331
void push_front(const T& value);
void pop_front();
Таңдау кезінде элемент кезектен жойылады.
Кезек үшін
capacity
жəне
reserve
функциялары анықталмаған, алайда
resize
жəне
size
функциялары бар.
Кезектерге «Алгоритмдер» деп аталатын 14-тарауда, 373 б. сипатталған
стандартты кітапхана алгоритмдерін қолдануға болады.
Тізімдер (list)
Тізім өз элементтеріне кездейсоқ түрде қол жеткізуді сүйемелдемейді,
бірақ элементтерді кірістіру мен жою операциялары тұрақты уақыт кезеңінде
орындалады. STL кітапханасында
list
класы əрбір түйінінде өзінен кейінгі
жəне алдыңғы элементтерге сілтемелер беретін екібайланысты тізім түрінде
жүзеге асырылған. Сондықтан кезектің итераторлары үшін инкремент жəне
декремент операциялары тұрақты уақытта орындалады, ал ондағы
n
түйінге
ығыстыру əрекеті осы
n
шамасына пропорционал уақытты қажет етеді.
Кірістіру жəне жою операцияларын орындағаннан кейін барлық итератор-
лар мен сілтемелердің мəндері жарамды болып қалады.
Тізім векторлар мен кезектерге қолданылатын операцияларға ұқсас болып
келетін конструкторларды, меншіктеу операциясын, көшіру функция-
сын, салыстыру операциялары жəне итераторларды сүйемелдейді.
Тізімдер үшін оның элементтеріне қол жеткізу келесі əдістермен
шектеледі:
reference front();
const_reference front() const;
reference back();
const_reference back() const;
Элементтерді тізім басына жəне соңына енгізу үшін кезектің осыларға
сəйкес əдістеріне ұқсас əдістер анықталған:
void push_front(const T& value);
void pop_front();
void push_back(const T& value);
void pop_back();
Сонымен қатар, дəл векторлар мен кезектердегі сияқты,
Достарыңызбен бөлісу: |