118
Сүлеймен қарақшы
айып. Солай бола тұра, “оны мен өлтiрмесем, ол менi өлтiретiн
едi” деп ғадiлдiк пен хақтықты айтып, ешкiмдi иландыра
алмайсың бәрiбiр. Сол үшiн де ол жақтан кеше кетiп қалғаның
тәуiр болған. Мұнда сенi паналатуға бiз жараймыз.
— Онда тағы арыз-тiлегiм бар сендерге. Осы екеуiңнiң бiрiң
бiздiң елге барып, ауыл ауанын, Досалы мен Ордабектiң ахуалын
бiлiп қайтыңдаршы. Орыстар менi iздестiрiп жат-қан жоқ па
екен? Егер кәпiрлер ауылыма
барып лаң салатындай болса,
оларды кiм басқарып жүргенiн анықтасаңдар. Кейiн бiр түнде
барып, белсендiсiнiң белiн сындырып қайтайық.
— Ол жаққа Топыш барып қайтсын.
— Барайын, — дедi Топыш сөзге келмей.
— Онда жаныңа бiреудi ертiп, ертең аттан.
— Жарайды, жаныма Елеусiндi ертем.
Ертесiне Топыш пен Елеусiн аттанып кеттi. Содан оныншы
күн дегенде қайта келдi.
— Қалай, ат-көлiктерiң аман келдiңдер ме? — деп қарсы алды
ол екеуiн Сүлеймен мен Қасқабай.
— О, Сүлеймен, жаңа мансабың құтты болсын, — дедi Топыш
ыржия аттан түсiп жатып.
— Мансабы несi?
— Саған елiңдегiлер “қарақшы” деп ат қойып алыпты.
— Әй, әй, түсiндiрiп айтшы. Кiм менi бұлай атап жүрген?
— Мен ұзақ жолдан атсоқты боп, шаршап келiп тұрмын.
Талған тiземдi ауырсына басып,
қаздиып тұрып әңгiмемдi
айтпайтын шығармын. Үйге кiрейiк те. Әмбе хабар, дұғай сәлем-
сауқат содан кейiн-ақ айтыла берер.
Қымыз iшiп, көңiлi жайланған Топыш әңгiме айтуға кiрiстi.
Оның айтуынша, поптың өлiмi кәпiрлердi қатты дүрлiктiрiптi.
Бұлар Ордабектiң ауылына жеткен күнi орыстың да бiр топ
адамдары болысқа келiп, “Сүлеймендi тауып бер”
деп дау
салыпты. Орысшаға жүйрiк шодыр мiнез Ноғай, мiлисалығын
пайдаланып: “Сүлеймен мұнда келген жоқ. Оған тиiссеңдер,
тағы бiреуiңдi өлтiредi”, — деп
оларға ұрсып-ұрсып қайтарып
жiберiптi. Қайтарғанда жәй қайтармапты. Қасындағы өзi секiлдi
қызыл киiмдi сарбазды жұмсап, орыстардың иықтарына асынған
мылтықтарын тартып алыпты. Орыстар болса: “Шымқаладағы