ІПтарау.
Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
117
лап алған болатын. Ал біздің қазақ басылымдары ұлттық мәселені
көтерді. Руханият жайына баса назар аударды. Қазақтілді басы-
лымдар қазір де осы бетінен айныған жоқ. Осыдан біраз бұрын
қазақ басылымдарындағы мақалаларды орыс тіліне аударып
беретін «Дайджест» деген басылым шыға бастаған болатын. Бірақ
неге екені белгісіз, қазір сол газет тоқтап қалды. Бұл басылым
қазақша басылған дүниелерді аударып басып, қазақтілділер мен
орыстілділер арасындағы алтын көпір тэрізді еді». (Алаш айнасы.
- 2009. 25 желтоқсан. Қ. Қари, Орыс басылымдарындағы мәселені
қазақ басылымдары көтермейді» деген сөздің уақыты өтті).
Қазір көп жағдайда билік БАҚ-тың айтқанымен санаса
бермейді, оны өзінің үні ретінде пайдалангысы келеді. Осы тұста
Достарыңызбен бөлісу: