Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
112
Заман өзгерген сайын адам баласы да заман ағымы талаптарына жауап беруге талпынып дамуда.
Осындай заманауи тұлғаның дамуында өткеннен сабақ алып, ұлы қазақ зиялыларының ұлттық идеяны
көтерген мәселерін өнеге ретінде алып заманауи ағымға енгізіге отырып, қоғамдық даму бағытының
тұғырына айналдыру мемлекетіміздің міндететрінің біріне айналуда. Зерттеу тақырыбымыз
ұлттық иедя
болғандықтан қазіргі кезеңде пікір таластарда көтеріліп жүрген ұлттық идея, ұлттық идеология,
мемлекеттік доктрина мәселелері болып отыр. Аталған ұғымдар филасофия ғылымдағы ең басты бағыт
– билікпен тығыз байланысты. Теориялық негіздерге сүйенсек саясат әлеуметтік хаостан шығудың жолы,
ал билік сол берекесіздіктен шығудың құралы. Билік ұғымымен бірге пайда болған категорияның бірі –
саяси идеялар. Билікті жүзеге асырушылар мен асыруға ұмтылғандардың арасында билік мәселесіне
байланысты, әсіресе бөліс,
шешім қабылдау, реттеуге, мәжбүрлеуге байланысты көзқарас алшақтығы
пайда болады. Міне осындай көзқарас, пікір қайшылығын біз идеологияның ежелгі кезеңіндегі көрінісі –
мифологиядан, діни ағымдардан да көре аламыз [1]. Ұлттық идеяның алғашқы көрінісі ретінде әлеуметтік
және саяси идеялардың негізге ала аламыз. Ежелгі Шығыстағы және ежелгі Римдегі идеалды билеуші
туралы, ежелгі Грециядағы идеалды мемлекет туралы саяси ойлардың пайда болуы осыған мысал деп
толықтай айта аламыз.
Классикалық ғалыми арнада қоғамдық идеалдар туралы ілімнің негізін
Платон мен Аристотель
қалыптастырды. Егер Платон болмайтын идеалдарды жүйелеп дамытуға тырысса, ал Аристотель,
керісінше бар нәрсенің идеалды нормалары туралы ілім жасап, оған қарсы тұрды [2]. Орыс философы
князь Трубецкой идеалдардың утопиялардың күйреген, «апатты жағдайларда»
пайда болатынына мең
берген болатын. Өзін-өзі тану «күйреу жағдайын» бастан кешіру барысында басталады және болашақ
дамудың идеалдарын туғызумен аяқталады. Идеалдар жүзеге аспай, утопияға айналып, дағдарысқа
ұшыраған кезде тағы «күйреу» басталады. Бұл процесс адамдар бірлестігі бар жерде үздіксіз болатын
құбылыс. [3]
Ұлттық идеялар мен идеологиялардың қалыптасу кезеңін зерттеушілер
жаңа дәуірмен байланыс-
тырады. Өйткені ұлттық идеяның ұлттардың қалытасу дәуірінде пайда болғандықтан «ұлт» ұғымының
мазмұнын ашпастан ұлттық идея ұғымының мазмұнын аша алмаймыз деп ойлаймыз. Бір біріммен
сабақтас ұғым болғандықтан бұл мәселеге басты назарда тоқталу керек.
Енді «Ұлт» ұғымына байланысты зерттеулер де, пікірлер де көп. Мысалы, ХІХ-ХХ ғ. басындағы
Мадзини, Актон, Ренан, Масарик, Соловьев және т.б. ойшылдар ұлттарды жаңа әлеуметтік құбылыс
ретінде қарады, оның негізгі белгісі рухани дүниеде дей келе, ерекше ұлттың өзін-өзі тануы деп есеп-
тейді. Бүгінгі таңда «Ұлт» сөзіне негіз болған «нация» сөзі латын тілінде қандас туыстарға байланысты
қолданылған болатын. Ағылшын ғалымы Уокер Коннор «нация» сөзі Англияда ХІІІ ғ. латын тілінде-
гіндей қолданыста болса (қандас туыс), ал ХVІІ ғасырға қарай белгілі
бір елдің жалпы тұрғындарын
атауға байланысты, олардың әртүрлі этникалық топтарға жататына қарамастан қолданыла бастаған деген
пікірге келген. Ол буржуазиялық революциялр кезінде «нация» ұғымы мен «мемлекет» ұғымының
синоним ретінде қолданыла бастауына себеп болған Локк және Руссоның «халық суверенитеті»
теорияларының әсері деп санаған [4]. Энтони Д. Смитт ұлттардың қалыптасуына Батыстағы үш түрлі
революциялар – еңбек бөлісіндегі, басқаруды бақылаудағы, мәдени координациядағы - әсер етті дейді [5].
Карл Дойч «ұлт...ол әлеуметтік мәжбүр етудің бірқатар институттарының үстінен бақылау орнатуға қол
жеткізген халық және ол өзінің тарихи даму болшағында толыққанды ұлт-мемлекет ретінде қалыптаса
алады, ал ұлтшылдық жеке қауіпсіздік пен топтық етенелесу мақсаттарды топтық мүдделерді жүзеге
асырудан көрініс табатын осы ұлт пен оның мүшелерінің әлеуметтік белсенділік, мүдделер мен лауазым-
дар сферасында өзге ұлттармен бәсекелестік мүдделестікке ден қоюы», деген мағынаны берген[6].
Революциялық дәуірде әр түрлі этникалық топтардан тұратын қоғамдардың өзінде экономикалық
біртұтастықпен бірге, енді саяси біртұтастық қалыптасады және революцияның барысында,
әсіресе
сыртқы факторларға байланысты ортақ идея – ұлттық идеялар қалыптаса бастайды деп нық айта аламыз.
Біртұтас идеялар немесе ұлттық идеялардың негізінде басқа халықтармен бәсекелестік немесе сырттан
келген жаулап алушыларға деген наразылық бар екендігі дәлелденген құбылыс. Кеңестік дәуірдегі
зерттеушілердің көпшілігі «ұлт» бұл капиталистік дәуірдің туындысы деген теорияны негіздеген. Бұл
пікірді де қарастыруға болады. Себебі капиталистік қатынастар бір мемлекеттің құрамындағы әр түрлі
этникалық топтардың өзара араласуын және ортақ мүдденің, ортақ дүниетанымның қалыптасуына әсер
етті. Осы процестерге негіз болған орта ғасырлардағы кітап шығарудың кең тарауы және Ұлы
географиялық ашылулар болды. Мысалы, Францияда 1470-1600 жылдар аралығында 12 мың атаумен, ал
Италияда 20 мың атаумен кітап басылса, ал Германияда 1564 жылдан бастап есептегенде Франкфурттегі
кітап жәрменкесіне 39 жыл ішінде 20 мың кітап шығарылып сатылған [7]. Кітаптың кең тарауы ортақ