Практикалық сабақ 6. Функционалды лингвистика.
Сабақтың мақсаты: Функционалды лингвистика тақырыбын меңгеруде тақырыпқа
қатысты глоссарийді меңгеру, ғылыми-теориялық әдебиеттерге шолу жасау көзделеді.
Негізгі сұрақтар:
1. Функционалды лексикология.
2. Функционалды сөзжасам.
3. Функционалды морфология.
4. Функционалды синтаксис.
Глоссарий:
Функционалды лингвистика – тілдің қарым-қатынас бағытындағы қызметі.
Функционалды-семантикалық өріс дегеніміз «белгілі бір
семантикалық категорияға
негізделіп, семантикалық қызметінің ортақтығына қарай өзара әрекеттес келетін
грамматикалық
және лексика-грамматикалық, сондай-ақ әр түрлі аралас (лексика-
синтаксистік т.б) тілдік құралдар тобы»
Функционалды грамматика тілдік жүйе мен оның элементтерінің қалай, не үшін
қызмет
ететіндігін
айқындауды мақсат етеді; тілдік бірліктердің сөйлеудегі жұмсалым
потенциалын оны жүзеге асыратын
ортамен байланыста қарастырады; әр түрлі тіл
деңгейі бірліктерінің қызметі жағынан өзара байланысы мен өзара әрекеттестігі сияқты
т.б. мәселелерді зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: