Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет114/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162
kabysheva-topyraktanu

285
4-БӨЛІМ 
ТОПЫРАҚ ТҮЗУШІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР 
ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ЗОНАЛДЫЛЫҒЫНА ƏСЕРІ
12-ТАРАУ
ТОПЫРАҚТЫҢ ТАБИҒИ ЗОНАЛДЫЛЫҒЫ
12.1. Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары жəне 
оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен əсері
Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі – топырақ гео-
графиясы. Бұл сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары 
мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың 
кеңістікте ауысуын, олардың Жер шарында немесе белгілі бір 
аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді. Жер шарының топырақ 
жамылғысы алуан түрлі. Өйткені кеңістікте топырақ түзуші фак-
торлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ 
түзуші тау жыныстары, жер бедері жəне олардың уақыт өткен сайын 
өзгерістерге ұшырауы əр мекенде, жер аумағында əртүрлі.
Жер бетінің топырақ жамылғысын топырақ географиясы 
салыстырмалы-географиялық əдіспен, яғни топырақтың кеңістікте 
таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра 
салыс тыру арқылы зерттейді. Осы əдісті қолдану нəтижесінде Жер 
шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.
XIX ғасырдың аяғында топырақтану ғылымының негізін 
қалаушы орыс ғалымы В. В. Докучаев Орыс жазықтығында топырақ 
қасиеттерімен оның таралуының топырақ түзуші факторлармен бай-
ланысын салыстыра зерттеп, топырақ географиясының басты заңын 
– топырақтардың ендіктерге сəйкес орналасуын ашты. Ол өзінің 
«Табиғаттың аймақтары туралы ілімі» кітабында: «топырақ түзуші 
негізі факторлар жер бетінде белдік болып, созылып, географиялық 
ендіктерге параллель бағытта орналасқандықтан, топырақтарда ... 
– қара топырақтар, күлгін топырақтар, т.б. жер бетінде, климатқа, 
өсімдік дүниесіне сəйкес тəртіппен аймақ бойынша таралуы тиіс», – 
деп жазған. Топырақтардың ендік бойынша аймақтар болып таралу 


286
заңдылығы тек қана топырақтанудың дамуына ғана емес, сонымен 
қатар физикалық географияның табиғат зоналары мен географиялық 
ландшафттар бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосты. 1899 жылы 
В. В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының 
нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде əлемдік 
көрмеде көрсетті. Осы картада бес əлемдік: 1) бореалды неме-
се арктикалық; 2) орманды; 3) далалық қара топырақты; 4) аэрал-
ды (олар тасты, құмды сорланған жəне лессті шөлдерге бөлінеді) 
5) латеритті аймақтар көрсетілді. Бұл картада аймақтар Солтүстік 
жарты шар материктерінде ендіктерге сəйкес орналасқан болып 
келеді. Топырақтану ғылымының əрі қарай дамуына жəне Жер 
шары топырақтары туралы көптеген жаңа мағлұматтардың жиналу-
ына байланысты В. В. Докучаевтың ашқан топырақтардың ендік бо-
йынша аймақ болып таралу заңдылығын жаңаша кеңірек мағынада 
«топырақтардың таралуының көлденең аймақтық заңдылығы», – 
деп атау ұсынылды. Өйткені жер шарында топырақтардың белдік 
болып созылып орналасуы кейде меридиан бағытына да сəйкес келуі 
байқалды. Осындай құбылыстардың басты себебі, əрбір алқаптың 
мұхиттарға немесе орталық құрлық аймақтарға, таулы өлкелерге 
жақын немесе алыс орналасуына, яғни аймақтың климатының 
ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне байланысты болып 
келетіні.
Кейінгі жылдары дайындалған əлемнің топырақ карталарында 
топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына 
сəйкес орналасуы жəне басқада топырақ таралу құбылыстары 
көрсетілді (Л. И. Прасолов, 1937; И. П. Герасимов, 1956; В. А. Ковда, 
Е. В. Лобова, 1976).
В. В. Докучаев топырақтың аймақтарға бөлініп таралуы таулы 
өлкеде де байқалатынын анықтады. Кавказ тауларында етегінен 
бас тап жоғары көтерілген сайын, оның табиғатының жəне топырақ 
жамылғысының өзгеруін бақылап, зерттеп топырақтардың таулы 
өлкеде тік аймақ болып таралу заңдылығын ашты. В. В. Докучаевтың 
айтуынша, жер үстінің биіктігі өскен сайын əрқашанда топырақ 
түзуші факторлар – климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі заңды 
түрде өзгереді. Сондықтан топырақтар да тау етегінен бастап, оның 
үстіне көтерілген сайын заңды түрде өзгеріп отыруы тиіс. Яғни 
топырақтар таулы өлкеде де аймақ болып кезектесіп орналасады, 
бірақ ол көлденең бағытта емес тік бағытта байқалады.


287
Қазіргі кезде құрлық бетінде топырақ-климаттық белдеулер 
анықталған. Оларды анықтап жіктеу үшін климаттың ерекшеліктері 
ескеріледі. 
Осындай 
белдеулерге 
полярлық, 
бореалдық, 
суббореалдық, субтропикалық жəне тропикалық белдеулер жатады. 
Бұл белдеулерде оларға тəн, басқа белдеулерде жоқ топырақ типтері 
кездеседі. Ол типтердің түзілуінің термоэнергетикалық режимі 
ұқсас болып келеді.
Топырақ-климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыс-
тарына бөлінеді. Олардың атмосфералық ылғалдануының жəне 
өсімдік дүниесінің ерекшеліктері болады. Топырақ-биоклиматтық 
облыстары:
- орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар 
ылғалды облыс;
- далалық, ксерофитты-орманды немесе саванналы өсімдік 
жамылғысы бар далалық облыс;
- шөлейттің немесе шөлдің өсімдіктері жамылғысы бар құрғақ 
облыс болып бөлінеді.
Топырақ-климаттық белдеулерге қарағанда, биоклиматтық-
топырақ облыстардың топырақтары біртектес болып келеді. Соның 
өзінде де бұндай облыста бірнеше аймақтық топырақтар жəне оларға 
сəйкес интра аймақтық топырақ типтері кездеседі. Сондықтан 
əр биоклиматтық-топырақ облысы ішінде 2-3 топырақ аймағы 
кездеседі.
Топырақ аймағы бір немесе екі аймақтық топырақ типінің 
жəне осыларға сəйкес интра аймақтық жəне аймақ ішіндегі топырақ 
типтері таралған жер кеңістігі.
Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына, топырақ 
фацияларына жəне провинцияларына бөлінеді.
Топырақ аймақшасы – топырақ аймағына сəйкес таралған бір 
топырақ типшесі таралған жер аумағы.
Топырақ фациясы – жылу режимінің жəне жыл мерзімдері ішінде 
ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.
Топырақ өлкесі (провинциясы) – жылу режимі жəне жыл 
мерзімі ішінде ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ 
фациясының бір бөлігі.
Топырақ округы жəне топырақ ауданы – жер бедерінің жəне 
топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты 
қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.


288
Экологиялық факторлардың əр алуандылығына қарамастан 
олардың организмдерге əсер ету қасиеті мен тіршілік иелерінің 
жауап беру реакциясының бірқатар ортақ заңдылықтары бар. 
Организмнің қарқындылыққа немесе əсер ету күшінің факторына 
реакциясын жатқызуға болады. Жетімсіз немесе шамадан артық 
əсер ету организмнің өміршеңдігіне кері ықпал етуі мүмкін.
Алуан түрлі тіршілік иелерінің əртүрлі жағдайларда өздерін өте 
жақсы сезінулері бірдей емес. Мəселен, ылғалды жақсы көретін 
өсімдіктер ылғалды топырақты (капуста, қант қызылшасы), гүлді 
капуста көлеңкелі салқынды, кейбірі құрғақшылықты, ыстықты 
(қауын) ұнатады. Осы факторлар өсімдіктің өсу жағдайына өте 
маңызды ықпал жасайды. Бақылау нүктесінен барынша өсуі – 
оңтайлылық деп аталады. Бұл əдеттегідей – температураның 
көлеміне жатады. Жағымды күш əсерінің факторы (мөлшері) осы 
организм түріне оңтайлы зонаның факторы деп аталады. Ең азы-
нан (минимум) көбіне (максимум) дейін бар аралықта температура 
кезінде өсуге мүмкіндігі барды диапозон (көлемінің) тұрақтылығы 
дейді. Шектелу нүктесінен, яғни төмен мен жоғарының аралығы 
тіршілікке қолайлы температура – тұрақтылықтың шегі немесе 
сол түрдің шыдамдылық шегі болады. Осы экологиялық факторға 
қатысы бойынша шыдамдылық дəрежесін экологиялық валенттілік 
деп атайды. Организмнің экологиялық валенттілігі оның əр алуан 
ортаға қоныстану қабілеттілігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет