505
Сүлеймен қарақшы
iше бердi, iше бердi. Сөйтiп бiр шелек сүттi iшiп қойды. Құса-
құса өкпесi суырылып, өңешi жарылардай болды.
Бiраз уақыт өткенде басының айналғаны қойып,
құлағының
шуылы басылды. Өз-өзiне келдi. Ал лоқсуы тоқтамады. Лоқсып
тұрып байқаса, Парманқұл мен Пұсырманқұл мұны айнала
жүгiрiп жүр екен.
— Ой, нәлетi, қашғарлықтар! Ой, нәлетi, қашғарлықтар! Бәсе,
“бiздi байламаңдаршы” деп, сонша жалынып едi. Ойпырмай,
Сүлеймен, сүт қалай есiңе түстi? Бiз абдырап ештеңе iстей алмай
қалыппыз ғой. Сендерге берген уды бiзге қалай бермеген? Ай,
осы, барып анау Жақардың басын кесiп тастай салайын ба? —
деп Парманқұл кiжiнiп, тепсiнiп жүр.
— Жақарды өлтiру қашпас. Мынау шарадағы айранға мұздай
су қосып, шалап жасап қойдым. Сүлеймендi етпетiнен жатқызып,
ендi осыны iштiрейiк. Iшiндегi заһар
әбден жуылсын, — дедi
Парманқұл. — Жүр, Сүлеймен. Анау нардың үстiне етпетiңнен
жатып, шалапты iшшi. Саған әлi де құсу керек.
— Сүттi iшкен соң адам болып қалған сияқтымын. Шалапты
тағы iшуiм керек пе?
— Керек, керек. Сен әзiрше шалапты iше бер. Парманқұл,
апаршы Сүлеймендi нарға. Мен самауырынға от қойып, су
жылытайын.
— Әй бұл қалай болды өзi? — дедi Сүлеймен нарға жата берiп.
— Әзiрше сөйлеме. Болған жәйттi кейiн айтамыз. Мә, iш,
мына кеседегi шалапты.
Шалаптың бiр кесесiн емес, үш-төрт кесесiн бiр-ақ iштi. Iшкiсi
келмеп едi, Парманқұл қыстап қоймады.
— Мұны неге iшiп жатырмын? Түк құстырған жоқ қой.
— Қазiр құсасың, Сүлеймен. Тағы да көбiрек құсуың керек.
Ендi мынаны iшшi, — дедi Пұсырманқұл басқа кесе
ұсынды.
— Бұл не?
— Жылы су ғой. Мұның да үш-төрт кесесiн бiрден iш.
Жылы суды iшкен соң ал құссын кеп тағы. Құсуын тоқтатса,
анау екеуi шалап пен жылы суды тағы төрт-бес мәрте берiп, әбден
құстыртты. Құса-құса сiлесi қатты.
— Болды, ендi iшкiзбей-ақ қойыңдаршы.
Өмiрiмде ауру
дегендi бiлмейтiн мен ешуақытта бұлай қиналған емеспiн.
— Iшектерiң, өкпелерiң ашып жатқан жоқ па?