2. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫ ТЕКСЕРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Географиялық бiлiм беру түрлері
География сабақтарында бiлiм түрлерiн берудiң жан-
жақты жолдары бар. Мысалы, сабақта қай тақырыпқа болма-
сын ғылыми-теориялық әдебиеттер, оқу-әдiстемелiк құралдар,
көрнекiлiктер, бейне таспалар пайдалануға болады. Қазiр жа-
ратылыстану, география пәнiн жүйелi оқыту әрбiр мұғалiмнiң
алдына үлкен жауапкершiлiк жүктеуде. Пәндi жүйелi оқытуда
бiлiмнiң бiрнеше түрi қамтылды. Атап айтқанда, геологиялық,
геоморфологиялық, климатологиялық, картографиялық, топони-
ми калық, номенклатуралық, тарихи, экономикалық және
экологиялық бiлiмдер.
Геологиялық-геоморфологиялық бiлiм беру арқылы оқушылар
жер қыртысының тұрақты және оның даму барысында үздiксiз
өзгерiп отыратыны жөнiнде көптеген деректерден теориялық
ұғым алады. Бұл деректер өсiмдiктер мен жануарлардың ұзақ
уақыт табиғи жолмен дамығанын қуаттайды. Сондықтан жердiң
пайда болуымен ондағы тiршiлiктiң дамуы жөнiндегi ғылыми-
геологиялық көзқарастар табиғаттың барлық құбылыстарын
материалистiк тұрғыдан түсiндiруде ерекше орын алады.
Геологиялық бiлiм халық шаруашылығының түрлi сала-
ларында кеңiнен қолданылады. Осы бiлiмнiң арқасында түрлi
кендердiң, мұнайдың, көмiрдiң, темiрдiң тағы басқа да пайда-
лы қазбалардың қоры ашылып отыр. Тек геологиялық бiлiмге
сүйену негiзiнде әртүрлi инженерлiк ғимараттарды (үйлердi,
көпiрлердi, жолдарды, платиналарды, туннельдердi, қорғаныс
тораптарын) барынша берiк етiп, қаржыны, еңбектi, уақытты ба-
рынша аз жұмсай отырып тұрғызуға болады. Өндiргiш күштердiң
11
дамуы, төңiректегi әлем жөнiнде адамзаттың ғылыми тануының
тереңдеуi барысында геология да дами түстi.
Ал мектеп оқушыларына геологиялық-геоморфологиялық
бiлiм географияның физикалық курсында 5-сыныптан бастап
берiледi. 5-сынып оқулығы «Жаратылыстану» пәнiнде жердi
ғаламшар ретiнде қарастырып, ондағы табиғи құрам бөлiктерiмен
(ауа, су, тау жыныстары, өсiмдiктер және жануарлар дүниесiмен)
танысады. Мұнда оқушылар 2 бағытта, бiрiншiден, заттар мен
денелердiң сыртқы құрамын оқиды, екiншiден, тәжiрибе жүргiзiп,
оның нәтижесiн бақылайды.
Оқулықтағы «Жер – Күн жүйесiнiң ғаламшары» тақыры-
бында, бiрiншi бағытта дайын оқу материалын оқиды, Жер ту-
ралы, оның сыртқы пiшiнi, құрылысы жайлы теориялық бiлiм
алады. Ал «Тау жыныстары» тақырыбында екiншi бағытта
оқы ты лады. Мектептегi «Пайдалы қазбалар мен минералдар»
жинақтамасымен оқушылар тәжiрибе жасауда танысады. Жи-
нақтама жасау үшiн оқушыларды өздерi тұратын жергiлiктi жер-
ге танымжорыққа, яғни тастар жинатқан жөн. Сонда заттарға
сипаттама беру арқылы оқушылардың тау жыныстарын көзбен
көрiп, танып, ойлау қабiлетi дамиды. Осындай оқыту жұмыстары
оқушылар үшiн өте қолайлы және теориялық бiлiмдi терең
меңгертуге, есте сақтауға мүмкiндiк бередi.
Мұғалiмнiң берген тәжiрибелi бiлiм сапасы оқушылардың
өзiндiк танымдылық деңгейiн дамыта түседi. Мұны игерген
оқушылар тәжiрибеде нәтижеге дұрыс көз жеткiзе отырып,
тапсырманы жүйелi түрде орындайды. Оқу материалдарының
мазмұнын жақсы меңгерiп, жауап бергенде толық, дәлелдей
отырып жеткiзуге тырысады. Олардың сөйлеу қабiлетi дамиды.
Сондықтан оқушылар физикалық географиядағы алғашқы геоло-
гиялық-геоморфологиялық терминдердi жақсы сақтауы үшiн
сабақта әдiстемелiк жұмыс дәптерiн, кескiн карта, картаның
түрлерiн, сызбаларды кеңiнен пайдаланған жөн. Сол сияқты
төменгi сыныпта оларға ойын топтық жарыс ұйымдастыру
арқылы оқушылардың қызығуын арттыру қажет. Өлкетану
үйiрмелерiне қатыстырып, танымжорық сабақтарын өткiзу қажет.
Климатологиялық бiлiм физикалық география курсында жер
бетiнiң климатын оқығанда берiледi. Жер бетiнiң климатын,
12
оның ерекшелiктерiн, факторларын анықтайтын ғылым клима-
тология деп аталады. Орта мектептерде климатологиялық бiлiм
оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты берiледi. Ауа
райы құбылыстарымен күнделiктi өмiрде кеңiнен кездесемiз.
Сондықтан ауа райы, климатының ерекшелiгiн, олардағы бо-
лып тұратын құбылыстар мен өзгерiстердi бiлу адам баласына
өте қажет-ақ. Ал бұл қажеттiліктi климатологиялық бiлiм беру
арқылы жүзеге асырамыз.
Картографиялық бiлiм оқушылар картамен жұмыс iстеу
кезiнде берiледi. География курсын оқығанда тақырыпқа сай
көрнекiлiктiң бiрi – тақырыптық карталар мен глобус. Әрбiр
географиялық картаның өзiндiк маңызы бар. Бiреулерi өндiрiс
орындары үшiн қажет болса, ендi бiреулерi экспедициялар, сая-
хаттар үшiн қажет. Картографияның дамуы физикалық және
экономикалық географиямен тығыз байланысты. Картаны
ғылыми зерттеулерде, халық шаруашылығында, әскери жұмыс-
тарда, орта мектептерде, арнаулы жоғары оқу орындарда кең
пай даланады. Мектепте карта тек көрнекiлiк құрал ретiнде қол-
да нылады. Географиялық картаның адам өмiрiнде алатын орны
ерекше.
Картографияның дамуына дүниежүзi ғалымдары өз үлестерiн
қоса бiлдi. Атап айтқанда, Гиппарх, Птолемей, М. Бехайм, Г. Мер ка-
тор, С.У. Ремезов, И. Кирилов, М.В. Ломоносов, С.Н. Красов ский,
М.Д. Соловьев, Н.Н. Баранский, П.П. Семенов Тянь-Шань ский,
Н.Н. Северцов, Ш.Ш. Уәлиханов, Л.С. Берг, Қ.И. Сәтпаев, т.б.
Номенклатуралық бiлiм. Оқушыны картамен жұмыс iстегенде
географиялық атауларды меңгерiп отырса, номенклатуралық
бiлiмi қалыптасады.
Егер оқушы өзiнiң оқыған географиялық атауларының шығу
тегi мен танысып, тоқталып, мән беретiн болса, топонимика-
лық бiлiмi бекiтiледi. Мыңдаған жылдар iшiнде, қалыптасқан
географиялық атаудың бiрiн топо ни мика деген. Бұл ғылымның
айтылуы, өзiнiң дамуы, өмiр сүру фор масы және өз заңдылық-
тары болады. География сабақтарына қан дай талап қойылса,
топонимикалық бiлiм беруде де осыны ес керген жөн болады.
Себебi мұғалiм топонимикалық бiлiмдi тео рия жүзiнде жеткiзедi.
Топонимикалық атау кездейсоқ болмайды.
13
Қазақстанның жер-су аттары әртүрлi тарихи кезеңдерде пайда
болған. Филология ғылымдарының кандидаты А. Әбдiрахманов
Қазақстан жерiндегi атауларды мынадай топқа бөледi.
Алтай дәуiрiндегi атаулары: Қапшағай, Сайрам.
Көне түркi дәуiрiндегi атаулар: Алматы, Аякөз.
Көне қазақ тiлiндегi атаулар: Қарағанды.
Жаңа қазақ тiлiндегi атаулар: Алатау.
Басқа елден енген атаулар:
Моңғол тiлiнен – Зайсан, Кеген. Угор тiлiнен – Мұғалжар.
Орыс тiлiнен – Гурьев, Кереку, Целиноград, т.б.
Тарихи бiлiм – мұғалiмдердiң оқушыларға беретiн бiлiм
түрiнiң бiрi. Бұл бiлiмге Қазақстан территориясында жүргiзiлген
тарихи-географиялық зерттеулер, тарихи, археологиялық, этно-
гра фиялық және басқа пайымдауларды өрбiтiп, нақтылау негiз
болады. Мектеп оқушыларына тарихи бiлiм беруде аса көрнектi
ғалым дардың карталары, сызбанұсқалары, еңбектерi туралы мағ-
лұмат берiп, осыған қосымша шығармашылық iзденiс ретiнде
жазу, су реттемелер жинату арқылы қызығушылық туғызуға бо-
лады.
Экологиялық бiлiм – оқушыларды өз Отанын сүюге, таби ға-
тын қорғауға, қазба байлықтарды тиiмдi пайдалануға, ауа, су, то-
пырақты ластаудан қорғауға үйретедi. Бұл қазiр бүкiл әлем ал-
дында тұрған үлкен мәселе болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |