Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Самавед (әндер ведасы), Яджурвед



Pdf көрінісі
бет14/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   217
философия хасанов

Самавед (әндер ведасы), Яджурвед (құрбандық ведасы), Атхарвавед 
(сиқырлы дұғалар ведасы); бірнеше Брахмалар, «жоғары сот» түсіндіріледі 
және салт бейнеленеді; Араньяки – «ормандық» ӛз жалғыздықтарында 
шындықты ойлайтындарға арналған мәтіндер; Упанишадтер (Брахма мен 
Атман туралы оқулар). 
Упанишадтер ведалық әдебиетті аяқтайды. Бұл әдебиеттерде ведадан 
кейінгі кезең (б.д.д. VI-V ғғ.) жайлы мәліметтер беріліп, діни-философиялық 
оқуларларда тереңінен қарастырылады. Бұл кезеңде Ежелгі Үнді жерінде 
құндылықтардың қайта бағалануы, қоғамдағы адам орны жайлы мәселелер 
жаңаша ойланып, алғашқы діни-философиялық мектептер пайда бола 
бастайды.
Жаңа индуизм дәуірі басында құндылықтардың қайта бағалануы, 
кӛптеген Үнді тұрғындары этностық топтарының ӛзге де мәдениеттер 
қатарын ӛзіне жинақтаған. Бұл синтетикалық діннің теологиялық негізі 
ортодоксальды (астика) және ортодоксальды емес (настика) үнді философия 
мектептерінде діни-философиялық жүйеде пайда болды. Қазіргі үнді тілінде 
«астика» және «настика», «теист» және «атеист» деген мағынаны білдіреді. 
Дегенмен, санскритпен жазылған философиялық әдебиеттерде «астика» 
сӛзімен «кім Веда белсенділігіне сенеді», немесе «кім ӛлімнен кейін ӛмірге 
сенеді» деген мағынаны береді. Ортодоксальды мектептер тәртіпке сай 
жұппен 
кӛрсетілген: 
санкхья/йога
миманса/веданта 
және 
ньяя/вайшешика. Ортодоксальды емес мектептерге буддизм, джайнизм
чарвака (локаята) жатады.
 
2.2. Санкхья 
 
Санкхья – дегеніміз болмыс ұстанымдары арқылы емделу, қарапайым 
кӛзқараспен ойлану деген мағынаны білдіреді. Кейбір деректерде бұл 
мектепті, оның негізін қалаушының мәртебесіне орай Капила деп те атайды.


 Бұл әмбебап, діни-философиялық оқу б.д.д. I мыңжылдықта Үнді 
жеріндегі ведалық элементтердің және ӛзге де діни мәдениеттердің 
жиынтығын ӛзіне жинақтаған. Бұл мектеп ӛкілдері қоғамдық ӛмірдің барлық 
жақтарын қатты реттеді және брахманизмді аяқасты сынады. Бұл оқу б.д.д. 
III-IX ғғ. кӛпшілікке танымал болды.
Санкхья екі ақиқаттың: пуруша және пракританың барлығын растайды. 
Пуруша танымның (чайтанья) ӛзінің негізі болып табылатынын айтады. 
Пракрита (материя) болмыстың субстанционалды негізі ретінде, үнемі дамып 
отыратындығын қарастырады. Ол субстанция сезімдерін қабылдамай, 
жіңішке түрде кӛрсетіледі. Материя туралы оқу себеп пен тергеудің 
ұстанымдарына негізделсе, тергеу (кариья) ӛз себебіне байланысады, ал 
себеп оның соңында сақталады. Бұдан шығатыны, материя табиғаты заттық 
дүние арқылы ашылады. Санкхья материяның кезеңмен, яғни психикалық 
және материалдық белгілер деңгейінде дамитынын кӛрсетеді: 
1) материяның дамуының бірінші кезеңінің нәтижесі махат, яғни таза 
сана (жекелеген барлық сананың қайсыбір субстраты); 
2) махаттан аханкара туындайды, яғни ӛзіндік «Мен»; 
3) «Мен» 11 ағзаны туындатады – 5 қабылдау ағзасы, 5 іс-әрекет 
(орындау) және он бірінші – байланыстырушы және басқарушы ағза – ақыл 
(«манас»). 
4) «Мен» сондай-ақ тағы 5 жұқа қабылдамау сезімдерін шығарады. 
Осылардың барлығының жиынтығы эмпирикалық жеке тұлғаның ішкі 
негізін, оның материалдық жанын – лингамды құрайды.
Капила осы элементтерді және олардың әрекеттерін толық 
қарастырады. Материя оның оқуында алғашында қуат түрін қабылдаса, яғни 
кӛзге кӛрінетін және кӛрінбейтін бүкіл дүниенің әртүрлілігін байқата 
отырып, Брахма затты «қатайтады». Дүниенің негізін құрайтын бес негіздің 
әрқайсысы «ӛрескелдік» деп аталатын материалдық элементтер немесе 
стихия («маха-бхутов»): 
- жер («притхви») – ең бастапқы немесе заттың қатты түрі; 
- су («джала») – әрекет ету ұстанымы немесе заттың сұйық түрі; 
- от («агни») – заттан қуаттың бӛліну ұстанымы; 
- ауа («ваю»)материяның қозғалу ұстанымы немесе заттың газ 
жағдайы;
- эфир («акаша»– кеңістік субстанциясы, қазіргі ғылым тілімен айтар 
болсақ, физикалық ауасыз кеңістік немесе физикалық сызық. 
Санкхьяда 
материяны 
құрайтын 
анағұрлым 
жұқа 
тұстар 
қарастырылады. Олардың ішінде негізгілері болып ақыл (индрии), ақыл 
(манас), интеллект (буддхи) және жалған эго (аханкара) танылады. 
Капиламен келісетіні, олар табиғаттың құрылымдық ӛзіндік бӛліктері болып 
табылады. Тіршілік әлемін біртұтас ағза ретінде, яғни адам денесі түрінде 
қарастырып, ол макро-микрокосма идеясын ұсынады Тіршіліктегі әр 
әрекеттің себеп-салдары болады («от» элементінің құрылымы). Сондай-ақ
тіршіліктегі әрбір нүкте бүкіл тіршілік әлемі жайлы ақпаратты игереді 
(«эфир» элементінің құрылымы), яғни бір тамшы суда бүкіл әлем бар. 


«Тӛменде жоғарыда не бар, соның бәрі бар» («ауа» элементінің құрылымы), 
яғни микроәлем мен мегаәлем құрылымдарының сәйкестігі. Дүниенің барлық 
элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, басқаша айтқанда («су» 
элементінің құрылымы), яғни «бәрі барлығында». «Жер» элементінің 
құрылымы, яғни қуатты айналдыру мен қорғау заңының әрекеттеріне тәуелді 
екендігі жойылмайды.
Басқаша айтқанда, санкхья Еуропа философиясы мен ғылымынан 
ертеректе пайда болған. Философия онтологиясында санкхья Құдай емес, ал 
пракрити дүниенің біртұтас екендігінің себебі іспетті. Бұл оқу Құдайдың 
барлығын ғана мойындайды, ол дүниені жаратушы емес, тек соның куәсі 
ғана дейді. 
Санкхьяның астрономиялық бӛлімінде – Джъотиша-шастра – біздің 
Күн планетамыздан әртүрлі арақашықтықта анағұрлым анық кӛрінетін және 
кӛрінбейтін басқа планеталардың кӛлемдері мен олардың айналыс 
жылдамдығы есептелген. Қазіргі астрономияның есептегеніндей, Күн 
системасында он планета емес, он сегіз планета бар. Ол сондай-ақ, ӛзіндік 
планеталар қатарына Айды және оның қасындағы ірі астероидтарды да 
қосады. Оларда ірі телескоп, ғарыш станциялары болмаса да Уран, Нептун, 
Плутон сияқты планеталардың барлығын білген. Күн системасының ең 
алшақ планетасы Прозерпиннің ашылғанына бар-жоғы аз ғана жылдар болса 
да, олар соны білген. Олар сол кездің ӛзінде-ақ Күн системасын қиып ӛтетін 
бес миллионға жуық (қазір 14 миллионы белгілі) жұлдыздардың орналасқан 
орындарын кӛрсеткен.
 Джъотиша-шастраның басқа бӛлімдері ғарыштық объектілердің адамға 
әсері жайлы айтқан. Кӛне арилер осы әсер етудің үш деңгейін оқыған: 
физикалық, астрологиялық және (сиқырлық) магиялық. Физикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет