Физикалық заң жайында:
1.Физикалық заң қандай шамалардың арасындағы байланысты тағайындайды.
2.Заңның тұжырымдамасы.
3.Заңды дәлелдейтін тәжірибелер мен эксперименттік факт.
4.Заңды осы заманғы ғылыми теориялар негізінде түсіндіру.
5.Заңды практикада қолданудың (ескерудің) мысалдары.
Нысан жайында:
1. Нысанның жалпы сипаттамасы.
2. Пайда болу шарттары.
3. Нысанның физикалық қасиеттері.
4. Сапалық сипаттамалары.
5. Модель.
6. Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер.
7. Оның мүмкін күйлері.
8. Практикада пайдаланылуы.
Тәжірибе жайында:
1. Тәжірибенің мақсаты.
2. Тәжірибенің сызбасы (кестесы).
3. Тәжірибе өтетін жағдайлар.
4. Тәжірибе жасау.
5. Тәжірибенің қорытындысы.
Приборлар жайында:
1. Құрылғының қызметі.
2. Құрылғының сызбасы (кестесы).
3. Құрылғының жұмыс істеу принциптері.
4. Қолданылуы.
Бағалауға келесі іскерліктер жатады:
- табиғат пен техниканың құбылыстарын түсіндіру үшін ұғымдарды, заңдарды
және теорияларды қолдану;
- оқулықпен өзбетінше жұмыс істеу;
- белгілі заңдар мен формулалар негізінде есептерді шығару;
- физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану.
Лабораториялық жұмыстарды бағалау кезінде келесі іскерліктер ескеріледі:
- тәжірибені жүргізуді жоспарлау;
- кесте бойынша қондырғыны жинау;
- өлшеуіш
приборларды қолдану;
- бақылаулар жүргізу, өлшеуіш приборлардың мәліметтерін алу,
шамалар
тәуелділіктерінің кестесін құру және графиктер тұрғызу;
- өлшеу нәтижелерін бағалау және өлшеу қателіктерін есептеу (жоғарғы сынып
үшін);
- істелеген жұмыс бойынша қысқаша есеп беру және қорытынды жасау.
Бағдарламада оқушылардың
ауызша жауаптарын бағалау нормасының мысалы
келтірілген.
«5» бағасы қойылады, егер оқушы:
- қарастырылған құбылыстардың және заңдылықтардың,
заңдардың мен
теориялардың физикалық мәнін дұрыс түсінгенін білген кезде, негізгі ұғымдарға, заңдарға
және теорияларға дұрыс анықтама бергенде, сондай-ақ физикалық
шамалар мен олардың
өлшем бірліктерін және өлшеу тәсілдерін дұрыс анықтағанда;
- алынған жауаптың сызбаларын, кестеларын және графиктерін дұрыс
орындағанда;
- жауапты
жеке жоспар бойынша құрғанда, баяндау барысында жаңа мысалдарды
қолданғанда, практиалық тапсырмаларды орындау кезінде жаңа жағдайларға білімдерді
қолдана білгенде;
- физика курсы бойынша меңгерілген және бұрын меңгерілген материал,
сондай-ақ
басқа пәндерді игеру кезінде меңгерілген материал арасында байланыс орната білгенде;
- қателіктерді дұрыс талдағанда.
Достарыңызбен бөлісу: