Білім беру бағдарламасы 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі»



Pdf көрінісі
бет10/42
Дата27.08.2022
өлшемі1.26 Mb.
#460060
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Силлабус Тіл біліміне кіріспе

№8 дәрістің тақырыбы Лексикография
1. Аударма сөздіктер 
2. Фразеологиялық сөздіктер 
Аударма сөздіктердің екі түрі бар: оның бірінде белгілі бір шет тілдегі сөздер мен 
фразеологизмдер ана тіліне аударылып беріледі де, екіншісінде, керісінше, ана тіліндегі 
сөздер мен фразеологизмдер шет тілге аударылады. 
Фразеологиялық сөздік белгілі бір тілдегі әр түрлі фразеологиялық оралымдарды 
қамтиды, олардың мағыналарын түсіндіреді. 
Фразеологиялық сөздік бір тілдік түсіндірме сөздік түрінде де, екі тілдік аударма 
сөздік түрінде де жасалады. Аударма фразеологиялық сөздіктер мыналар: «Немецко-
русский фразеологический словарь» (12 000 фразеологических едениц, составил 
Л.Э.Бинович, М,1956) А.В. Кунин, «Англо-русский фразеологический словарь» (М.,1955). 
Фразеологиялық сөз тіркестері белгілі дәрежеде түсіндірме сөздіктерде де 
қамтылады. Фразеологиялық сөз тіркестерін, мақал мен мәтелдерді өте - мөте қамтыған 
сөздік - В. И. Даль құрастырған орыс тілінің түсіндірме сөздігі. («Толковый словарь 
живого великорусского языка»). Түркі тілдеріндегі әртүрлі фразеологизмдер В.В. 
Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» (в четырех томах, СПб,1888-1917) атты 
сөздігінде берілген. 
Фразеологиялық оралымдардың сөздікте талдану тәртібі мен тәсілін түсіндірме 
сөздіктердегі сөздік мақалалардан аңғаруға болады. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме 
сөздігінде» (1 том, 1959) ат сөзінің мағыналары талданғаннан кейін, осы сөздің ұйытқы 
болуынан жасалған мынандай фразеологиялық оралымдар берілген: 



Ат ұстар – жаңа туған ұл бала, 

Ат құйрығын кесті- бір жола безді ,қол үзді 

Ат шаптырым жер –бәге атының шауып келетін жерінің қашықтық мөлшері 

Ат қойды- лап беріп шаба жөнелді 

Ат төбеліндей –азғантай ,аумақсыз ,саны аз 

Ат-салысты-жәрдемдесті ,көмектесті, 

Ат үсті –бір іске қалай болса солай ,немқұрайлы қарау,селқос қарау 

Ат сабылтты –атты шаршатты ,болдыртты . Адам жоғалған малды да ат сабылтып 
іздемеуші ме еді (Әбішев) 

Ат тонын ала қашты – бойын аулаққа салды ,бір нәрсеге жуығысы келмейді,безек 
қақты 

Ат шалдырды- жолаушының орта жолда атын тынықтыруы,тамақтандыруы 

Ат шабыс – жиын тойда бәйгеге ат қосу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет