1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз!



Pdf көрінісі
бет47/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   236
Totin Filosofia (1)

Нақыл сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп беріңіз!
 
 Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады, 
Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады. 
Су түбінде жатқан тас – жел толқытса шығады, 
Ой түбінде жатқан сөз – шер толқытса шығады (Асан-қайғы).
 Біріңді, қазақ, бірің дос, 
Көрмесең – істің бәрі бос (Абай) 
Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді (Абай). 
 Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел (Абай). 
 Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым (Абай). 
Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады. 
 Жүйрік атқа жел қамшы. 
 Ат орнына тай төлеу. 
 Ат аунаған жерде түк қалар. 
 Бір атқа екі жүйрік керек емес. 
Ат қадірін жоқ білмес, ас қадірін тоқ білмес. 


145 
 Жортар аттың тоғы игі. 
Атты қамшымен айдасаң, жаяу қаларсың. 
Атың арық болса, бір шап, отының аз болса, бір жақ. 
Ат алсаң, ауылыңмен ал. 
 Тамырыңнан түйе сұрасаң, қорыққанан бие берер. 
Құлынды атқа санама, жақынды жатқа санама. 
Қайталауға арналған тест сұрақтары: 
1. Қазақтың ертедегі философиялық ой-пікірлері бізге қалай жетті?- 
ертегі, аңыз, мақал-мәтел, т.б. түрінде
2. Қазақ философиясындағы басты мәселе: антропология
3. Көшпелі қоғамның ерекшелігі: дәстүршілдік
4. Көне көшпенділердің философиялық-этникалық идеялары мынада 
айтылады: мифтер және эпостар
5. Көне түркі мифологиясындағы әйел-құдайдың аты? - Ұмай
6. Қазақтың жадында қалған жаратушы ие: Көк-Тәңірі
7. Сақ-Скифтер (өткен бабаларымыз) жайлы мол деректер қалдырған 
көне грек ғұламасы: Герадот
8. Сөйлеген сөздері, ой-толғамдары, пайымдаулары т.б. Платон, 
Аристотель, Геродот, Страбон шығармаларында жоғары бағаланған
есімдері Құрметпен аталған көшпелі сақ-скифтер: Токсарис, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет