Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет255/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
зәбiр көрсетiп жүрген мықтысымақтың атын естiсем болды
соны тiзерлетпейiнше, тыныштық таппайтынмын. Жайлы 
тұрмыс, жұмсақ көрпе маған жақпайтын. Әлi де сондаймын ғой. 
Қартайсам да қыранға ұқсап биiкке самғағым, көкжалға ұқсап 
дала кезiп кеткiм келiп тұрады. Осы мiнезiмдi әлi күнге дейiн 
өзiм де ұқпай келемiн. Сенсең, iнiм, мынау кең дүние маған тар 
болады да тұрады. 
Соғыс басталған қырық бiрiншi жылы мен қырық үште 
едiм. Онда Тәшкенде тұрғаныммен, ешқандай жеке документiм 
болмайтын. Документiм болмағасын, еш жерде тiркеуде де 
жоқпын да. Соның кесiрiнен Тәшкен военкоматына “Менi 
соғысқа жiбер” деп қанша өтiнсем де, майданға жiбермей қойды. 
Бiр жағы — менiң түрiме қарап, “Сiз елуге таяп қалғансыз-ау. 
Елу жастағыларды соғысқа жiбере алмаймыз. Одан да соғыстағы 
майдангерлер үшiн осында еңбек етiңiз” деп дәл жасыма сенбедi. 
Сөйтiп, қан кешуге әбден үйренген мен, жат жерде өлiктерi 
қалған талай қандастарыммен бiрге соғысқа бара алмадым. Алай 
мен Тәшкендегi баскесерлер мен жөйттердi басып-жаншып, 
қаһарман атанғанша, сол соғысқа барып, жаумен аянбай ашық 
айқасып, батыр атанған мың есе тәуiр ме едi. Амал не, Ұлы 
Отан соғысының нәсiбiн Құдай маған таттырмады. Егер де 
сол соғыста сондағы ұран — “Ел үшiн”, “Сталин үшiн” деген 
аттанмен жауға шауып, мерт болсам, менiң күрделi ғұмырымды 
жете түсiнбегендiктен, ой-саналары ауыл қырынан аспайтын 
надан жел сөздiлер мен қорқақ бейпiл ауыздылар айтып жүрген 
“қарақшы” деген ныспым жоғалып, жұрт менi “Ел үшiн жанын 
қиған ер Сүлеймен” дер ме едi.
Осы сәт ол туралы көптен берi бағамдап жүрген ойымды 
айтудың сәтi келдi. Сүкең сөзiн тоқтатып, кеседегi шайға қолын 
созғанда сол ойымды жайып салдым:
— Сiз тегiн адам емессiз, Сүке. Арғы бабаңыз Төле биден 
бастап бергi аталарыңыздың барлығы әруақты кiсiлер болған. 
Бiрi шешен, бiрi би, бiрi батыр, бiрi бай едi. Солардан қалған рух 
пен қасиет жиылып кеп, бiр байлықтан басқасының бәрi өзiңiзге 
қонған-ау. Сонша қатерлi өмiр кешiп жүргенiңiзде, сiздi неге 
бiр тентек тасада тұрып атып кетпедi. Ұйықтап жатқаныңызда 


542
Сүлеймен қарақшы
бiр бұзық неге басыңызды шауып кетпедi? Осындай-осындай 
қауiптерден сiздi үнемi қорғап жүрген бiр киенiң болғаны да. 
Ондай кие, әруақты жандарда ғана болатыны аян. 
Бүгiн Сүке, тым көңiлсiзсiз ғой. Бөтен жерде емес, iнiңiздiң 
үйiнде отырсыз. Бұрын үнемi қабағыңыз ашық жүретiн едi. 
Ашық-жарқын отырыңызшы. Өзiңiз шақырып келтiре алмайтын 
қонақсыз. Келгенiңiзге қуанып отырмын. Жадырап, өткен-
кеткеннен сыр шертсеңiз тәуiр болар едi. 
— “Балықшы балығын, қойшы қойын айтады” дегендей, менде 
адам қызығарлық өткен шақ бар деймiсiң. Мен айтсам, кейбiр 
әңгiмелерiме төбе шашың тiк тұрады. Қарақшының айтатыны 
қарақшылық жортуылдан басқа не болсын. 
— Сiз, Сүке, жұрт жек көретiн қарақшы емессiз. Бiле бiлсеңiз, 
сiз күллi халықтың сүйiктi тұлғасысыз. Iсi лас, тiрлiгi нас, жаман 
қарақшыны жұрт сыйламас-ты. Ал, сiз, қарақшы деген атпен 
зор даңққа бөленiп, сол атақпен қошаметтi өмiр сүрдiңiз. Елдiң 
өзiңiзге деген iлтипаты өзгеше. Осыған шүкiр деңiз. 
— Е-е, Дүйсенбек, жұрттың бәрiнiң түсiнiгi сенiкiндей 
деймiсiң. Жасым ұлғайған сайын өткенiме көп көз жiберiп
өмiрiмнiң бiрталай кезеңiне өкiнiш бiлдiрiп, түн ұйқымның төрт 
бөлiнетiнi бар. Неге сонша сергелдең өмiрге құмар болғаныма 
таңмын. Таң бола тұрып, “басқаша өмiр сүре алмас едiм-ау 
бәрiбiр” деген ой туады тағы. Менi қынжылтатын, ылғи маза 
бермейтiн бiр ой бар. Мына жалғанда кiм мәңгiлiк дейсiң. Мен 
де кетермiн бiр күнi. Бiр күнi емес-ау, сол ажал қап-қара болып, 
кешелi берi жаныма таяп-таяп келiп жүргендей... Иә, құрғыр 
ажалдан кiм құтылған? Ол тап келсе, артымда не қалды, соны 
ойлап мазаланам. Ел не айтады мен жайында. Ұрпақтарым кiм 
болды дейдi? Менiң ешкiмнiң басынғанын көтере алмайтын биiк 
көкiрегiмдi, ешкiмге намысымды жiбермейтiн өршiл жүрегiмнiң 
сырын кейiнгiлер ұға ала ма? Әлде майда-шүйде ұры-қарыларға 
бас болған, талайдың түбiне жеткен қанiшердiң нағыз өзi болған 
дер ме?
Мен Сүкеңнiң мұң торлаған көңiлiн серпiлткiм келдi. Ол үшiн 
оның қуанышпен еске алатын естелiктерiн қозғайын дедiм:


543


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет