Шөгінді жыныстардың жіктелуі
Рет
саны
Сынықтық
Химиялық
Органогендік
Бос
(борпылдақ)
Цементтелген
1
2
3
4
5
1
Шағал
тастар
Конгломерат-
тар, брекчийлер
Карбонаттық
жыныстар
Диатомиттер,
əктастардың көшілігі
2
Малта
тастар
Майда
түйіршікті
конгломераттар
сульфаттар
-
118
3
Құм
Құмдақтар
-
Кремнийлі сланцетер
4
Саз жəне
саздақтар
Сазды
сланцеттер
Галоидтар
Тас көмір
5
Лесс
Сазды
сланцеттер
Темір
тотықтары
-
6
Вулкандық
күлдер
Вулкандық
туфтар
Олиттік темір
рудалар
Мұнай
Бірінші топ сынықтық материалдардың түйіршіктерінің
өлшемдеріне жəне цементтеліп жабысу сипатымен айрықшаланатын
жыныстарды біріктіреді. Екіншілік топтағы жыныстар химиялық
құрамымен ерекшеленеді, ал үшіншідегілері – шөгінді жыныстардың
түзілу процесіне қатысатын тірі организимдердің түрлеріне байла-
нысты болады.
Шағал тастар негізінен, теңіздердің, көлдердің, тау өзендерінің
жағалауларында, əсіресе, тау өзендерінің көлбеу жазықтыққа шығу
тұстарында таралған. Теңіз жағалауларында олар енсіз (10 – 100 м)
жолақ түрінде таралып, майда құм аралас цементтенбеген əртүрлі
формалары ірі тастар жынысқа байланысты дөңгелек, сопақша жəне
басқа формалары болып келеді.
Құм түйіршіктерінің формалары көбінесе, бұрыштық болып
келеді.
Шағал тастар құнарсыз жыныстар. Олар орналасқан территория
тұрақсыз болып келеді. Өйткені өзен арнасы өзгерген сайын шағал
тастар орналасқан орын өзгеріп отырады. Сондықтан жерге орна-
ластыру жағдайында шағал тастар орналасқан территорияның ауда-
нын шартты түрде ғана есепке алады.
Конгломераттар – əк тас, кремнезем немесе саз түйіршіктермен
цементтеліп жабысқан шағал тастар. Олар ертеде теңіз түбінде не-
месе жердің терең қойнауында теңіз шегінген кезде пайда болған.
Жер бетінде, тауларда олар кейде қалыңдығы 10 м қабаттармен жа-
тады. Бұл жыныстар тек қана таулы аудандарда, мысалы Кавказда
таралған.
Брекчилер – цементтеліп жабысқан тас жатыстар, тау
жыныстарының күшті дислокацияға ұшырған аймақтарында
кездеседі. Олар бір қатты жыныстың екінші жыныспен үйкелу
процесінде пайда болатын жарықтарда жəне сырғу орындарын-
да құралады. Бречилер, салыстармалы түрде аз тараған. Топырақ
119
түзуші жыныс ретінде олардың, өздері пайда болған, қатты жыныс-
тардан айырмасы жоқ.
Құмдар – кең таралған борпылдақ шөгінді жыныс. Оның
90-95%, мөлшері 3 мм-ден 0,01 мм-ге дейінгі түйіршіктерден
құралған. Құмдар шығу тегіне байланысты өзендік, көлдік, теңіздік,
желдік болып бөлінеді. Олар барлық аймақтарда таралған. Алай-
да, олардың ең үлкен алқаптары шөлдерде жəне шөлді далаларда,
сонан соң өзен арналарымен террассаларында орналасқан. Жалпы
алғанда, құмдар құнарлы заттарға бай емес, сондықтан топырақ
түзуші ретінде кедей жыныс. Шөл далаларда табиғи жағдайда псам-
мофиттер дамыған.
Құмдақтар – кремний қышқылымен кейде саз түйіршіктермен це-
менттелген құмдар. Олар терең жер қойнауында жоғарғы қысымның
жəне температураның əсерінен түзелді. Жер бетінде негізінен SO
2
құралған жыныс ретінде таралған. Құмдақтар салыстырмалы
түрде аз таралған, негізінен таулы жерлерде, көне жыныстардың
ішінде таңдақ күйінде кездеседі. Саз түйіршіктермен цементтелген
құмдақтар, қабаттасқан күйде, сазды сланецтердің арасынан да табы-
лады. Осындай құмдақтар үгітіле келе майда құмдақ топырақтарды
түзеді.
Саздар (пелиттер) ақырын ағатын немесе теңіздердің, көлдердің
ақпайтын суларында майда түйіршікті материалдың шөгуінен пайда
болады. Түсі, химиялық құрамы, тығыздығы жағынан бұл жыны-
стар əрқилы болып келеді, бірақ олардың барлығында да диаметрі
0,01 мм кіші түйіршіктердің мөлшері 50% артық болады. Кейде саз-
ды қабаттар құм жəне шаң қабаттармен араласып, алмасып жатады,
бірақ көп жағдайда біртұтас шомбал массаны құрайды. Түсіне бай-
ланысты саз қабаттары қызыл сұр, қара қошқыл, ақ саз деп аталады.
Саз қабаттарының көпшілігі каолин, алюминий тотығы, темір жəне
марганецтен құралған. Сонымен қатар, олардың құрамында амор-
фты кремний қышқылы, жұқа уатылған кварц та болады. Таза као-
линнен түзілген жынысты фарфорлық саз деп аталады.
Саздар суды өте нашар өткізеді, осы себепті олар əрқашан да
су өткізбейтін қабатты құрайды. Олар газды да өте нашар өткізеді.
Сондықтан ісінуге қабілетті. Су сыйымдылығы жоғары деңгейде.
Жер бедері қолайлы болғанда саз қабаттарында құнарлы топырықтар
түзіледі. Бұл топырақтар ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары
өнім алуға жарамды.
120
Жамылғы саздықтар. Бұл жыныстар мұздық қабаттарда кең
түрде таралған. Бұлай аталуының себебі, олар теңіз шөгінділердін
(морена) жəне де басқа тау жыныстарын жамылғы тəрізді жа-
уып жататындықтан. Осындай жамылғының қалыңдығы бірнеше
ондаған сантиметрден бірнеше метрге дейін жетеді. Бұл саздықтар
қабаттасқан күйде болмайды. Механикалық құрамы жағынан
саздықты жəне ауыр саздақты, құрамында жұмыр тастар мен тастар
жоқ. Жамылғы саздақтарында түзілген топырақтарда жаңғақтық,
кейде призмалық құрылым айқын байқалады. Жамылғы саздақтар
бағалы топырақ түзілуші жыныс болып табылады.
Лесс (алеврит) шаңды саздақты борпылдақ жыныс. Бұл жыныс-
тың механикалық құрамында: мөлшері 0,05 – 0,01мм аралығында
болатын бөлшектер 50 – 60%, 0,01 мм-ден кіші бөлшектер 35-45%,
CaCO
3
3-5% бар. Жыныстардың қуыстылығы 50%. Түсі ақ-сұрдан,
күңгірт сарыға дейін. Төмен ылғалдылықта біршама қатты, биіктігі
5-10 м жететін тік қабырғаларды құруға, сақтауға қабілетті, ал
жоғарғы ылғалдықта отырыс береді. Осы себепті далаларда табақша
тəріздес ойпаң жерлерді кездестіруге болады.
Минералогиялық тұрғыдан қарағанда лесс кварцқа бай, сонымен
қатар оның құрамында далалық шпат, слюда, каолинит жəне монтмо-
риллонит кіреді. Лесс – ең жақсы топырақ түзуші жыныстардың бірі.
Ең құнарлы қара топырықтар осы лесс жыныстарында пайда болған.
Минерлогиялық тұрғыдан қарағанда лесс кварцқа бай, сонымен
қатар оның құрамына далалық шпат, слюда, каолинит жəне монт-
мориллонит кіреді. Лесс – ең жақсы топырақ түзуші жыныстардың
бірі. Ең құнарлы қара топырықтар осы лесс жыныстарында пайда
болған.
Теңіз жыныстары жəне теңіз жыныстарының қабаты – кең
таралған топырақ түзуші жыныстар. Бұл – қозғалыстығы
мұздықтармен əкелген борпылдақ, сынып бөлінген материалдар.
Мұндай жыныс қабаттарының механикалық құрамы əрқилы жəне саз
түйіршектерінің, құмның, малта тастардың, шағал тастардың жəне
жұмыр тастардың қоспасынан құралады. Сондықтан қоспадағы
материалдың басым көпшілігінде қарай сазды, саздақты, құмды,
құмдақты, тасты шағалды болуы мүмкін.
Химиялық құрамына қарай олар силикаттық жəне карбонаттық
деп бөлінеді. Біріншілерінің құрамында қышқыл жыныстардың
сынықтары (əртүрлі дəрежеде уақталған), мысалы, граниттің,
121
екіншілерінің құрамында карбонаттық жыныстардың сынықтары (əк
тастың, доломиттің) болады. Теңіз жыныстарын осылайша екі топқа
бөлудің үлкен шаруашылық маңызы бар. Силикаттық теңіз жыныс-
тарында көбінесе, қышқыл, құнары төмен топырырақтар дамиды.
Ал карбонаттық жыныстарда құнарлы топырақтар дамыған. Осы
жағдай орман типтерінің таралуына, шалғындық бірлестіктердің
ерекшеліктеріне əсер етеді.
Шөгінді тау жыныстары генезестік (түзілу) ерекшеліктеріне бай-
ланысты элювиальдық, делювиалдық, пролювиалдық, аллювиалдық
жəне коллювиальдық деп беске бөлінеді.
Элювий немесе элювиальдық деп тау жыныстарының үгітілген
жерінде қалып құралған бөлігін айтады. Бұл – іс жүзінде үгітілу
қабығы. Элювий төбелі – таулы жерлерде таралған, қабатсаздығы-
мен, сұрыпталмағандығымен ерекшеленеді. Біртіндеп ежелгі
жамылғы жынысқа айналады.
Делювий тау бөктерінің төменгі тұстарына жиналған май-
да топырақтардың тұнбасы. Мұнадй жыныстардың ерекшелігі –
бірнеше қыртысының (қабатының) болуы.
Пролювий – тау өзендерінің, бұлақтарының əрекетінің
нəтежесінде пайда болған жыныстар. Осы жыныстардан сағалық
конустар түзіледі. Конус төбелерінде ірі сынықтық материалдар жи-
налды. Ол материалдар жұмыр тастрадан, шағыл тастардан, малта
тастардан құралады. Ал төменгі жағында майда құмдар, тұнбалар
жиналды.
Аллювий – үлкен жəне кіші өзендердің тұнбалары. Өзен
жазықтарында, сағаларында пайда болып жиналды. Олар жақсы
сұрыпталған сумен жұмырланған майда түйіпшіктерден құралған.
Коллювий – тау бөктерлерінің табанында ауырлық күшінің
əсерінен, қар жəне мұз жылжуының əсерінен сынып жиналған ма-
триал.
Шөгінді жыныстардың ерекше тобын жер тұнбалары құрайды.
Олар жыныс бөлшектерін желмен ұшырып əкету нəтижесінде пай-
да болған. Əдетте бұлар жақсы сұрыпталған бөлшектер. Желмен
ұшқын бөлшектердің беттері кедір-бұдырлы болып келеді. Жел
тұнбаларының үлкен бөлігі, мөлшерлері 0,05-тен 0,25 мм-ге дейінгі
бөлшектерден (майда құм) құралады. Эол тұнбалары негізінен кварц-
тан тұрады. Олар дюндарды, бархандарды созыла біткен төбелерді
құрады. Мұндай құрылымдар шөлдерде, шөл далаларда таралған.
122
Түзілуі химиялық жəне биохимиялық жолмен өтетін шөгінді
жыныстарға əк тастар, доломиттер, бор қабаты, туфтар, кремнийлік
құрылымдар, сульфаттардың тұздары жəне хлоридтер жатады.
Əк тастар – негізінен шығу тегі бар, кеңінен таралған тау жыны-
сы. Негізінен кальциттен құралды. Құрамында аз мөлшерде, қоспа
түрінде, доломит, кварц жəне саз минералдар болуы мүмкін.
Бор карбонатты, кальциттен нашар цементтелген жағылғыш
жыныс. Бор, салыстырмалы түрде, аз таралған. Бірақ ол жер бетіне
шыққан тұстарда ерекше құрғақ торфты топырақта пайда болады.
Туфтар – борпылдық əктік массалар. Олар құрамы жағынан,
базальттық, тарихтық, болып келеді. Турфтардың үлкен аудандары
вулкандық жолмен пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |