының бейінді оқыту жөніндегі 
орынбасарларының  кәсіби  құзыреттілігін  дамыту»  тақырыбы  аясында 
біліктілікті  арттыру  курсынан  өттік.  Осы  бағдарлама  бойынша  мектеп 
директорының  25  бейінді  оқыту  жөніндегі  орынбасарларына  арналған 
біліктілікті  арттыру  курсы  аясында  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісі» 


74 
 
тақырыбында  кеңес-сабақ  форматында  көшпелі  сабақ  Үмбетова  Балжан 
Базарханқызымен  басшылық  етіліп  отырған  Алматы  қаласы  №141  жалпы 
білім беретін орта мектебінде ұйымдастырылып өткізілді.  
№141  жалпы  білім  беретін  орта  мектебі  1991  жылы  ашылған  27  жыл 
тарихы  бар    қара  шаңырақ.  Мектеп  басшысы  Үмбетова  Балжан 
Базарханқызымен  басшылық  етіліп  отырған  қара  шаңырақта  115  мұғалім, 
соның ішінде  жоғары санатты – 58, бірінші санатты – 23, екінші санатты – 
19,  санатсыз  –  24  мұғалім  қызмет  етеді.  2016-2017  оқу  жылында  7  алтын 
белгі  және  36  оқушы  грантқа  ие  болған.  Орташа  балл    96,37  пайыз.  Қара 
шаңырақта  оқушы  –  ата-ана  –  мұғалім  үштігі  жақсы  жолға  қойылып,  оқу 
жылындағы  кіріп  отырған  жаңалықтармен  ата-аналарды  үнемі  таныстырып 
отырады.  Биылғы 2017-2018 оқу жылында 110 оқушы 11 сыныпты аяқтайды. 
ҰБТ-ға  95  оқушы  баруға  тілек  білдірген.  Алтын  белгіге  үміткер  –  2,  үздік 
аттестат  -  2 оқушы болып отыр.  Осындай  беделді жетістікке  жетіп отырған 
мектеп сырының бірі білікті мамандар мен қоса рухани азықтарының, рухани 
байлықтарының  молдыңынан  деп  ойлаймыз.  Осы  аталмыш  мектепте 
авторлық  бағдарламада  жасақталған  мұражайдың  болуы  себепші  деп 
есептейміз.  
Мұражай  –  елдің  тарихын,  мәдениетін  және  өркениетін  айғақтауда 
маңызды  рөл  атқаратын  тәрбиелік  орын.  Сондықтан  да  ол  қоғам  өмірінде 
ерекше  орынға  ие.  Ғасырлар  қойнауынан  сыр  шертіп,  Абай  мұрасын 
тереңдей танытатын, ұлы тұлғалар мен олар өмір сүрген ортаны елестететін 
тарихи  жәдігерлердің  орны  орасан  зор.  Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  рухани 
ұлттық мұраларымызды саралап, бүгінгі биіктен бағалау аса қажет. Бүгініміз 
– ертеңгі тарих екені ақиқат. 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасында  ел  өмірін,  тұрмыс-салтын, 
тарихы мен мәдениетін, білімі мен ғылымын және басқа салаларды қамтитын 
мұражайлар  жетерлік.  Солардың  ішінде  «Абайтану»  мұражайының  орны 
бөлек. 
«Абайтану»  мұражайы  Алматы  қаласы  №141  жалпы  білім  беретін 
мектебінде 2006 жылдан бастап Кәрімова Лиза Кәрімқызының авторлығымен 
қолға  алынған.  Мұражайда  Абайдың  өмірі  мен  шығармашылық  қызметіне 
және  қазақ  елінің  тарихы  мен  этнографиясына  қатысты  құнды  мұрағаттар, 
заттай  айғақтар,  сирек  қолжазбалар,  суреттер,  көркемсуреттер,  кино,  дыбыс  
таспалары, мемориалдық дүниелер көптеп кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет