Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік


 дәріс. ҚР-дағы азаматтық қорғанысының (АҚ) талаптары мен



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

10 дәріс. ҚР-дағы азаматтық қорғанысының (АҚ) талаптары мен
жұмыс істеу принциптері
Дәріс мазмұны. Қатерлі жағдайлардың факторы мен классификациясы,
химикалық және радиациялық құралдармен жұмыс істеудің тәртібі, аса қауіпті
инфекциялар, алғашқы медициналық жәрдем көрсетулер келтіріледі.
Дәріс мақсаты. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қалыптастыру бойынша
білім беру, химикалық бақылау мен радиациялық, дозиметрлік бақылау
құралдарымен жұмыс істеу, алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді үйрету.
Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылымы мемлекеттік құрылымға
сәйкес құрылады. Бұл қызметтің өзі қолда бар материалдық жағдайды және
адам күшін, оларды негізгі қызметтерінен айырмай тиімді түрде пайдалана
білу негізіне сүйенеді де, өзіне берілген міндеттерді орындауға бағытталады.
Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері
бойынша құрылады.
Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала, аудан территориясында
ұйымдастырылады.
Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша
жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын Азаматтық
қорғаныстың орындары болады.
Азаматтық қорғаныс күштеріне:
1) Азаматтық қорғаныс әскерлері.
2) Министрліктерге бағынатын өндірістіктегі жасақшылар.
3) Арнайы жасақшылар.
Оларға: АҚ мен ТЖ құрылымдарының күштері, мекеме, өндіріс, орта
және жоғарғы оқу орнындағы әскери емес жасақшылар (Жалпы қызмет
атқаратындар; Арнайы қызмет атқаратындар).
Жалпы қызмет атқаратындар өз кәсіпорындарында құтқару не қалпына
келтіру жұмыстарына қатыстырылады.
49


Олар жаппай жер сілкіну және де басқа да ірі апаттардың зардабын жоюға
қатыстырылады. Бұл жасақшылардың құрамына әрбір еңбекке жарамды
адамдар кіреді. Оларды құру негіздері: әр цех бойынша, бөлім, бөлімшелер,
бригада басқа да өндіріс учаскелерінде ұйымдастырылады. Әр смена, бригада
бір жасақшылар тобы болып, кей учаскелердегі адамдар біріктіріледі.
Азаматтық қорғаныс бастығының жанынан штаб құрылады да, барлық
ұйымдастыру жұмыстары осында жүргізіледі. Азаматтық қорғаныс штабының
бастығы, азаматтық қорғаныс бастығының төтенше жағдай кезіндегі бірінші
орынбасары болып табылады.
Әрбір төтенше жағдайда дабыл хабарын тез арада халыққа жеткізудің
маңызы өте зор. Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың ең басты тәсілі
ретінде мемлекеттік радио, теледидар және сонымен берілетін байланыс
жүйелерінің құралдары пайдаланылады. Дабылды берудің мақсаты, халықтың
назарын алдын ала аудару үшін сирена, өндірістік гудоктар арқылы
«Тыңдаңыздар баршаңызға» - деп аталатын ескерту хабарлары беріледі. Бұл
хабар бойынша барлық халық өздерінің радио, теледидар құралдарын іске
қосып, төтенше хабарды тыңдауға әзірленуі керек. Бұл сигналдар бойынша тез
арада радио тарату, теледидар станциялары, радио таратқыш жүйе тізбектері
тез арада іске қосылуға тиісті. 
Бұл азаматтық қорғаныс хабарлары төтенше жағдайдың жақындап
қалғанын, не болмаса болған қатерлерді, сол сияқты жағдайға байланысты
қандай іс–шаралар қабылданатындығын хабарлайды. Мысалы: химия
кәсіпорнында апат болғаны және онда улы заттың ауаға тарағандығы жайлы
дабыл болған жағдайда не істеу керек? Бұл жағдайда тезірек жиналып,
көршілерге хабарлап, жел бағытына көлденең бағытқа жүгіру керек.
Противогаз болмаған жағдайда дәкені не матаны ылғалдап, ауыз-мұрынды
жауып тыныс алу керек. Немесе киімнің жағасы не мақталы жері арқылы дем
алу керек. Содан кейін азаматтық қорғаныс штабынан келесі хабарды күту
керек.
ӨҚН-нің бейбітшілік және соғыс уақытындағы ролі мен есептері.
1993 жылдың 9 мамырда қабылданған «Қорғаныс пен қарулы күштер туралы»
заң ҚР-сының күш органдарының арасында функцияларды бөледі.
Қазақстан Республикасының Қорғанысыбұл аумақтық шекараға
қолсұғылмаушылық және республика азаматтарының өміршеңдігін
қамтамасыз ететін, суверенитетті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге
асырылатын саяси, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік-
құқықтық сипаты бар мемлекеттік шаралар жүйесі.
Төтенше жағдайды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық
жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде
оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта азаматтың
алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп-экологоялық апат қауіпі өткір
тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған,
топырақ бөлінуде, ормандарға, өсімдіктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде.
50


Адам өміріне қауіпті заттарды пайдалынатын және өндіретін объектілер
бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі апат салдарын қазіргі заманғы
жаппай қырып-жою құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады.
Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс
Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жайттарды талдау бейбіт
уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан
қарауға мәжбүр етеді.
Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері
мен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы апаттар үлкен адам құрбандығымен,
материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы
мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдар
тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен
шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі
жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұсыныстарды қажет етеді.
Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының
даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып,
халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру халықтың
сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.
Халықты қорғау принциптері
бұл бейбіт және соғыс уақытындағы
жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының
Үкіметі ресми белгілеген ережелер.
Халықты апат, зілзала мен құралдарынан қорғау жөніндегі шараларды
жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті
жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, әзірленетін АҚ жоспарларымен
анықталады.
Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық
объектілерін (ШО) қорғаудың негізгі принципі: қорғаныс шараларын өз
уақытында жоспарлау және өткізу. 
Ол мыналарды қамтиды:
- бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу;
- халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау
әдістеріне даярлау;
- ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды
пайдалануға әзірлікте ұстау;
- көшіру шараларын даярлау;
- бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен
объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі
шараларды жургізу.
Жаппай қырып-жою құралдары әсерінің сипаты, мүмкіндіктері мен
салдары өткен соғыстағы қарудың түрлерімен салыстырғанда өздерінің жойқын
күштерімен ерекшеленеді.
Осы ерекшеліктерінің бірі қаруды жеткізудің жаңа құралдарының
пайда болуының арқасында жер шарының кез келген нүктесіндегі нысанды
жоюға болатындығында.
51


Сондықтан да, тыл мен соғыс туралы ұғым енді салыстырмалы сипатқа
ие болып отыр. Соғыс жағдайында қазіргі заманғы қырып-жою құралдары
ықпал аймағына кез келген елді мекен тап болуы әбден мүмкін.
Осыған байланысты халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөнін-
дегі шаруалардың әрбір ауданда, қалада объектілерінде, бүкіл республика
аумағында міндетті түрде жүргізілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет