Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет236/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Айт.
— Айтсам былай: Қайбiр жылы осындағы Исламқұл 
құрбашы мен “Тұмарабаттағы” Тұрдақ байпатшаны Шыршық 
жақтан келген бiр қазақтың дәуi өлтiрiп кеткен едi. Ол дәудi 
мен көрген емеспiн. Бәлкiм ол мына кiсi болар. Мейлi, сол дәу 
жаңағы кiсiлердiң көзiн жойған соң Қоқаннан кетiп қалыпты. 
Ол кеткенiмен, осында екiқабат қатыны қалған екен. Тұрдақтың 
өлiмiне кектенiп жүрген оның туған iнiсi Жардақ бiр күнi маған 
келдi. “Саған Ташкендегi Бекаба дөкей сәлем айтып, мына кiсiнi 
жiберiптi, — деп өзiмен ертiп келген қап-қара, үлкен денелi 
жiгiттi көрсеттi. — Бекаба осы Қоқанға Исламқұл мен Шалпарды, 
Тұрдақ көкемдi өлтiрген бiр қазақтың дәуiн көзiн жоюға Құрақ 
деген жансызын жiберген екен. Бiрақ Құрақ әлгi қазаққа сатылып 
кетiп, Бекаба жәкемдi жерге қаратыпты. Саған анау дәу қазақты 
табуға осы жiгiтке көмектессiн дептi”, — дедi.
Сөйтiп бiз сол дәу қазақты көп iздедiк. Бiрақ таппадық. 
Таппағанымызбен, оның мына Пұсырманқұлдың жақын досы 
болғанын бiлдiк. Пұсырманқұлды жақсы бiлетiн адамдардан 
сұрастыра жүрiп, дәу қазақтың Қоқаннан кетiп қалғанын, осында 
әйелi мен туылған бiр баласы бар екенiн есiттiк. Осыны естiген 
соң мен Тәшкендегi Бекабадан келген жiгiтке айттым: “Көрдiң 
ғой, дәу қазақ кетiп қалыпты. Ендi Тәшкенге қайт”, — деп. “Жоқ, 
бұл бекерге қайтпайды, — деп шап еттi Жардақ. — Ағамды 
өлтiрген дәу қазақтың қатыны мен баласының көзiн құртып 
қайтады бұл. Жақар, сен де бiрге жүресiң. Егер менiмен бiрге 
жүрмесеңдер, Бекабаға сәлем жiберемiн екеуiңдi айыптап”. 
Мен оның айтқанына көнбедiм. “Жас бала мен жазығы жоқ 
әйелдi өлтiруге қалай қолың барады? Құдайдан қорықсайшы” — 
дедiм. “Ә,Құдайдан қорқасың ба?”— деп Жардақ менi бассалып, 
ұрып тастады. Анау жiгiт те қарап қалмады. Екеулеп соқты менi. 
Олардың соққысынан есiмнен танып қалыппын. Есiмдi жисам, 
бiр аяқ пен бiр қолымды сындырып кетiптi. Олардың кейiн 
әйелдiң үйiн қалай тапқанын бiлмеймiн. Қол-аяғым таңулы, үйде 
жүре алмай жатқанымда мына Қорасаннан болған сұмдықты 
есiттiм. Ал өзiм жақында қол-аяғым сауығып, көшеге шыққам.


501
Сүлеймен қарақшы
— Қол-аяғыңды емес, мойныңды бұрап кеткенде болар едi 
сенiң. Егер Қоқаннан тапқандарыңда менi өлтiруге қатысар едiң 
ғой-ә, — деп Сүлеймен оған шүйлiккенде Жақар бүрiсе түстi.
— Жо-жоқ... Көке, менiң еш кiнәм жоқ қой.
— Тура қазiр маған Жардақты тауып бересiң. Әйтпесе, екеуiң 
де өмiрмен қоштасасыңдар.
— Жардақты табуын тауып беремiн-ау. Бiрақ ол сiздердi 
көргенде үйiнен шықпай ма деп қорқам.
— Ал сен үйiнен шығатындай айла тап. Бiз оған көрiнбей 
тұрамыз. Егер жолай көшеде қашатын болсаң, мына Айдаболдың 
қойнында шолақ мылтық бар. Тура желкеңнен атып, топырақ 
құштыра салады. Ал, жүр еңдi! Жардақтың үйi қай жерде?
— Қазiр сәске мезгiлi болып қалды. Ол қазiр дүкенiне келген 
шығар.
— Ол қай жердегi дүкенде iстейдi?
— Құдиярсарайдағы дүкенде. Қант, май сатады.
— Сол дүкенге күндiз адамдар көп баратын шығар-ә? — деп 
Сүлеймен Пұсырманқұлға бұрылды.
— Әлбетте. Егер оның мынау айтқандай, дүкеншi екенi рас 
болса, оны сонда ұстау қиын. Басқалар байқап қойса, мiлисаға 
айтып жүрер. Ең оңайы — кешке үйiне қайтып бара жатқанда 
ұстау. Сен Жардақтың үйiн бiлесiң бе? — деп Пұсырманқұл 
Жақарға қарады,
— Бiлемiн. Үйi шаһар шетiндегi тәжiк қышлақта. — 
Пұсырманқұл ендi Сүлейменге бұрылды: — Мынаны ертiп, 
Жардақтiкiне түнде барсақ қайтедi?
— Сонда түнге дейiн осында отыра беремiз бе?
— Басқа амал жоқ. Жақар мен Қорасан да үйден шықпай, 
бiзбен бiрге отырады. Осылай етсек, секемсiз отырамыз.
— Мейлi, айтқаның болсын. Ей, Жақар үйiңде ет-пет, нан-шай 
бар ма?
— Бар, бәрi бар. Пұсырманқұл жәкем “кешке дейiн осында 
боламыз” дедi ме? Жарайды, болыңыздар. Түн түсе, Жардақтiкiне 
ертiп барайын. Ал ендi бiздi босатыңыздаршы. Қорасан екеумiз 
сiздерге дастархан жасап, ауқат iстейiк.
— Әй, сенiң қатын, бала-шағаң жоқ па? Қайда олар?
— Менiң әйелiм алдыңғы жылы бала туа алмай, қайтыс болған. 
Содан берi лайықты әйел iздеп таба алмай жүрмiн.
Парманқұл мен Айдабол екеуiн байлаудан босатты. Жақар 
төргi тамға кiрiп, дастархан жасаудың қамына кiрiстi. 


502


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет