Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет97/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
қылды). Және кейбір қауымдарды нирун, татар, меркіт баршасын 
бағындырып, әскер қуаты артық (көбейіп) болып халі нығайды» [2, 
50–51 бб.].
Адамзат тарихы прогресс пен білімділік үшін күрес тарихы. 
Осы күресте мәдениет құндылығы адамзат үшін аса зор. Мемлекет 
басқарудың ең тиімді түрі – патшалық. Ол ерікті қоғамның қалып-
тасуына жағдай жасауы керек. Шыңғыс хан туралы:
Ол «Үлкен құрылтай шақырды. Мұнлие-Ичигенің ұлы Көкәчу 
Тәб-Тәңірі атты Қарим нафс (көріпкел) кісі еді. Оның дуасы кереметті 
қылушы еді. Бұрын бірнеше рет (Шыңғыс ханға) айтып еді: «Алла 
тағала жер жүзінде патшалық саған бергей» деп. Ол күн (де) келді. 
Дуасы кереметтігін көрсетті, айтты: «патшалар еді бұл ықылымда 
әрбірін Гурхан (Гөөр хан) деп айтатын еді, олар сенің қолында мақхур 
(басыбайлы, бағынышты) болды. Сенің атың бұл мағынадан Шыңғыс 
аталды, яғни патша болды. Алла тағала бұйрық тұр, сенің атың 
Шыңғыс хан болғай. Шыңғыс хан демектің мағынасы патшалардың 
патшасы демек болды. Моғол тілімен және Көкәчу Тәб-Тәңірі сондай 
ат қойды. Барша ұлықтар ол мағынаны қабылдады, баршасы бұл 
атты бекітті. Жә – бұл кезде оның қуаты, күші қай жағынан болсада 
толығырақ пайда болды, және жаһанда патша болды» [2, 56 б.].
Теңсіздік – мәңгі әлеуметтік құбылыс емес. Әлеуметтік 
теңсіздікті жоюдың бірден-бір жолы бәсеке бостандығы арқылы 
адамдардың табиғи сұраныстарының (өмір сүруге, ерікті болуға) 
қанағаттандырылуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау. Адам-
дардың бұл аталған табиғи құқықтары феодалдық қоғам тұрғысында 
жүзеге асырылмай келді, себебі онда билеушілердің мінез-құлықтары 
нашарлап, адамгершіліктері төмендеп кеткен. Сондықтан халықтың 
табиғи құқықтарын жүзеге асыру үшін мемлекетті басқарту тәсілін 
өзгертіп, жетілдіру және заңдарды реттеу керек.
Мемлекет басқаруда ұлы адамдардың (патшалар, қолбасшылар, 
ғұламалар т. б.) рөлі өте жоғары. Демек, билеушілер арлы, ақылды, 
Жанашыр, әділетті болса, халықтардың жағдайы жақсарады 
және өздерінің табиғи құқықтарына жетуге мүмкіндік алады. 
Шыңғысханның үндеуі мынадай:
«Ұлдарым, менің сіздерге өсиетім мынау: дұшпанға қатал 
болыңыздар, достарыңызға жақсылық етіңіздер, бір мінезді, бір 
сырлы (сөзді) болыңыздар, сонда өздеріңіз байлық пен бақытты, назды 
етесіздер, сол мүліктеріңізге алла тағала береке бергей!» [2, 77 бб.].
Адамның қуанышын тудыратын және күшейтетін істтің барлығы 
– игілік, ал оған қарама-қарсы іс әрекет – бақытсыздық. Тарихтың 
даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің 


100 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет