Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


«Абайтану» мұражайында          Кеңес-сұхбат арқылы тәжірибе бөлісу



Pdf көрінісі
бет43/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

    «Абайтану» мұражайында          Кеңес-сұхбат арқылы тәжірибе бөлісу   
Мұражайдағы  экспонаттарды  көре  жүріп,  қазақ  әдебиетінің  заңғары 
Абайды  әкелген  ел  тағдырындағы  зарлы    заманға  бойлағандай  әсер  алдық. 
Мұражай  табалдырығын  аттаған  сәттен  бала  күнімізден  сусындап  өскен 
«Көзімнің  қарасы»  әні  жанды  баурап  ерекше  күйге  бөледі.  Ғасырлар  бойы 
қанына сіңген  ұлттық болмысын тани алмағандықтан өмірден өз жолын таба 
алмай,  адасушы  жастардың  көбейген  кезінде  мұражай  директоры 
Л.Кәрімқызының ізгі бастамасын көріп тамашалау бізді зор қуанышқа бөледі. 
«Абайтану»    мұражайы  -  қазақ  баласына    ардақты  алыптарымыз,  кешегі 
Алаш зиялыларының Абайды тану арқылы   ел өркениетіне сіңірген еңбегін 
түсініп  сезіне  білуге  зор  мүкіндік  туғызады  деп  білеміз.  Мектептің  шәкірті 
Байымбетова  Мединаның  әндерін    тамылжыта    орындау  өнері  мұражайдың 
толағай    жемісінің      бір  көрінісі.  Ұлағатты  ұстаз  Л.Кәрімқызының 
бастамасының  діттеген  мақсатына  жету  жолындағы  құлшынысын,  ынтасын 
әлемнің әр түрі елдерінде қазақтың ғана емес барлық адамзаттың маңдайына 
біткен    ұлы  ақынымызды  танытудағы  ерен  еңбегін  көріп    тамсана  отырып 
үлгі  тұттық.    Алған  әсерімізбен  мектебімізге  барғанда  шәкірттерімізбен 
бөлісіп  оларды да шабыттандыруға  асықтық.  
Бүгінгі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  -  бәсекеге  қабілетті,  өздігінен 
білім  алып,  жан-жақты  ізденетін  оқушы,  алдағы  өмірін  өзі  болжай  алатын, 


77 
 
сыни  пікір  –  көзқарастары  жүйелі  дамыған,  сандық  технологияларда 
құзырлық  танытатын  тұлға  қалыптастыру  болып  отыр.  Ол  үшін  мұғалімнің 
бойында  оқытуды  табысты  ететін  Шульманның  үш  көмекшісі  болуы  тиіс. 
Мұғалім  бойында  Шульманның  үш  көмекшісі  «Бас-Қол-Жүрек»  және 
Абайдың «Қайрат-Ақыл-Жүрек» деген қасиеттері табылса, құзырлы мұғалім 
болып  саналады  деуге  болады. Егер  осы  мектептің  өміріндегі  әрекеттерді 
Шульманның  көмекшісіне  салсақ:  Бас  -  әрбір  саналы  адам  Абайды  таниды, 
біледі;  Жүрек  –  62  тамыры  соғып  тұрған  әрбір  адам  жүрегімен  Абайша 
сезінеді;  ал  Қол  бойынша  –  кез-келген  саналы  адам  Абай  үшін,  Абай  ілімі 
бойынша  не  істеп  жатыр  деген  көкейде  сұрақ  туындайды,  міне  оқытудың 
табыстылығы  баспен  біліп,  жүрекпен  сезіп  оны  қолмен  жасай  алу  міндетті. 
Лиза апамыздың бойында осы Шульманның көмекшісі яғни Абай атамыздың 
«Ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек»  қасиетінің  бар  екендігін  көріп 
таныдық.  Мектептің  табысты  оқытуы  мен  сапалы  білім  болуының  бір  қыр-
сыры  осында  жатыр.  Бойында  осындай  қасиеттер  дарыған  басшысы, 
ұстаздары мен шәкірттері бар мектеп бәрінен де озбақ. Себебі «Адам баласы 
адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез, деген нәрселермен озбақ. Одан басқа 
нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық », - деген екен. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет