5
ғылымның ордасын құру мақсатында негізін қалау жолы. Әдіснама әдіс
ғылымы ретінде ғылымның пәніне және оның объектісін құрауда қатысады,
және әдіснамалық және ғылыми тексттерді икемді қабылдауға, алынған
білімді ғылыми-зерттеу жұмысында тиімді
пайдалануды қалыптастыруға
ықпал етеді.
Пәнді оқыту мақсаты ғылыми зерттеу жүргізуде әдіснама мен
әдістеме саласында білімді докторанттарда әдіснамалық және
ғылыми
мәдениетті, білімдер жүйесін, ғылыми зерттеу жүргізу
мен ұйымдастыру
саласындағы іскерлік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.
Курстың негізгі міндеттері:
- ғылыми зерттеу әдіснамасының жалпығылыми деңгейінің тәсілдері
мен жетекші тұжырымдамаларын зерттеу;
-ғылыми зерттеу әдіснамасының негізгі тәсілдерін зерттеу;
-ғылыми зерттеу әдіснамасының әдістемелік деңгей амалдары мен
негізгі тәсілдерін зерттеу және меңгеру;
- тәжірибелік дағды мен ғылыми әдістерді қолдануды,
сонымен қатар
ғылыми зерттеу жүргізудің әдістемелік бағдарламасын дайындауды
қалыптастыру.
«Ғылыми зерттеу әдіснамасы» пәні кәсіби циклдағы басқа пәндер
оқуда, сонымен қатар мамандану пәндерінде негіз болады. «Ғылыми зерттеу
әдіснамасы» пәні ғылыми-техникалық төңкерістің дамуымен, ғылыми
ақпарат көлемінің ұлғаюымен, білімнің қарқынды өзгеріп тұруы мен
жаңартылуы
себебінен
пайда
болды.
Қазіргі
таңда
жоғары
мамандандырылған жоғары және жалпығылыми және кәсіби дайындықтарға
ие, жеке шығармашылық жұмыстарға дағдыланған мамандар қажеттілігі
туындауда. Бұл мамандар жаңа ғылыми зерттеулерде
нақты бейімделіп қана
қоймай, сонымен қатар аталған зерттеудің нәтижелерін өндірістік үдерістерге
еңгізуді де білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: