Коммерциялық емес акционерлік қоғам Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология кафедрасы экологиялық ЖӘне техногендік қауіпсіздік


дәріс. Өндірістік объектілердегі жарылыстар мен апатты



Pdf көрінісі
бет30/31
Дата06.09.2022
өлшемі0.59 Mb.
#460344
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
FLNOckVYufmqTEhMDn4dHgICwiSKat

15 дәріс. Өндірістік объектілердегі жарылыстар мен апатты
жағдайлардан, өрттен, авариядан тұрғындарды қорғау. Авариялық-
құтқару жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері
Дәріс мазмұны. Энергетика объектілерiне тән өндiрiстiк апаттар,
ақаулар дәрежелері мен тұтынушылық ауытқулар. Өндірістік апаттың
зардаптарымен күресте АҚ және ТЖ штабтарының іс-әрекеттері келтіріледі. 
Дәріс мақсаты. Апаттың зардаптарын жою жұмыстарымен таныстыру,
ӨҚН ұйымдарымен таныстыру, жұмыс жүргізгендегі қауiпсiздiк шараларымен
таныстыру.
Авариялар зардаптарының сипатты түріне, көлеміне және олар пайда
болған кәсіпорынның олардың ерекшелігіне байланысты авариялардың
әдеттегідей зардаптары жарылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді басу
болуы мүмкін. Көбінесе авариялар ауаның газдалуы, мұнай өнімдерінің
қауіпті сұйықтықтардың, қатты әсер ететін улы заттардың төгілуінің салдарын
болады.
Өндiрiстік апат – бұл жұмыстың кенет тоқтауы немесе өндірістік
кәсiпорында, көлікте және тағы басқа шаруашылық объектілерiнде өндіріс
процесінің бұзылуы. Бұл материалдық құндылықтардың зардабына немесе
жойылуына, сонымен қатар адамдардың зақымдануына және өліміне алып
келуі мүмкін. Өндiрiстiк апат зардаптарының сипаты олардың түрi мен
масштабына, кәсiпорынның ерекшелiктерi мен апаттың пайда болатын
жағдайларына тәуелдi.
Ірi апаттың өте қауiптi салдарына өндiрiстiк ғимараттар мен тұрғын
үйлерге, жабдықтар мен техникаға зардап тигізетін өрт немесе жарылыс
жатады. Жоғары қысымда жұмыс істейтін қазандар, баллондар және құбырлар
өте жиi жарылады. Апат кезінде пайда болатын өрттер және жарылыстар
адамдар жарақаттануының екiншi себебі бола алады.
67


Энергетика объектілерiнде орын алуы мүмкін апаттарды қарастырамыз.
Энергетика объектілерiндегi өндiрiстiк апаттар түгелдей дерлiк дүлей
апаттардың нәтижесi болуы мүмкін, сонымен бiрге энергожүйесінің өзінің
апаттарының да нәтижесі болуы мүмкін. Көп апаттар бу қазандарының өрті
мен жарылыстары нәтижесiнде болып отырады.
Энергетика объектілерiне тән өндiрiстiк апаттар:
- қарқынды өрттер – отынды сақтайтын, өңдейтін, iрiктейтін және
жағатын жылу электрстанцияларында;
- қоршау құрылыстарын және жабдықтарды қиратуға алып келетін
жарылыстар;
- генератор, трансформатор және электр беріліс желілеріндегі қысқа
тұйықталулар;
- электр беріліс желілерінің құлауы;
- өткiзгiштердiң үзiлуi;
- өткiзгiштер мен металл құрылымдарын мұз басу;
- ақаулар – жабдықтың берілген функцияларды орындамауы;
- радиоактивті заттарды сыртқа шығаратын АЭС-ғы апат, нәтижесінде
жердiң ұзақ радиоактивтi ластануы орын алады.
Ақаулар кенет және тұрақты болуы мүмкін (түтiнтартқылардың
айналымындағы қанаттардың тозуы, турбина конденсаторының ластануы,
коррозиялық процестердің интенсификациясы және т.б).
Ақаулар I дәреженiң ақауларына, II дәреженiң ақауларына және
тұтынушылық ауытқуларға бөлінедi.
АЭС-ғы апат кезінде жердiң радиоактивтi ластануы ядролық жарылыс
кезіндегі радиоактивті жайылудан iздiң кескiнi, жұқтырудың масштабы мен
дәрежесі, радиоактивтi өнiмдердiң диспетчерлік құрамы бойынша
айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл негізінен радиоактивтi өнімнің
динамикасымен және изотоптық құрамымен шартталған
.
Апаттар - станционарлы, электр жүйесі, жылу жүйесi, жүйелiк және т.б.
бөлінедi.
Турбиналар және қазандардың бұзылуымен байланысты ақаулар бірнеше
ақаулар тізбегінің қосылуы нәтижесiнде болуы мүмкін. Турбиналардың
талқандалуы, бос жүрiсті ұстай алмай қалу, қазандардың жабылмауы немесе
толық жабылмауы, подшипниктер майының бұзылуы.
Iрi өндiрiсiк апаттар елдiң шаруашылығына елеулi зардаптар әкелуі
мүмкін, сондықтан объектілердiң апатсыз жұмысын қамтамасыз ету күнделiктi
тексеруді талап ететiн маңызды мемлекеттiк iс болып табылады.
Ірі өндiрiстiк апаттардың зардаптарымен күресу үшін ӨҚН басшыларының
шешімімен объекттік және аумақтық ӨҚН-нің әртүрлі қызметтері құрылады.
Өндірістік апаттың зардаптарымен күресте ерекше рөлдi АҚ және ТЖ
штабтары атқарады. Олар адамдарды және материалдық құндылықтарды
құтқаруда, өндiрiстiк қызметтi қалпына келтiруде негiзгi жұмыс көлемiн
атқарады.
68


АҚ және ТЖ басшысы мен штабы ӨҚН жоспарында мыналарды
анықтайды:
- өндiрiстiк апатпен күресу үшiн қандай ұйымдар жұмылдырады;
- ұйымдарды жабдықтау реті;
- дербес құрамның жиналуының орны және уақыты;
- мүлікті және техниканы алу ретi.
Апаттың зардаптарымен күрес барысында ӨҚН ұйымдары қандай
мәселелерді шешу керек екені де жоспарда қарастырылады.
Iрi өндiрiстік апаттардың зардаптарымен күрестен жиналған тәжiрибе
негiзгi шараларды айқындауға мүмкiндiк бередi:
- жұмысшыларды, қызметшiлерді және тұрғындарды пайда болған
апаттың қауiптi зардаптары туралы хабардар ету;
- апат орын алған объекттi кешендi барлау;
- қиратылған үйiндiлер мен бұзылған ғимараттар астынан адамдарды
құтқару, зақымданғандарға алғашқы дәрiгерлiк жәрдем көрсету және оларды
емдеу мекемелерiне эвакуация жасау;
- өртті сөндiру және оқшаулау;
- коммуналды - энергетикалық желiлердегі апатты оқшаулау;
- апаттың орнына және қиратылған ғимараттарға өткелдер ұйымдастыру,
механикаландырылған құралдар жұмысы үшiн алаңдар әзiрлеу;
- апаттың зардаптарынан қауiп-қатер төнiп тұрған ғимаратты және
құрылыстарды анықтау;
- тұрақсыз конструкцияларды қирату, үйінділерді аршу және қалпына
келтiру жұмыстары үшiн аумақтарды әзiрлеу;
Апаттың зардаптарын жою жұмыстары ӨҚН ұйымдарын құру.
Жұмыс жүргізуде келесi қауiпсiздiк шараларын сақтау керек:
- желiлердегi жұмыстарды олардың тоқтан ажыратылуы және жерге
қосылуынан кейiн қана өткiзуге болады. Жерге қосуды жұмыс орнының екі
жағынан ең жақын тiректерде, жер астындағы кабелдерiнде,
трансформаторлық пункттерде орындайды;
- электр өткiзгiштерiмен және олармен қосылған металдық заттармен
байланысты барлық жұмыстар қорғаныс құралдарының қолдануымен
жүргiзiлуi керек / диэлектрлік қолғаптар, кiлемшелер және т.б;
- жұмыстар білікті техникалық қызметкердiң жетекшелігімен
орындалады;
- дербес құрам электр тогынан зақым алғандарға алғашқы көмек көрсете
алуы керек.
- кәсiпорында апаттың пайда болу себебін зерттеу және кәсiпорынның
жұмысшылар мен осы маңай тұрғындарына төндіретін қауiп-қатерiн жан-
жақты бағалау бізге мыналарды анықтауға мүмкiндiк бередi: біріншіден,
апатты хабарлау бойынша шараларды дұрыс ұйымдастыру және екіншіден,
адамдарды қорғау және залалды төмендету шараларының алдын алу. 
Қираған энергетика учаскесін қалпына келтiруге дер кезiнде әзiрлену
үшін:
69


1) Жөндеу материалдары мен құралдарының резервін жасау (трубалар,
муфталар, кабельдер, бағаналар және т.б.).
2) Жөндеу материалдарын объектте және қауiпсiз аймақта орналастыру
(екеуінің бір уақытта қирауына жол бермеу).
Министрлiк қосымша өзінің қор нормасын жасап жатыр. Бұл нормалар
қызметтiк сипат алады және арнайы бөлімшелерде орналасады.
Қор нормалары инженерлiк-техникалық шаралармен реттеледi.
Жоғарыда көрсетілгендей ҚР-да iрi дүлей апаттармен күреске және
олардың зардаптарын жоюға ӨҚН-ның штабтары мен бөлiмдері, ҚР-ның
қарулы күштерiнiң әскери бөлiмдері, сонымен бiрге министрлiктер мен
мекемелердiң ұйымдарды жұмылдырады. Дүлей апаттар және олардың
зардаптарымен күресте үлкен рөлді ӨҚН күштерінің ең көп санды бөлімдері,
әскери емес ұйымдар атқарады. Осы ұйымдардың ұйымдастырылған басқару
органдары мен құтқару және тағы басқа жұмыстар жүргізуге күшi бар. 
Дүлей апаттың қаупi төнген кезде АҚ және ТЖ штабтары тұрғындар
мен объектілерге хабарлау жұмыстарын жүргізеді, дүлей апат пен
шаруашылық объект аумағында туған жағдай туралы мәлiмет жинайды, ӨҚН
ұйымдарының құтқару және тағы басқа шұғыл жұмыстарға дайындығын
бақылайды. ӨҚН ұйымдары қойылған тапсырмаға кіріскеннен кейін, штаптар
оларды басқаруды және жұмыстардың жүрiсiн бақылауды ұйымдастырады.
Техникалық қамтамасыз ету – бұл автотракторлық, инженерлік және
тағы басқа арнайы техниканы қолдану, техникалық қызмет көрсету, эвакуация
жасау және жөндеу бойынша шаралардың кешенi. Сонымен қатар техниканы
қосалқы бөлшектермен және жөндеу материалдарымен қамтамасыз ету.
ӨҚН ұйымдарын материалдық қамтамасыз ету қазіргі заманғы
техникамен, материалдармен, мүлікпен және басқа да материалдық заттармен
қамтамасыз етуге негізделеді. Сонымен бiрге жанар-жағармаймен жабдықтау
және дала шарттарында ұйымдарды жұмыс орнында қоректендіру.
Дәрiгерлiк оқыту – бұл ӨҚН ұйымының жеке құрамының денсаулығы
мен еңбекке қабiлеттiлiгiн сақтау бойынша шаралар және жаралылар мен
ауруларға алғашқы дәрiгерлiк жәрдемдi көрсету. Осы мақсатта ӨҚН-нің
дәрігерлік қызмет бөлімі емдiк-профилактикалық, санитарлық-гигиеналық
және емдiк шаралар өткізеді. Жаралыларға мамандырылған дәрiгерлiк көмек
көрсету және оларды емдеу станционарлы емдеу мекемелерiнде жүргiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет