бұл - журналист жауапкершілігінің артқандығының заң жүзіндегі
көрінісі. Мұнымен қатар, журналистің жеке басының тэрбие
деңгейін, мэдениеттілігін, эдептілігін қоғам алдындағы өзінің
парызын қалай түсінетіндігін аңғартатын этикалық мәселелер
бар. Этикалық талаптар, нормалар жазылмаған заң деп те аталып
жүреді, олардың орындалуы не орындалмауының маңызы өте зор.
Редакциялар мен журналистер жұмыс барысында түрлі
нормативті актілермен бетпе-бет қалып жатады. Арасында
журналистік құқықтарға ешбір қатысы жоқтары да кездеседі.
Айталық, ақпаратты жинау мен таратуда азаматтық құқықтармен
кезігіп қалса; тұлғаның ар-ожданына қарсы эрекет еткен жур
налистер қылмыстық іске тап болады; ұжымдағы қызметтік
қарым-қатынастарда еңбек жэне экімшілік жауапқа тартылуы
мүмкін; редакцияның шаруашылық істерін жүргізуде қаржылық
құқықтарға тэуелді болуы эбден мүмкін.
Журналистиканың барлық міндеттерінің ішінде - адамгершілік,
шынайылық пен объективтілік, журналистің элеуметтік ортада
жүріс-тұрысын қадағалайтын этикалық нормалардың негізі болып
табылады. Оларға қойылатын басты талап - тек қана шындықты
жазу, оқиғаларды зерттеп-тергеуде ешқандай қателіктер жібермеу.
Бұл талапты орындамаған журналист өзі жұмыс істейтін
бұқаралық ақпарат құралының абыройын түсірмес бұрын, заңды-
құқықтық жауапкершілікті жүктеп алуы мүмкін. Бәсекелестік
күрес жағдайында эрі дұрыс қалыптаспаған ақпараттық нарықта
көптеген журналистер мен редакциялар «БАҚ туралы заңды» дұрыс
орындамай жүрген жайы да бар. Бұған қоса, біле тұра жіберілетін
қателер де жоқ емес. Өйткені, соңғы уақытта бұқаралық ақпарат
құралдарының көмегіне жүгініп жауласатын топтар пайда болды.
|