Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж. 262
мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев қарсы алды. Содан кейін Түркия Президентінің кортежі Қазақстан
басшысының резиденциясын бетке алды.
«Қазақстан басшысы екі ел мемлекет арасында серпінді дамып отырған дәстүрлі достық қарым-
қатынастардың алдағы уақыттарда жалғасын таба беретініне сенім білдіреді. Түркия Президенті өз елінің
Қазақстан мен және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастық байланыстарды
дамытуға деген бағыты өзгермейтін, әрі мұның өзі Түркияның аса маңызды сыртқы саяси басым-
дықтарының бірі болып қала беретінін атап көрсетті [9]».
«Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тәуелсіздігі жарияланған сәттен бастап жоғары деңгейдегі тығыз
қарым-қатынас орнату нәтижесінде Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы барлық ауқымды
экономикада, саясатта, әлеуметтік және гуманитарлық салаларда ойдағыдай дамып отырғанына айрықша
тоқталды [10]».
Мемлекет басшылары өзара мүдделі халықаралық проблемалар төңірегінде де бөлісіп, аймақтық
қауіпсіздік ауқымында Орталық Азиядағы саяси ахуал жайында пікір алысты. Екі ел басшылары
терроизм қатеріне, есірткі тартуға діни және саяси экстермизмге жол бермеу ынтымақтастық қажет
екендігімен келісті.
Н.Назарбаев пен А.Сезер сондай-ақ Еуразия кеңістігінде тұрақтылықты нығайту жөнінде Астанамен
Ақмоланың көзқарасы ортақ болып табылатын қуаттады.
«Президенттердің екеу ара кездесуінен кейін делегациялады кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті.
Келіссөздер барысында аймақтың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық өркендету үкіметаралық
комиссияның жұмысы, сауда-саттықпен инвестициядағы, энергетикадағы, техника мен жабдықтар
жеткізудегі өзара іс-қимылды одан әрі жанжандыру мәселелері қаралды.
Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер аяқталғаннан кейін екі жақты құжаттарға қол қою режимі болды.
Президент Н.Назарбаев Президент А.Н. Сезер терроризмге қарсы, күрес саласындағы ынтымақтастық
туралы бірлескен деклорацияға қол қойды».
Елбасы журналистер алдында өзінен Түркиялық әріптесін Қазақстанға тұңғыш сапарымен
құттықтады.
Сезер мырза Түркия Президенті болып сайланғаннан кейін – деді Н.Назарбаев, - алғашқы ресми
сапарын туысынан түрік тектес мәліметтерді бастайтынын айтқан еді. Қазақстан басшысы тоғыз жылға
жуық тәуелсіздікке екі ел арасында көп жұмыс атқарғанын, 66-құжатқа оның ішінде 49 мемлекетаралық
құжатына қол қойылғанын айтып өтті [11].
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне байланысты үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанда
Түркиядағы Қазақстан елшілігі салтанатты жиын ұйымдастырды. Аталмыш жиынға Түркия Республика-
сының мемлекеттік министрі Абдулхамед Мехмед Чай, Түркияның ынтымақтастық және даму
агенттігінің (ТИКА), төрағасы О.Қабасақал және белгілі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері
қатысты.
Жиынның басында елшілік дайындалған Қазақстанның өткен жылғы жер сілкінісі кезінде түскен
Түркияға берген көмегі туралы бейне фильм көрсетілді. Одан кейін Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігінің 9 жылдығы туралы баяндама жасаған Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті
елшісі Қайрат Сарыбай мырза еліміздің ішкі және сыртқы саясаты мен экономикалық салалардағы
жетістіктеріне айрықша тоқталып өтті.
2000 жылы 20-қазандағы тек қана халық үшін ғана емес, бүкіл түрік дүниесі үшін маңызы үлкен
Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойына түрік тарапы Қ.А. Ясауи кесенесін қалпына келтіру
жұмыстарын ойдағыдай аяқтап, тойға тарту екендігін мәлімдеді.
Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың айқын дәлелі Түркияның бірнеше қалаларында
өткізілген Қазақстан-Түркия достық кештері ерекше бағаланып, бұл қарым-қатынастарын нығайтуға
үлкен себептерін тигенін атап өтті. «Осы шаралар шеңберінде Анкарада ұйымдастырылған концерттен
түскен қаржыны, 1999 жылы Түркияда болған жер сілкінісінен зардап шеккен балалар қорына аудару
туралы шешім қабылдағанын және бұған қоса ел ішілік қызметкерлерін де қаржылай үлес қосқанын тілге
тиек ете отырып, Қайрат Сарыбай осы қаражаттың шегін салтанатты түрде мемлекеттің министрі
Абулқамұқ Мехмет Чай мырзаға табыстады».