б) ұлттық әдепті мүлде сақтамайды; в) хабар барысында өз бағдарламаларының атын дұрыс атамайды». Жалпы, автормен толықтай келісуге болады. Журналистік эдептің бұзылатын тағы бір тұсы - кейбір теле- арнада сөздің бұрмалануы. Мысалы, «Алматы» телеарнасының журналистері кейде: «Хабарымыз өз мәресіне жетті» деп қорытындылап жатады. Бейнебір телехабар бір мәреден баста- лып, келесі мэремен аяқталатын жарыс іспеттес. Сондай-ак, бұл арнада аңғарғанымыз, журналистер қылмыстық істерге байланыс- ты көбіне «құрықталды» деген сөзді қолданады. «Қолға түсірді, ұстады, тұтқындады» деген тіркестердің орнына, арна тілшілері малға қатысты айтылатын осы сөз тіркесін қолдануға құмар. Балаларға арналған хабарлардан кезінде «Хабар» арнасында «Сиқырлы эріптер» хабарының мэні зор болды. Хабардың осы- лай аталуында да ерекше мән жатыр, яғни, казак жэне орыс тілінің жүгін көтерген бағдарламаның негізгі мұраты бүлдіршіндерге тіл үйретуді көздеді. Ә сіресе, казак тілін меңгерудің тиімді тәсілі таңдалып алынды. Бағдарлама арнайы сценарий аясында театрлық көрініс түрінде жүрді. Бүл бағдарламаның әрбір сағаты эріп та- нып, тіл үйренуге жетеледі. Сондай-ақ балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеп, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйретті десек артық айтпаған болар едік. «Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат қүралдарының бір бөлігі сапалы дүние таратумен ерекшеленсе, енді бірі сапасыз насихаттарға орын беріп жүр. М әселен, «КТК» телеарнасынан
ІІІтарау. Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
99 берілетін «Анда-санда» жэне «Наша Казаша» (бұл - ресейлік