тәсілмен жіктеп, жүйелендіру, олардың пайда
болу себептері мен қоғам
оларды шеше алатындай жағдайларды ұғыну аса маңызды. Жоғарыда аталған
критерийлер мен ерекшеліктердің негізінде келесі ғаламдық мәселелер бӛліп
кӛрсетіледі:
– әлемдік термоядролық соғыстың алдын алу;
– барлық халықтардың дамуына бейбіт жағдайды қамтамасыз ету;
– артта қалушылықты жою, жер бетінде аштықты, қайыршылық пен
сауатсыздықты болдырмау арқылы дамыған және дамып келе жатқан елдер
арасында экономикалық деңгей мен адам
басына шаққандағы табысы
арасында ұлғайып бара жатқан алшақтықты жою;
– дамып келе жатқан елдерде халық санының қарқынды ӛсуін
(«демографиялық дүмпу») тоқтатып, дамыған капиталистік елдерде «де
популяция» қаупін жою;
– қоршаған ортаның, соның ішінде атмосфераның, Дүниежүзілік
мұхиттың апатты ластауының алдын алу;
– адамзаттың одан әрі экономикалық дамуын қалпына келетін және
қалпына келмейтін қажетті табиғи қорлармен; оның ішінде азық-түлікпен,
ӛнеркәсіптік шикізатпен және қуат кӛздерімен
қамтамасыз ету; ғылыми-
техникалық революцияның тікелей алшақ кері салдарының алдын алу.
Ӛткен ғасырдың 70-жылдарындағы осы мәселелері Рим клубының ӛз
қатарында түрлі елдердің белгілі ғалымдарын, мәдениет қайраткерлерін,
кәсіпкерлерін, мемлекеттік қайраткерлерін біріктіретін кӛрнекті дүниежүзілік
ұйымның зерттеу нысанына айналды. Бірнеше жыл қатарынан бұл ұйымды
ірі итальян кәсіпкері әрі экономист
Аурелио Печчеи (1908-1984 жж.)
басқарып келген.
Ӛзінің атақты «Адами қасиеттер» кітабында ол 70-жылдардың
басына
қарай әлемде қалыптасқан экологиялық жағдайды дағдарыстық жағдай реті-
нде атайды. Ол материалдық құдыреті ӛз шыңына жеткен адам ғаламшарды
ӛз империясына айналдыра бастағанын баса кӛрсетеді, ал бұл экологиялық
апатқа апарары сӛзсіз. Адам баласы ӛзінің күннен күнге ӛсіп бара жатқан
ұмтылыстары мен қажеттіліктерінің салдары жӛнінде еш ойланбастан, ӛзінің
тойымсыз
тұтыну
тәбетін
одан
бетер
ұлғайтуда.
Адаммен
қалыптастырылатын алуан қырлы жасанды әлем табиғатты одан әрі шеттету-
де.
А. Печчеи ғаламшар кӛлемінің шектелгендігі адамның табиғатқа
қатысты экспансиясының да шегін болжайтындығы туралы тұжырымға келе-
ді. Мұндай тұжырым әлемдік мәдениетте басым келетін ӛндірістік
кӛрсеткіштердің тоқтаусыз ӛсуіне бағдарланған бағытқа қайшы келіп, адам-
ның табиғатқа қатысты ойлауының жаңа стилінің символына айналды. Осы-
ның нәтижесінде адамның табиғатқа деген жаңа құндылықты қатынасы, яғни
қоғам қажеттіліктері мен табиғат мүмкіндіктерінің салыстырмалы түрде
ӛлшеулі қатынасы қалыптаса бастады.
ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап шектелген даму тұжырымда-
масының орнына Рим клубының адамзаттың үздіксіз дамуы мен органикалық
ӛсуі туралы жаңа тұжырымдамасы келеді. Бүгінгі әлем дамуының жаңа
үлгісін
негіздей келе, Рим клубы атынан М.Месарович ғаламдық мәселелер
ретінде келесілерді атап кӛрсетеді:
– жер халқы санының ӛсуін азайту;
– қалпына келмейтін қорлардың пайдаланылуын қысқарту;
– қоршаған ортаның ластану және қиратылу деңгейін азайту;
– теңсіздікті азайту;
– аштық пен кедейлікті жою.
– Нобель сыйлығының иегері, ғалым этолог әрі философ
Конрад Ца-
Достарыңызбен бөлісу: