Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет44/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   162
kabysheva-topyraktanu

103
3-БӨЛІМ
ТОПЫРАҚТЫҢ КОМПОНЕНТТІК 
ҚҰРАМДАРЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
4-ТАРАУ
ТОПЫРАҚТЫҢ МИНЕРАЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
4.1. Топырақтың минералогиялық құрамының 
қалыптасуы
Топырақтың минерологиялық құрамы көп жағдайларда топырақ 
түзуші тау жынысының құрамына тəуелді болады жəне туынды ми-
нералдардан құралады. Бастапқы минералдардан: кварц, даналық 
шпат, слюда, авгит, магнетит, гематит, апатит көп тарағандары. Олар 
топырақтың инертті бөлігін – скелетін құрайды. Олардың мөлшері, 
əсіресе құмдақ топырақтарда көп. Бастапқы минералдар мүжілу 
процесінің нəтижесінде екінші минералдарды жəне өсімдіктердің 
минералдық қоректенуін қамтамасыз ететін элементтерді түзеді. 
Топырақта туынды минералдардан каолинит, монтмориллонит, 
кальцит, гипс, мирабилит, галит, гетит, пиролюизит, доломит жəне 
басқалары болады.
Туынды минералдар қарапайым тұздарға, гидрототықтардан, 
тотықтарға жəне саз минералдардан тұратын топтарға бөлуге бо-
лады. Қарапайым тұздар түріндегі минералдарға: кальцит (СаСо
3
), 
доломит [СаМg(Со
3
)
2
], сода (Na
2
Co
3
), гипс (CaSo
4
2H
2
O), магне-
зит (MgCo
3
), галит (NaCl), фосфаттар, нитраттар жатды. Тұздану 
дəрежесі осы тұздардың мөлшеріне байланысты келеді.
Бұл тұздар топырақта құрғақ климат жағдайында жиналады. 
Темірдің, алюминийдің, күкірттің, марганецтің тотықтары түріндегі 
минералдар бастапқы минералдардың мүжілуі нəтижесінде пайда 
болады.
Алюмосиликаттар жəне ферросиликаттар, каолиниттер, гидрос-
людалар, монтмориллониттер саздың құрамдас бөлігі болып табы-
лады. Сондықтан осы минералдар бар топырақтар сазды топырақтар 


104
деп аталады. Олар күшті дəрежеде уақталған, желімдеушілік 
қасиеті бар, яғни құрылымы жақсы, сіңіру қабілеті де жоғары. 
Осы саз минералдардың мөлшеріне топырақтың жабысқақтығы, 
су өткізгіштігі, ісінгіштігі ылғал сіңірімділігі тікелей байланысты 
келеді. Топырақ құрамындағы туынды минералдардың мөлшеріне 
өсімдіктердің қоректенуін қамтамасыз ететін топырақтың құрылымы, 
химиялық, физикалық, сулық, ауалық қасиеттері, құнарлығы тікелей 
байланысты болады.
Топырақтың қатты фазасының химиялық құрамы да топырақ 
түзуші жыныстардың құрамына сəйкес келеді. Топырақта кремний 
тотығы SiO
2,
органогендік элементтер С, Н, О, N, P, S, K, Ca, Mg көп 
мөлшерде кездеседі. Соңғылары өсімдік қорегінің көзі болып табы-
лады жəне топырақ құнарлығы солардың мөлшеріне байланысты 
болады. Өсімдіктердің қоректенуінде азот, фосфор, калий үлкен рөл 
атқарады. Азот топырақта нитраттар жəне аммоний тұздары түрінде 
кездеседі. Ол топырақ ауасының жəне гумустың (қарашіріктің) 
құрамына кіреді. Азоттың көптеген қосындылары өте жылжыма-
лы, оңай шайылады. Топырақтағы азоттың, фосфордың, калийдің 
жетіспейтін бөлігін минералдық жəне органикалық тыңайтқыштар 
арқылы енгізеді.
Топырақта өсімдікке зиянды: хлор, натрий, марганец, алюминий, 
магний сияқты улы элементтер де бар. Олардың мөлшері көп бол-
са, топырақты тұздандырады. Топырақта микроэлементтер де: бор, 
молибден, цинк, кобальт, йод бар. Бұлар маңызды физиологиялық, 
биохимиялық рөл атқарады. Топырақта аз мөлшерде радиоактивті 
элементтер кездеседі. Радиоактивті элементтер топыраққа 
табиғи жəне жасанды радиактивтілік береді. Топырақтың табиғи 
радиактивтілігі оның құрамындағы уранның, торийдің, радийдің 
мөлшеріне байланысты. Жасанды радиоактивтілік адамның атом 
энергиясын пайдалануынан туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет