P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


оқырманмен ж үздесіп тұратын «Мырза» атты газет біраз уақыт



Pdf көрінісі
бет127/280
Дата07.06.2022
өлшемі7.74 Mb.
#459022
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

оқырманмен ж үздесіп тұратын «Мырза» атты газет біраз уақыт 
өз оқырманына жол тартқанын білеміз. Газеттің негізгі жүгін 
көтеріп, салмақтап тұрған «Жігіттер бар, нарқасқа!» тұракты ай- 
дарында жарияланған сұхбатта елімізге белгілі тұлғалар мен өнер, 
мәдениет қайраткерлерінен келелі әңгімелер оқырманға өріліп жол 
тартып отырды. «Спорт» беті де өзіне жүктелген міндетін мінсіз 
атқарып тұрды.
Дегенмен, газетте құнды дүниемен қатар, салмағы арзан 
дүниеге де жол көп берілгендігін байқауымызға болады. Мысалы, 
газеттің 2008 жылғы № 4 санының бірінші бетіндегі: «Мақаш ағамыз 
бос сөзбен аттандай бергенше, өзінің туған қызын, немересін, 
ш өбересін жезөкшелер үйіне өткізіп немесе азаматтық некеге 
түрғызып «үлгі» көрсетсе сөзі өтімді болады», - деген тұрпайы 
сөйлем кез келген оқырманды елең еткізеді. Екінші бетіне белгілі 
ғалымның суретін басып, маңдайшасына: «Бэби бумның атасы 
алжиын депті» деген тақырып қойыпты. Мұндай сөз еститіндей 
ғалымға не болыпты деген оймен мүқият оқысаңыз, шын мәнінде, 
мақала кейіпкері ешкімнің «басын жарып, көзін шығармаған». 
Автор М. Тэтімнің «Айқын» газетіне берген бір сұхбатында 
азаматтық неке жайында өз пікірін, көзқарасын білдіргені үшін та- 
нымал түлғаны «алжыған», «батыстың қаңсығын таңсық көргіш», 
«бейшара», «жалтақ» деп жер-жебіріне жеткізген екен. Бұл автор 
тарапынан әдепсіздіктің айқын көрінісін аңғартады. Өйткені өз 
ойын байыпты, парасатты түрғыда талдап, жеткізуге болар еді. 
Алайда автордың газетті ұрыс-керіс алаңына айналдырып жіберуі 
осындай артық дүниенің тууына мэжбүр болтан.
«Мырза» газетінің «Есіңді жи, еркек!» атты тұракты айда- 
рында тілші бірнеше эйел алушылықты үлттық идея деңгейіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет