44
(құралдық лидерлік); тұлғааралық қатынастарға бағыттылық (эмоцияналдық
лидерлік) [96].
4) Гуманистік бағыт теориясы. Бұл тұжырымдама бойынша тұлға ізгілікті
негізде барлық ұйымды басқара алады.
5) Мотивациялық теория. С.Митчел, С.Эванс
зерттеулері бойынша,
лидердің тиімділігі оның артынан ерушілердің мотивациясына әсер етуіне
байланысты. Олар лидерлік мінез-құлықтың типтерін ұсынады: қолдаушы
лидерлік; директивті лидерлік; табысқа бағытталған лидерлік және т.б. [97].
6) Лидерліктің синтездік теориялары. Лидерлік – топтағы тұлғааралық
қатынас орнату үдерісі. Лидер – осы үдерісті басқаратын субъект. Лидерлікті
зерттеу үшін топ мақсаты мен міндеттерін және лидердің жеке ерекшеліктерін
білу, топтың өмір сүру ұзақтығын да ескеру керек.
Лидердің топтың басқа
мүшелерінен айырмашылығы – оның белгілі ерекшеліктерінің бар болуында
емес, оның күшті әсер ете алу қабілетінде.
7) Лидерліктің функционалды теориясыбойынша, лидер болу үшін адамның
бойында белгілі жағдайларға қажет қасиеттің басым болуы керек, бірақ нақты
жағдайда лидердің рөлін жақсы орындаған адам басқа жағдаяттарда лидерлік
позиция алуға мүмкіндігі болады. Сөйтіп, жан-жақты лидерлік қасиеттер де
болады. Сол арқылы лидерлік харизма қалыптасады. Харизматикалық лидерге
үнемі болатын жеңістер тән және жеңілістің өзі жетістік ретінде талқыланады.
Лидерлік – бұл жеке адамдар немесе бір топтағы адамдарға әсер ету және оларды
белгілі бір мақсатқа жету үшін жұмыс үдерісін басқара алу қабілеті[98].
Көрсетілген лидерлік теорияларды талдау
бізге болашақ мұғалімнің
басқарушылық құзыреттілігінің құрамында лидерліктің болу қажеттілігін
негіздей түседі. Осы ойлар отандық педагогика ғылымы саласындағы
зерттеулерде де көрініс тапқан. Соның ішінде ғалым Ұ.М.Әбдіғапбарова,
Б.Б.Баймұханбетов, Б.А.Байкуловалардың еңбектерінде лидерлік пен басшылық
арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар салыстырылып көрсетілген.
Олар
басшының билік тұрғысынан, әкімшілік тарапынан тағайындалғанымен,
оның бойында лидерлік сапалардың болуы қажеттігін көрсетеді [99].
Сондай-ақ, оқушы лидер мен мұғалім лидердің қалыптасу үдерісін
теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып,
мұғалім лидерді оқушыларға
үлгі-өнеге болатын, оларға мәнді ықпал ететін, мектептің ғана емес қоғамның
дамуында ізгі жаңа өзгерістер
жасай алатын адами қасиеттері, игі мінез
құлықтары, интеллектуалдық біліктері, дидактикалық,
коммуникативтік,
ұйымдастырушылық дағдылары, көшбасшылық қабілеттері жан-жақты дамыған
маман тұрғысынан сипаттайды [100].
Достарыңызбен бөлісу: