107
Гидротациялану (сулану) – сусыз
минералға су молекуласының
қосылуы. Бұл құбылыс тотықты алғашқы минералдардың сумен
қосылып, үгітілудің нəтижесінде екінші минералдарға айналады.
Мысалы:
гетит – Fе,0
3
+Н
2
0=2Fе0(0Н);
гидрогетит – 2FеО(ОН)+Н
2
0=Fе
2
0(ОН)
2;
лимонит – Fе
2
(ОН)
2
+п-Н
2
0=2Fе(ОН)
3
п-Н
2
0.
Тотығу. Үгітілу кезінде алғашқы минералдар ішіндегі тотықпаға
минералдар тотығады. Ондай минерал жоғарыда сипатталған темір
сульфиді.
2FеS
2
+70
2
+2Н
2
О=2Fе50
4
-Н
3
S0
4
одан
əрі
FеS0
4
+0
2
-Н
2
0
=Fе(ОН=Н
2
S0
4
, одан əрі Н
2
S0
4
+СаАІ
2
Sі
2
0
8
+4Н
г
О=Н
2
АІ
2
Sі0
8
2Н
2
0
+СаS0,-2Н
2
0, яғни бөлінген күкірт қышқылы алғашқы минералмен
реакцияға түсіп, ондағы негіздің орнына сутегі ионы барып, екінші
минерал каолин балшығын түзеді. Күкірт қышқылы басқа силикат-
тармен реакцияларға араласқанда тағы да басқа екінші əрі күкірт
қышқылы тұздары түзіледі. Ол жағдайлар одан əры реакцияға жол
ашады.
Ыдырау немесе гидролиз. Силикаттардың ыдырауы ондағы негізгі
иондардың сутегі ионымен алмасуы арқылы жүзеге асады.
Сутегі
ионының көзі есебінде суда еріген көмірқышқылы мен органикалық
қышқылдардың иондары атқарады.
Ыдырау құбылыстары жəне ыдыраған заттардан екінші
минералдардың синтезделуі көптеген
балшықты минералдардың
түзілуіне əкеледі.
Екіншілік минералдардың тұрақтылығы. М. Джексон (Гла-
зовская М. А.. 1981) екінші минералдардың үгітілуге жəне еруге
шыдамдылығы жөнінен төмендегідей бөлген.
Саны өскен сайын
шыдамдылығы артады.
1. Гипс, галит, мирабилит, т.б. тұздар,
2. кальцит, арагонит, доломит,
3. хлорит, нонтронит,
4. иллит, мускавит, серицит,
5. вермикулит,
6. монтмориллонит, бейделлит,
7. екінші диоктаэрикалық хлорйт,
8. аллофаны, каолинит, галлуазит,
9. бемит, гиббсит,
10. гематит, гетит, лимонит.