Садирбекова динара калымбековна


Келесі шарт – оқытушы мен студенттің тиімді педагогикалық қарым-



Pdf көрінісі
бет43/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

Келесі шарт – оқытушы мен студенттің тиімді педагогикалық қарым-
қатынас орнатуы. Бұл шарт педагогикалық үдерісте субъектіге-субъектілік 
қатынастарды 
орнатуды 
болжайды, 
тұтастай 
алғанда 
тараптардың 
ұстанымдарының теңдігі, серіктеске құрмет пен сенім білдіреді. 
Студенттің іс-әрекетін қолдауға бағытталған заманауи оқу үдерісін 
ұйымдастыруда мұғалімнің бірнеше ұстанымы бөлінеді, оның бірі – кеңесші 
ұстанымы. Кеңес беру әр түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін: 
- «сарапшы» нұсқауы (анықтама); 
- кеңесші нұскауы (көмек); 
- «менеджер» нұсқауы (проблеманы шешуге көмектесу және тікелей 
қатысу). 
Қазіргі заманғы оқу үдерісін ұйымдастыруда кеңес берудің келесі түрлерін 
айқындауға болады: 
- диалог тәртібінде жеке-дара кеңес беру; 
- топтық талқылау тәртібінде («пікірталас клубы») кеңес беру тікелей 
көрсетілген нысан, көрсетілген мәселе бойынша жүргізіледі; 
- өзара әрекеттесу шарттарына бейімделген тікелей қарым-қатынас 
тәртібінде топтық жұмыс түріндегі тренингтік оқыту. 


77
Педагогтың жетекші оқытушылық ұстанымы кәсіби қызметті қолдау 
ретінде түсіндіріледі.Мәселен, біріншіден, ресми бақылау және бағалауды 
қоспағанда, тәжірибелі маман-мұғалім тарапынан кәсіби кеңес беру және 
қолдау; екіншіден, мүдделі тараптар үшін психологиялық тұрғыдан қолайлы 
жағдай жасау тәсілі; үшіншіден, кәсіби қателерді түзету. Анықтамадан көріп 
отырғанымыздай, мұғалімнің бұл ұстанымы кәсіби қызметте жиірек 
қолданылады. Біздің жағдайда мұғалімнің ұстанымы педагогикалық тәжірибеде 
жүзеге асуы мүмкін. 
Тағы бір ұстаным фасилитация – (ағылш. facilitate — себепші болу, 
жеңілдету, көмектесу) – бір мезгілде ынталандыру және босату. Білім берудің 
өзара әрекеттесу әдісінде оның барлық қатысушылары өзгелерді қабылдау үшін 
өздерін ұстай алады: адамдарды және қабылдауды күтеді, өзара түсіністікке 
ұмтылады, диалог арқылы өз позицияларын үйлестіреді. Мұғалім-фасилитатор 
ашық, табиғи, оқушыларға сенімділікпен қарайды және проблемаларды олардың 
көзімен көруге тырысады. Ол студенттердің мүдделерінің орындалуын басты 
мақсат етіп қояды. Болашақ мұғалімдерді даярлауға арналған оқу жоспары 
студенттерге кәсіби қызметке – оқу орнының негізінде педагогикалық 
тәжірибеге 
«кіруге» 
мүмкіндік 
береді. 
Педагогикалық 
практика 
ұйымдастырудың жаңа әдістерін ашып, оқыту тәжірибесінде болашақ 
мұғалімдерге білім беру мен кәсіби іс-әрекет арасындағы айырмашылықты 
көрсетеді. Осы сәтте студент мұғалімдермен және олардың көмегімен өзара 
әрекеттесу қажет болатын проблемаларға тап болады. Студент оқытушымен
ынтымақтастықтың басқа формаларын қажетсінеді, оларды іздейді [174]. 
Осыған байланысты болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру кеңістігі тұрғысынан педагогикалық практика үдерісінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет