«6D050500 аймақтану» мамандығы бойынша


Ғылыми білімнің әдіснамалық негіздері



Pdf көрінісі
бет14/41
Дата06.09.2022
өлшемі0.57 Mb.
#460313
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Регионоведение док

Ғылыми білімнің әдіснамалық негіздері 
Ғылым қызметтің ерекшелік формасы ретінде. Ғылыми білімнің 
түсінігі. Абсолюттік және салыстырмалы білім. Ғылыми танымның 
деңгейлері, формалары және әдістері. Ғылым дамуының теориялық, 
көрінетін және эмпирикалық деңгейлерінің өзара ықпалдасуы. Ғылымның 
әдісі мен әдіснамасы жөнінде түсінік. Әдіснама – ғылыми танымның әдістері, 
қағидалары мен тәсілдері жөніндегі ілім. Ғылыми зерттеудің жалпы 
әдіснамалық қағидалары: теориялар мен практикалардың тұтастығы; 
объективтілік, жан-жақтылық және кешенді зерттеу қағидалары; зерттеу 
жүргізудегі жүйелі әдіс. Әдіснаманың деңгейлері. Әлемнің ғылыми көрінісі 
түсінігі. Әлемнің жаңа ғылыми көрінісі ғылыми синтез мәселесі ретінде. 
Әдіснамалық мәдениет – әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау 
мәдениеті. 
Ғылыми танымның әдістері 
Ғылым таным әдісі: болмысы, мазмұны, негізгі сипаттамасы. Әдістің 
негізгі функциясы. Әдістің тарихи-мәдени ретроспективасы. Теория және 
әдіс – ұқсастық пен айырмашылық. 
Ғылыми таным әдістерінің классификациясы: философиялық, жалпы 
ғылыми тәсілдері мен әдістері, көбіне ғылыми, тәртіптік, тәртіпаралық 
зерттеулер. Жалпығылыми зерттеу әдістерінің үш деңгейлері: эмпирикалық 
зерттеу әдістері, теориялық танымның әдістері, жалпылогикалық әдістері. 
Эмпирикалық зерттеудің әдістері: бақылау, салыстыру, сипаттау, өлшеу, 
тәжірибе. Теориялық танымның әдістері: рәсімдеу, аксиоматикалық әдіс


18 
гипотетико-дедуктивті әдіс, абстрактіден нақтылыққа көшу. Жалпығылыми 
логикалық әдістер мен таным амалдары: талдау, синтез, абстрактілеу, 
идеалдау, индукция және дедукция, аналогия, модельдеу, жүйелі әдіс және 
т.б. 
Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың ерекшеліктерімен шартталған 
арнайы құралдар, әдістер мен операциялар: идеографикалық әдіс, диалог, 
сауалнама, жобалық әдістер, тестілеу, биографиялық және автобиографиялық 
әдістер, социометрия, ойын әдістері. Әр түрлі әдістердің зерттеу 
мүмкіндіктері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет