Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет158/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   217
философия хасанов

 
 
 
 


9.4. В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, М.А. 
Бакуниннің философиялық және қоғамдық-саяси кӛзқарастары, 
нигилизмі 
В. Белинскийдің (1811-1848 жж.) кӛзқарастарында публицист және 
әдебиет сыншысы неміс философиясының, атап айтқанда, романтизм 
эстетикасының, Шеллингтің, Фихтенің, Гегельдің идеяларының әсерімен 
қалыптасты. Гегельге еліктеу із-түзсіз кетпеді. Белинский прогресті 
«қоғамның даму заңы» деп насихаттады. Бірақ ұзағынан «гегеляндық» бола 
алмады, 1840 жылдың басында прогрестің гегельдік тұжырымдамасының 
рационалдық детерминизмін сынға алынды. Ол «жеке тұлғаның, субъектінің 
индивидиумнің тағдыры әлем тағдырынан маңыздырақ» деп пайымдады. 
Белинскийдің «атаққұмар» кейіпкері «идеялардың идеясы – 
социализммен» тікелей байланысты болды. Шындық пен қажыр-қайратқа 
негізделген қоғамдық құрылыстың идеалы, бәрінен бұрын тұлғаның тәуелсіз 
құқығы, әлеуметтік және саяси қанаудың кез келген формаларынан 
бостандығы шындыққа толы болып, іске асырылуы керек. Публицист бұл 
құрылысты оңай түсінді, социализм кезінде бай да, кедей де, патша да оған 
берілгендер де, ағайындық та болмайды деп сенді. 
Ол «метафизикалық түрде мықты емес... ӛлі әрі ессіз табиғат 
индивидумға ӛгей шеше секілді қарайды деп жазды. Егер табиғат аяусыз 
болса, онда ол әр адамға қамқорлық жасайды. Виссарион Белинский қатаң 
философия жүйесі сияқты жеке антропология жасаған жоқ. 
Алайда оның ойлары антропоцентристік сипатта болды.
Бұл ойды Белинскийден басқа да батысшылдықтың ӛкілдері бӛлісті. 
А.И. 
Герценнің 
(1812-1870 
жж.) 
әдеби-философиялық 
шығармашылығының негізіне халықтық пен орыстың крестьяндық 
социализмі теориясы жатты. Герценнің кӛзқарастары қалыптасуына 
декабристердің кӛтерілісі әсер етті. 14 жастағы бала декабристердің 
кӛзқарасынан кейін Мәскеуде І Николай-дің коронациясы кезінде қаза 
болғандардың ӛшін алу үшін осы тақпен, осы альтармен күреске ӛз ӛмірін 
арнауға ант берді («Ӛткендер мен ойлар»). 
Ол Воробьев тауларында досы Огаревпен бірге ӛз ӛмірлерін 
декабристер бастаған күреске арнауға ант етті. 
Герцен ӛзінің рухани ӛсуі кезінде гегеляндыққа еліктеудің кезеңінен 
ӛтті, ол оның философиялық сипаттағы еңбектерінде байқалды. Жас кезінде 
ол Шеллингтің, романтиктердің, француз ойшылдарының (әсіресе 
Вольтердің) және социалистердің (Сен-Симон), Фейербахтың ықпалында 
болды. 
ХХ ғасырдың 40-жылдарының басында Сен-Симонның революциялық 
кӛзқарастарын насихаттағаны мен оған еліктегені үшін тұтқындалып, 
айдауға жіберілді. Ондаған жылдар ӛткеннен кейін Францияға эмиграцияға 
кетіп, «Полярлық жұлдыз» және «Қоңырау» қоғамдық-саяси журналдарын 
шығара бастады. Онда «сол заманның күңгірт кезеңдерін», самодержавие 


мен православиені қолдайтын крепостнойлық құқық пен славянофилдерді 
сынға алды. 
«Қоңырау» журналының беттерінде «Русьті балтаға шақырыңдар!» 
деген үндеуі дүние жүзіне тарап кетті. 
Герценнің философиялық ойлары терең экзистенциальды болатын, ол 
Еуропа мен Ресейдің тағдырларына қайғырды. Әлеуметтік әділетті іске 
асыратын жаңа қоғамдық идеал жасауға діни-социалистік идеалдарды іске 
асыру мүмкіншілігін таппады. Герценнің кӛзқарастары буржуазиялық және 
социалистік революция қарсаңында орыс интеллигенциясының санасындағы 
қарама-қайшылықты кӛрсетті. 
«Ғылымдағы дилентантизм» мақалалары циклінде ол таным және 
әлемнің революциялық ӛзгеруі (революция алгебрасы) мен қайта ӛзгеру 
құралы ретінде гегельдік диалектиканы талдап, негіздеді. 
Оның ойынша, адамның болашағы қоғамдағы антагонистік қарама-
қайшылықты революциялық жолмен «алып тастауға» әкеп соғуға тиіс еді. 
Шындық ӛмірден алыс ғылыми және теориялардың орнына шындық ӛмірмен 
тығыз байланысқан ғылыми-философиялық білім келеді, осындай дамудың 
нәтижесінде «материя мен рухтың» қосылуы пайда болады.
Герценнің айтуынша, орталық шығармашылық күш «ӛмір пульсінің 
әлемдік шындықпен соғуы», «мәңгілік қозғалыс» адам осы әмбебап үрдістің 
«жалпыға ортақ парасаты» ретінде кӛрінеді.
Бұл идеялар оның философиялық шығармалары «Табиғатты зерттеу 
туралы хаттарында» (1845-1846 жж.) дами бастады. Герцен социализмді 
жақтаушы ретінде болса да оны сынға алды және қоғамдық қатынастың ең 
үздік формасы ретінде қарастырды. Ол былайша болжады: «Социализм 
ӛзінің барлық фазасында жӛнсіздікке дейін ӛрістейді...», «... қайтадан күрес 
басталады, онда социализм қазіргі консерватизмнің орнын басады және бізге 
белгісіз болашақ революция оны жеңеді». 
Герцен ӛзінің шығармашылық жолының соңында Батыс Еуропаның 
«ұсақ буржуазиялық рухына» түңіліп, 1848 жылғы революциясынан 
жабырқап, қоғамдық ӛмірдің революциялық қайта құрылуының идеяларынан 
наразы болып, бас тарта бастайды. Сонымен қатар ол «біртіндеп» әлеуметтік 
реформаларын жақтай бастады. Ол орыстың деревнялық қауымдастығы мен 
артеліне баса кӛңіл аудара бастады. 
Герцен 
кейіннен 
ӛзінің 
«Алыстан 
жазылған 
хаттарында» 
индивидуализмге (эгоизм) негізделген жаппай сананың жаңа типін 
тудыратын Батыс ӛркениетін пессимистік түрде бағалайды. 
Қоғамдық ӛмірде тұлғалар ӛшіріліп кетіп жатты, ... Адамдар тауар 
ретінде жаппай тарай бастады, бірақ олар кӛп те, күшті де еді. Жалпы 
тасқындағы сарқыраманың шашыраған сулары секілді жеке тұлғалар жоғала 
бастады. Осыдан келіп «жақыныңның ӛмірге селқос қарауы» біз үшін 
жағымсыз, Батыс үшін табиғи нәрсе болып саналады. 
Герценнің мойындауынша, еуропалық прогреске кӛңілінің қалғаны 
«адамгершілігінің ӛлімінің шегіне» әкеп соқты, одан оны «Ресейге деген 


сенімі» ғана құтқарды. Ол ӛз елінің жарқын болашағын «крестьяндық» 
социализммен байланыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет