Білім беру бағдарламасы 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата27.08.2022
өлшемі1.26 Mb.
#460060
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Силлабус Тіл біліміне кіріспе

№9 дәрістің тақырыбыГрамматика 
1. Грамматика және оның салалары 
2. 
Морфема туралы ұғым
Грамматика-тілдің 
құрылысын 
зерттейтін 
тіл 
білімінің 
саласы. 
Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны - тілдің морфологиялық және 
синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық 
мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың 
керіну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы маңыналардың берілу 
тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: 
тарихи және сипаттамалы. 
Морфема дегеніміз-сөздің ары карай бөлшектеуге келмейтін ең кіші 
мағыналық бөлшегі. Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір 
морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың 
түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс. 
Грамматикалық мағына грамматикалық форма арқылы беріледі.Грамматикалық мағына 
дегеніміз- сөздің лексикалық мағынасына үстеме мағына, сөздердің түрлі-түрлі 
қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Грамматикалық форма 
дегеніміз - грамматикалық мағына туғызушы тілдік құралдар. Сөз 
формаларының екі түрі: синтетикалық және аналитикалық-грамматикалық 
мағыналар әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер: 
аффиксация, ішкі фиксия, қосарлану, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, 
екпін, интонация. 
Грамматикалық категория-грамматикалық мағына мен грамматикалық
формадан тұрады. Ол сөз топтарына қатысты болады. Түрлері: род, септік, 
көптік, жақ, шақ, рай етіс. 
Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - 
сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен 
тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз 
топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық
синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай 
сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, 
сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш. 
Синтаксис 
сөз 
тіркесін, 
сөйлем 
мүшелерін, 
сөйлем 
түрлерін 
қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу. матасу, меңгеру, кабысу, 
жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып белінеді. 
Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-
интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және 


сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай 
сөйлем және кұрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді. 
Құрмалас сөйлемдер: I) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас 
сөйлем 3) аралас құрмалас сөйлем болып үш топқа жіктеледі. 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Морфология, сөзжасам, синтаксис салалары жайлы баяндаңыз 
2. 
Сөйлемнің қарым-қатынас қызметіне мысалдар келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет