ҮШ Өлшемді кеңістікте су динамикасын компьютерлік моделдеу



жүктеу 19.25 Kb.
Дата11.07.2016
өлшемі19.25 Kb.
УДК 681.3.07

ҮШ ӨЛШЕМДІ КЕҢІСТІКТЕ СУ ДИНАМИКАСЫН КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛДЕУ


Калменова Г.Б.


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы
Ғылыми жетекшісі – ф.-м.ғ.к., доцент Түнғатаров Н.Н.
Адамзат баласын ертеден бері су қызықтырып отырған. Біз таудан түсіп ағып жатқан сарқыраманы, желдің есуінен пайда болған теңіз толқындарын және тағы да басқа судың ғажайып көріністерін тамашалауға қызығамыз. Осындай қызығушылықтар арта түсіп, адамның өз қолынан су көріністерін жасап шығаруға итермеледі.

Су динамикасын моделдеу практикада жиі кездеседі. Егер су динамикасының математикалық моделін жасасақ, есептің шешімінің визуалды көрінісін тамашалай алмаймыз. Ал, компьютерлік моделі бізге сондай мүмкіндікті береді.

Мен үш өлшемді кеңістікте су динамикасының компьютерлік моделі ретінде фонтанды компьютерде 3ds Max программасында жасау жұмысын ұсынамын және бөлшектер жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырдым.

Енді жұмыстың орындалуына көшейік. Алдымен, 3ds Max программасын іске қосып, ашылған терезеден Top, Front, Left, Perspective терезелерінің бірінде командалық панелден Create батырмасын басқанда шығатын командалық жолдан Plane таңдап жазықтық орнатамыз. Жазықтық параметріне сәйкес келетін Deflector жасаймыз және бір-бірімен Align батырмасы арқылы біріктіреміз.



Сонымен қатар, ауырлық күші Gravity және Drag жүктейміз. Командалық панелден бөлшектер жүйесінен PF Source таңдап, жоғары бағытталатындай жасап, жазықтықтың ортасына бекітеміз. Уақыт сырғытпасын жүргізсек, фонтанымыз атқылайды. Фонтанымызды шынайы түріне ұқсату жолында көптеген қосымша мүмкіндіктерін пайдалану үшін Particle View терезесінде күштерді бір-бірімен байланыстырып, параметрлерін сәйкестендіріп беруіміз керек. Сонда жоғарыға бағытталған фонтанымыз ауырлық күші әсерінен төмен құлап, жанама беттің әсерінен су белгілі бір жерде қайта жан-жаққа шашырап жатады. Тағы да әсерлі ету үшін жел сияқты қосымшаларды пайдаланып, бағытын беруге болады. Объектіге материал бере отырып визуализациялаймыз.




Әдебиеттер


  1. Аблан Дэн. LightWave 6/7 для дизайнера: Искусство трехмерного дизайна: Пер. с англ. /К.: ООО ТИД ДС, 2002 г .- 220 c.

  2. Autodesk 3ds Max 2008. Самоучитель с электронным справочником (+ CD-ROM): М. В. Бурлаков — Москва, Диалектика, Вильямс, 2008 г.- 512 с.

  3. 3ds Max 2008. Трюки и эффекты (+ DVD-ROM): Владимир Верстак — Москва, Питер, 2009 г.- 488 с.

  4. 3ds Max 2009. 3ds Max Design 2009. Самоучитель: А. С. Стиренко — Москва, ДМК Пресс, 2009 г.- 544 с.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет