P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


Бүгінгі таңда журналистердің конституциялық құқықтары



Pdf көрінісі
бет93/280
Дата07.06.2022
өлшемі7.74 Mb.
#459022
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   280
Жаксылыкбаева Р.

Бүгінгі таңда журналистердің конституциялық құқықтары 
жиі бұзылады. Мысалы, бірнеше жыл оппозициялық БАҚ-та 
жұмыс істеген әріптестерімізді мемлекеттік БАҚ-тар жұмысқа 
қабылдамай жатады. Бір өкініштісі, сол жұмыссыз журналистер га­
зет редакциясына берген өтінішінің екінші данасын сотқа апаруды 
біле бермейді. Яғни, Еңбек кодексінде «Журналистердің еңбек ету 
кұқықтары» деген бөлім жоқ. Ш етелдердегі сияқты қазақстандық 
журналистердің д е жеке өміріне, жақын-жуықтарының өміріне 
қауіп төнеді. Бұл жерде де журналистерді қорғайтын заңдық негіз 
жоқ.
Қазақстанда журналистердің соққыға жығылуы, пышақталуы 
соңғы кездері көбейіп кетті. Мұны Қазақстанның қоғамдық- 
қауіпсіздік саласының 
немқұрайдылығынан 
көруге 
болады. 
Әйтпесе журналистеріміз өз қызметін мүлтіксіз істеп отыр. Яғни, 
халыққа еркін ой, еркін пікірлерін берді. Осы ретте интернет 
желісінде хабар тарататын «Азаттық» радиосының директоры 
Едіге Мағауин: «Тапа-тал түсте журналистердің пышақталуы 
қай жағынан айтсаңыз да, кездейсоқтыққа жатпайды. Сондай-ақ, 
мұндай әрекеттер елдегі белгілі бір саяси үрдістің көрінісі іспетті. 
Бұны жеке бөліп қараудың қажеті жоқ. Өйткені бұл бір ғана 
«Азаттық» журналистерімен шектеліп отырған іс емес. Басқа да 
БАҚ қызметкерлерін қамтып отыр ғой. М әселен, жуырда «О бщ ее-


72
Ж а қ сы лы қ б а ева Р.С. Ж урналист этикасы
твенная позиция» газетінің тілшісі Бақытжан Нұрпейісов соққыға 
жығылды ғой. Сондықтан да мұны жай кездейсоқтық іс деп айта 
алмаймын», - дейді (Тасжарған. - 2009. - 1 сәуір. Е. Мағауин, 
Журналистің пышақталуы - елдегі саяси үрдістің көрінісі...).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   280




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет