473
Сүлеймен қарақшы
олар халыққа ашық түрде тiзе батыруға қорқады. Бiреуден өш
алу керек болса, басмашылар арқылы iстейдi.
Бейiсқожа өз болжамына серiктерiн көндiрiп, бәрi орындарынан
тұрды. Отырған жерлерiне Желтимеспен бiрге Айдаболды
қалдырды. Жылқыларды елге таратып болған соң, бәрi осында
қайта оралып, Желтиместiң жайын одан кейiн ойласпақ болды.
Ертесiне барлық нәрсе Бейiсқожаның болжамдағанындай
болды. Жылқыларды үй-үйге
таратып болған соң ауылға
Мұрсатты қалдырып, қалғандары Айдабол мен Желтимес қалған
жерге келiп түнеген. Түс ауа атын қамшылап Мұрсат жеттi.
— Не болды? — деп сұрады Бейiсқожа.
— Сенiң кешегi айтқаның тура келдi. Әлгiнде ғана ауылға
Озғар оншақты бандысымен келiп кiрдi. Жұрттың басына қамшы
үйiрiп, аспанға мылтық атып, таратылған жылқыларды тартып
алмақ боп, дүрбелең салып жатыр. Пұштай бастық оларға менi
ұстап
бермек едi, зорға қашып үлгердiм. Озғар “Бейiсқожа
қайда?” деп саған сұрау салуда. Түрi қай кездегiден де жаман
нәлетiнiң.
— Пүлiмөттерi бар ма?
— Ол жағын байқай алмадым.
— Мен бiлсем, қазiр бандылар екi-үшеуден бөлiнiп, үй-үйден
жылқыларды жинауға әрекеттенiп жатқан шығар. Бiз олардың
әр жер-әр жерде бөлiнiп жүрген кездерiн пайдаланып, шетiнен
қиратып салайық, — дедi Сүлеймен.
Қарақшылар тоғай iшiмен ауылға беттедi. Сүлеймен кеше
көп жылқының iшiнен өзiне лайық бiр дәу атты таңдап, мiнiп
алған. Дәу аттың жүрiсi
жайсыздау болғанымен, Сүлейменнiң
салмағына шыдамды. Тiптi мұны ауырсынбай шаба да алады.
Шапқанда да төрт аяғын кең тастап, көсiле шабады. Дәу ат
бiрiншi болып, ауыл шетiне жеттi. Сүлеймен атының басын
тартып, артындағыларды күттi.
— Үйлердi тасалап жүрейiк, —
дедi оған бiрiншi жеткен
Бейiсқожа.
— Ауылда қанша үй бар? Үйлер көше-көше болып орналасқан
ба?