натрий тұздары бөлінеді. Сұйық отын көмірге қарағанда біршама таза,
қалдықтар ретінде көп жерді алып жататын, жел тұрса желмен бірге таралатын
күл – қоқыстар бөлмейді. Алайда сұйық отын экономикалық тұрғыдан қымбат
болғандықтан тиімсіз.
Табиғи газ. Көмірді табиғи газбен ауыстыру еңбек өнімділігін арттырып,
шығын азайып өнімдердің (металл, құрылыс материалдары) сапасын көтереді.
Ең негізгісі қаланын экологиялық ахуалын жақсартады. Сондықтан соңғы
кезде көмір мен Мұнай өнімдерінің орнына табиғи газ көп пайдаланылуда.
Егер көмір жаққан кезде атмосфераның ластануын 1
бірлік деп есептесек,
мазутты жаққанда - 0,6, табиғи газды пайдаланғанда - 0,2-ге тең. Табиғи газды
пайдаланғанда атмосфералық ауаға зиянды N
2
0
3
(азот оксиді) бөлінеді, бірақ
көмірмен салыстырғанда мөлшері 20%-тен төмен.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық
дамуының бағдарламасында қарастырылған қайта өндірілетін қуаттардың
қажеттілігін қамту үшін Министрлікпен 2020 жылға дейін болжау арқылы
көмір саласын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.
Ластанған, құрамында еритін және ерімейтін
қоспалары бар төгінді
суларды елді-мекеннен шет жерге шығарып, су көздеріне ағызады. Оның
алдында суларды табиғи су көзіне зиянды әсер етпейтіндей және су көзіндегі
судың сапасы санитарлық нормадан аспайтындай етіп тазарту керек.
Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері. Қазақстан
Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша
судың орналасу деңгейі біркелкі емес. Өзендер – республиканың негізгі су
көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыста – Ертіс өзені, батыста – Орал
өзені, оңтүстікте – Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе
олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге
айналады және қар еріген кезде ғана тасиды. ҚР сумен аз қамтылған аумаққа
жатады. Қазақстанда 11 мың өзен (200 мың км), 48 мыңнан астам көлдер (Каспий,
Арал, Балхаш, Алакөл), жер асты сулары, жалпы ауданы 2033 кв. км болатын
2724 мұздық бар.
Қазақстанда электрэнергиясы дәстүрлі көздермен - су электр стансаларында
(сәйкесінше 88% және 12%) өндіріледі. 2010 ж. жағдай бойынша республикадағы
жылу және су электр стансаларының анықталған электрлік қуаты сәйкесінше
17 252 және 2 273 мың кВт. құрайды.
Арал теңізінің экологиялық мәселелері. Амудария және Сырдария
өзендерінің суын дұрыс пайдаланбау нәтижесінде Аралдың суы төмендеді,
яғни тұз аймағына айналды. Ол жел арқылы Евразия территориясына таралып
отыр және климаттың өзгеруіне ықпалын тигізуде.
Қалдықтар. Өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен қатар муниципалдық
қалдықтарда көп мөлшерде шығарылуда. Қалдықтар қауіпті, уландырғыш,
радиоактивті және аралас болып бөлінеді. Қалдықтар
мәселесінің шешілу жолдары
- қалдықсыз өндіріс санын арттыру, қалдықтарды өңдеуші зауыттарды көптеп
салу, қалдықтар полигондарын жабдықтау, қалдықты аз шығарушы текхнология-
ларды қолдану.
10
Техногендік қауіпсіздік. Қазақстан жер көлемі бойынша дүние жүзінде
9-шы орынды алады, бірақ экологиялық проблемалар жеткілікті. Республиканың
кейбір облыстарының территориялары өмір сүру ортасына жарамсыз:
- ядролық жарылыс болған әскери полигондар аймағы;
- зауыттар мен фабрикалардан зиянды улы заттардың тонналап атмосфера-
лық ауа бассейніне таралуы;
- ауылшаруашылығында улы химиялық заттарды жәндіктермен күресуде
тонналап қолданады.
Негізгі экологиялық ластанған аймақтар Арал теңізі және Семей өңірлері.
Семей полигонында (1949-1989 жылдар) 473 ядролық жарылыс жүргізілген.
18500 км
2
территорияда 5 зерттеу зонасы орналасып, онда әуеде - 90,
жербетінде - 26, жерастында - 357 жарылыс болды. Сонымен бірге химиялық
заттарды қолданып 175 жарылыс болған.
Ядролық жарылыстардың жалпы
қуаты - 50 Мт болып, оның таралу аймағы - 304 мың км
2
(1,7 млн адам) жеткен.
Радиациялық ластану жағдайлары (Семей, Азғыр, Тайсойған полигондары).
Қазақстанның экологиясына әсерін тигізеді.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның флора және фаунасының бұзылуына
алып келуде. Орталық Қазақстан территориясы космодромның жұмысының
нәтижесінде радиоактивті және техногенді ластануда.
Манғыстау облысының Қошқар-ата қоймасында уран өңдеу кәсіпорнының
улы және радиоактивті қалдықтары сақталуда.
Қазақстанда мұнай мен газ өнеркәсібі, түсті және қара металл өндіру,
химия өнеркәсіптерінің жұмыс істеуі және т.б. өндірістер қоршаған орта мен
экожүйеге антропогендік әсер етуде және жыл сайын зардаптары мен зияны
қазіргі кезде қатты сезіле бастады.
Достарыңызбен бөлісу: