лар орналасқан мемлекеттердің өкіметін сынамауға тырыс. Қарап
отырсаңыз мұның өзі дипломатияға жатады (Журналист. - 1990.
№ 10. 74-75 бб. Фере Г. «Свобода» без грима).
Баспасөз
қызметкерлері
үшін
оқырмандардың
сеніміне
қалайша кірудің жолын көрсетіп, кеңес берген «Уэстчестер Ролэнд
ньюспейперз» газеттер тобының вице-президенті эрі атқарушы
редакторы Лоуренс К. Бопре мынадай негізгі талаптарды атап
50
Ж а қ сы лы ң б а ева Р.С. Ж урналист этикасы
көрсетті: «Сенімге ие болу үшін журналистерге нақтылық, ақпарат
көзіне сілтеме жасау, адалдық, көңіл білдіру, жақсы мінез-құлықтар
сияқты қасиеттер тэн болу керек» (Журналист. - 1993. № 10. -
48-49 бб. Школа Американской журналистики).
Сөйтіп дүниеж үзінің барлық елдерінде, оның ішінде сөз
бостандығы дамыған мемлекеттерде журналистердің қызметін
реттеп отыратын, журналистиканың халықтың сеніміне, қүр-
метіне бөленуін қамтамасыз ететін этикалық талаптар бар. Олар
журналистиканың беделін көтеруге, сайып келгенде, бүкіл қоғамға
қызмет етеді. Озық елдерден біздің жаңадан қалыптасып келе
жатқан еркін журналистиканың үйренері көп.
Қазіргі басылымдар таралымы сұранысқа тікелей байланысты,
сондықтан, эрбір мерзімді басылым оқырманды қызықтыратын,
көңілінен шығатын неше түрлі материалдар жариялап жата-
ды. Оқырман аудиториясы үшін қатаң бәсеке кезінде этикалық
талаптардың жолда қалу жағдайлары жоқ емес. Әрине, газет-жур-
нал материалдары бойынша жүргізілетін сот істері шет елдерге
қарағанда бізде сирек, бірақ эдептілікке жатпайтын материалдар-
дың жарыққа шығуы кейде кездесіп жатады. Журналистің кэсіби
Достарыңызбен бөлісу: |