124
Мұндай үгітілудің ең негізгі себебі – жер бетіндегі
температуралардың тəуліктік жəне маусымдық өзгеруі. Күн
сəулесінің əсерінен тау жыныстарының жоғарғы қабаттары
өздерінің бұрынғы қабаттары қатты қызады, ал
төменгі
қабаттары, көлемін ұлғайтады, осының əсерінен кернеу пайда бо-
лып жарықшақтар мен параллель беттерге бөлінуге əкеп соғады.
Тау жыныстары жату сипатына жəне қызыну жағдайларына
байланыс ты бұл жарықшақтардың тереңдігі əртүрлі болып, 2
мм-ден 10 мм-ге дейін жетеді. Күн сəулесі жынысты қыздыруын
тоқтасымен жоғарғы қабат суына бастайды да, сығылу процесі
басталады. Жыныстардың ішкі бөліктері өзінің температурасын
ұзағырақ сақтайды. Сондықтан оның
көлемі де көп өзгеріске
ұшырамайды. Осындай жағдайда жыныстың жоғарғы қабатында
пайда болған кернеу радиалдық бағыттағы жарықшаралардың
құралуына əкеп соғады. Жарықшаларға түскен су қатқан кезде
өзінің көлемін үлкейтіп, жарықшаларды керіп кеңейтеді.
Жыныстардағы көлденең жəне тік бағыттағы жарықшақтардың
саны біртіндеп көбейіп, соңында əртүрлі мөлшердегі тау жыныста-
рың сынықтары пайда болады. Бұл сынықтардың құрамында үлкен
тастардан бастап майда түйіршіктерге дейін кездеседі. Кесектердің
пайда болуына жеке жыныстардың жəне оларды құрайтын
минералдардың көлемдік ұлғаюы коэффиценттері мынадай: кварц –
0,00031, ортоклаз – 0,00017, кальцит – 0,00020.
Күрделі жыныстар минералдарының
ұлғаю коэффиценттері
əртүрлі болғандықтан, олар қарапайым жыныстарға қарағанда,
жылдамырақ үгітіледі.
4.8.2. Физикалық үгітілу
Физикалық үгітілу процесі түйіршіктердің өлшемдері 0,001
мм-ге жеткенше жүреді. Үгітілуге ұшыраған түйіршіктердің
өлшемдері 0,001 мм-ден кемігенде физикалық үгітілу тоқтатылады.
Себебі 0,001 мм-ден кіші түйіршіктер бірқалыпты қызынып,
суынатындықтан өздерінің өлшемдерін өзгертпейді,
физикалық
үгітілуге ұшырамайды.
Физикалық үгітілу, республика көлемінде алғанда, құрғақ,
ыстық аймақтарда немесе өте суық жерлерде, таулы аудандар-
да айқын байқалады. Құрғақ шөл далалық аудандарда күн мен
түннің температураларының ауытқуы 60
0
С, ал қыс пен жаздың
125
температураларының ауытқуы 50
0
С-ге жетеді.
Мұнымен қатар
күшті желмен көтеріліп ұшатын құм, тасты жыныстарлы қайрап,
тегістеп оларды физикалық бұзылуға əкеп соғады. Сондықтан шөл
жерлерінде сынған тастардың, шағал тастардың, құмның үйінді
түрінде жиналуы көптеп байқалады.
Физикалық үгітілу топырақ түзілу процесінде маңызды орын ала-
ды. Осы үгітілу нəтижесінде химиялық жəне биологиялық үгітілуге
негіз жасалынады. Жыныс бөліктері уатылғанда беттерінің үлестік
ауданы артады да осы себепті олар химиялық жəне биологиялық
үгітілу факторларымен оңай əрекеттеседі.
Достарыңызбен бөлісу: